Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia_shpor_Meteo_4gruppa.docx
Скачиваний:
127
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
923.9 Кб
Скачать

47.Автотранспорт және телеэнергетика атмосфераның ластануының көзі

Туындап отырған экологиялық мәселе Жердің климатын түбегейлі өзгертетін «парниктік» жылыну деп аталатын мәселе мен қиындатылып отыр. парниктік эффектінің болуы – біздің планетамызда өмір сүру жағдайын нашарлатады (парниктік эффект болмаған жағдайда жер бетіндегі орташа температура 34 оС –дан төмен болады).

Парниктік эффектінің болу себебі, жер бетінен бөлінетін жылудың бір бөлігі атмосферада жинақталады да, оның жылынуына әкеледі. Жылуды осылайша ұстап қалатын газдарға су буы, СО2, СО, NxOy, метан, озон және т.б. «парниктік газдар» деп аталатын газдар жатады. Осы газдардың концентрациясы қаншалықты жоғары болса, парниктік эффект соншалықты күштірек болады. Адам қызметімен байланысты ластаушы көздерден ең көп мөлшерде шығатын қосылыс көміртек диоксиді CO2. Қазіргі таңдағы оның эмиссиясы 22 млрд. т/жыл құрайды. Бірақ парниктік жылыну қауіптілігін озон, метан, азот оксидтері сияқты газдардың концентрациясының артуына байланысты деп айтылуды.Атмосфераның ластануынан адам денсаулығына кері әсер тиген кезде адамдар дабыл қағады. барлық адамдардың денсаулығына олардың ықпалы артынан үрейлердi жиiрек шақырады. Екi газ- О3 және азоттың оксидтерi, тыныс алу жолдарын нашарлатады. Озон өкпе жұмысын әлсiретедi, жоғары концентрациядағы азоттың оксидтерi демiкпе ауруына шалдыққан адамдар үшiн аса қауiптi.Көздің тітіркенуін тудыратын азотты қосылыстарға – пероксиацетилнитрат оны көбінесе ПАН деп атайтын қосылыс жаталы. Бұл транспорттар туғызатын жалғыз ғана мәселе емес. Автокөліктерден басқада ластағыштар шығарылады қорғасын (РЬ) және бензол (С6Н6). Автокөліктердің қозғалтқыштарының жұмысын жақсарту мақсатында антидетонатор ретінде қорғасынның тетраалкилдерін қолданудағы жетістіктер автокөліктер көп қалаларда қорғасынның көп концентрациясының жиналуына алып келді. Әсіресе автокөліктер көп жүретін магистраль жанындағы қалаларда қорғасын көп мөлшерде жер бетіне тұнатын. Қорғасын улы және онымен адам денсаулығына байланысты бірқатар мәселелерді туындатады. Айналада қорғасынның ең аз концентрациясының өзінде балалардың шығармашылық дамуын төмендетеді деген зерттеу нәтижелері қазіргі кезде ең қауіпті болып отыр.

Бензол – автокөлік жанармайынан бөлінетін ластаушы компонент. Ол тазаланбаған мұнай құрамында табиғи түрде кездеседі, сонымен қатар ол пайдалы компонент болып табылады, себебі ол құрамында қорғасыны жоқ бензиннің алдын-ала жанып кетуін болдырмайды. Құрамында жоғары концентрацияда ароматты көміртектері бар жанармайды пайдаланатын аудандарда түтінді-тұманның (смогтың) бірден артуы байқалды деген мәліметтер бар. Қала атмосферасындағы осы көмірсутектердің реакционды қабілетін өте жоғары. Осыдан келесідей қорытынды шығаруға болады – белгілі бір экологиялық мәселенің шешімі (бензиннің құрамындағы қорғасынды азайту) екінші оданда күрделі экологиялық мәселеге (ароматты көмірсутектердің реакцияға қабілеттілігі жоғары болғандықтан фотохимиялық түтінді-тұманның көбеюі) әкелуі мүмкін. Бензол рак ауруын қоздырғыш болып табылады. Планетамызда қолданылатын бензолдың 10% (33 Мт • жыл-1) атмосферада жоғалып кетеді деп саналады. Бензолдың жоғары концентрациясын қала ауасында кездестіруге болады және олар рак ауруымен ауыратын адамдардың санының артуына себепкер болады. Бензиннің құрамында үлкен концентрацияда кездесетін ароматты көмірсутектерге толуол (С6Н6СН3) жатады. Толуол бензолға қарағанда ракты қоздыру көрсеткіші төмен, бірақ оның басқада кері әсерлері бар. Оның ең маңызды реакцияларының бірі лакриматор болып табылатын пероксибензилнитраттың түзілуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]