Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia_shpor_Meteo_4gruppa.docx
Скачиваний:
127
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
923.9 Кб
Скачать

5.Биосферада тірі заттың шоғырлануының формалары қандай?

Биогеоценоз (экожүйе)- әртүрлі организмдердің (өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер) бір-біоімен тығыз байланысқан және оларды қоршаған өлі табиғатпен (биотоптар) зат және энергия алмасатын тұрақты тобы. Биогеоценозға кіретін орагнизмдерді үш функционалды топқа-продуценттерге, консументтерге және редуценттерге жатқызуға болады. Продуценттер автотрфты организмдердің (фото-және хемосинтетиктер) тобын құрайды, олардың биотоптардан анорганикалық заттарды пайдаланады, күн сәулесі энергиясын (немесе анорганикалқ заттарды тотықтырған кезде бөлінетін энергияны) пайдаланады және органикалық заттарды синтездейді. Бұл топқа өсімдіктер және кейбір бактериялар жаады.

Консументтер –гетеротрофты организмдер, олар дайын органикалық заттарды (тамақ түрінде) энергия көзі ретінде және олардың тіршілік етуіне қажетті заттарды пайдаланады. Консументтерге барлық жануарлар, кейбір саңырауқұлақтар, бактериялар, өсімдіктер (жыртқыш өсімдіктер, паразит өсімдіктер) жатады.

Редуценттер- ыдыратқыштар, олар орагизмдердің қалдықтарын шірітіп-ыдыратып анорганикалық жай қосылыстарға айналдырады. Биоценоздың аталған үш компоненттерінің арасындағы трофикалық қатынас биогеоценоздың барлық экономикасын, яғни энергия ағымын және зат айналымын анықтайды.

Продуценттер минералды заттарды және күн энергиясын сіңіріп, өздерінің дене құрылысын құрайтын органикалық затарды түзеді, сөйтіп күн энергиясы химиялық байланыстар энергиясына айналады.

Консументер продуценттерді және бір-бірін жеп (өсімдік жегіштер, жыртқыш және паразит организмдер), қоректік органикалық заттарды ыдыратып, оларды және бөлінген энергияны өздерінің дене мүшесін құруға және тіршілік етулеріне жұмсайды.

Ал редуценттер өлген организмдердің органикалық заттарын ыдыратып, өздеріне қажетті материалдар мен энергияны алады. Редуценттер анорганикалық заттардың қайта келуін қамтамасыз етеді, бұл қайтарылған анорганикалық заттарды продуценттер қайтадан пайдаланады. Заттардың ылғи да осылай айналысы биогеоценоздық, минералдық заттар қорының аздығына қарамастан, ұзақ уақыт өмір сүруінің кепілі болып табылады.

6.Биосфераның космостық рөлі

Биосфера және космос. Тіршілік космостық құбылыс болып табылады.

Биосфераның космостық ортасы тіршілікке қажетті қолайлы экологиялық жағдайларды анықтайтын күн энергиясының көзі болып табылады.Күн сәулесі ғаламдық экожүйесінің тіршілігіне күшті әсер етеді. Биосфераға келіп түсетін күн энергиясының балансы кестеде көрсетілген.Күн сәулесінің энергиясының таралуы.

(биосфераға жылдың мөлшерінен %)

Таралу түрі

Үлесі %

Шағылыстыру

Жылуға айналу

Булану, жауын-шашын

Жел, толқын, ағыс

Фотосинтез

30

45

23

0,2

0,8

Жер интенсивті космостық радиациядан магнит өрісімен қорғалған. Егер бұл өріс болмаса, космостық сәулелер қысқа уақыт аралығында атмосфераның барлық ауасын иондар мен электрондарға ыдыратып жіберер еді. Мұндай жағдайда Жерде мүмкін болмайды.Озон қабаты биосфераны космос сәулелерінен қорғайды.Стратосферадаозон (О3) күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Мұндай қорғансыз сәулелер биосферадағы бүкіл тіршілікті жойып жіберер еді.Биосфера космоспен тығыз байланысты. Жерге түсетін энергия ағынытіршілікті қамтамассыз ететіндей жағдайларды жасайды.

Биосфераның энергетикасы. Күннің энергиясы –Жер биосферасының жылубаланысы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Жердің күндіайналуына байланысты жер бетіне түсетін күн сәулесінің интенсивтілігіЖер-Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеіп отырады. Жермен Күннің ең аз арақашықтығы 147 млн км.қаңтар айының басында, ал ең ұзақ

арақашықтығы 125 млн км шілденің басында байқалады.

Биосфераның эволюциясы.

Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И.Вериадский мынандай

қортындылар жасады: Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады.Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуі мен қатар жүретін құбылыстар.Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді.Тіршілік ортасы-биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге-ноосфераға өтуі табиғи прцесс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]