Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia_shpor_Meteo_4gruppa.docx
Скачиваний:
127
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
923.9 Кб
Скачать

9.Атмосфераның пайда болуын ерекшеліктері

Атмосфера су, оттек, азот және көміртектің айналымын реттейтін механизмдердің басты бөлігі. Атмосфераның маңызы Жерді космостық жойқын әсерлерінен сақтайтын экран болуында. Атмосфера арқылы тіршілік көзі болып саналатын күн сәулесі өтеді. Атмосфера толқын ұзындығы 0,3-тене 0,52 нм дейін электрмагниттік сәулеленулерді, сонымен қатар ұзындығы 1 мм-ден 30м дейін радиотолқындарды өткізеді, электромагниттік сәулелендіруде күн сәулесі энергиясының 82%-ын құрайды. Қысқа толқынды қатаң рентген және ультракүлгін сәулелер атмосфера қабатына сіңіріледі, бірақ жер бетіне дейін жетпейді. Оттек биологиялық тотығудың басты компоненті ретінде ерекше маңызды . Зат алмасуды үзбеу үшін тканьдар мен жасушаларға оттектің үздіксіз берілуі қажет. Сыртқы ірі планеталар, күннен алысырақ орналасқандықтан тығыздығы аз газдардан құралады, бұл газдардың конденсациясы едәуір төмен температураларда жүрген сутек пен гелий, элементтер түзілуінің ең алғашқы қалдықтары ретінде, әлемде ең көп мөлшерде. Әйтсе де, нақтырақ айтқанда, космоста элементердің салыстырмалы құрамдары жұлдыздардың пайда болу процесі кезінде қалыптасқан.Литий, бериллий және бор жұлдыздар ішінде онша тұрақты емес, сондықтын олардың әлемдегі құрамы да азырақ. Көміртек азот және оттек жұлдыздардағы тиімді циклді процестердің нәтижесінде түзілгендіктен олардың салыстырмалы түрдегі мөлшерлері көп.

Кремний жұлдыздардағы фотодиссоциацияға едәуір тұрақты, сондықтан ол бізде қоршаған ортадағы минералдардың басым көбі болып саналады.

Қазіргі кездегі көзқарастар бойынша, мұхит қыртыстары мұхиттың орталық қыраттарынан газдардың және судың аздаған мөлшерде бөлініп шығуы нәтижесінде пайда болған. Жаңадан пайда болған жас Жердің бетінің (Жер қыртысының) қалыңдығы барлық планета көлемінің 0,0001%-нан да аз болатын жыныстардан қалыптасқан. Континетальді және мұхит қыртыстарын түзетін жер беті қабатының құрамы уақыт өткен сайын өзгеріп, хиимялық элементтердің жер бетінен 100 км тереңдікте балқып, мантиядан возгонкалауы нәтижесінде эволюцияланады.Жер бетінің қазіргі кездегі құрамында ең көп мөлшерде оттек болатыны, ол кремний, алюминий және бсқа элементтермен силикаттар түзетіні белгілі болды.Жер қазіргі кездегі массасына дейін өскеннен кейін тұрақсыз изотоптардың радиоактивтілік ыдырауы әсерінен және планетезималдармен соқтығысудың кинетикалық энергиясын аздап сіңірудің нәтижесінде қызуға ұшыраған.

Осындай қызудың әсерінен темір және никель балқып, тығыздықтары көп болғандықтан олар планетаның ортаңғы қабатына жылжып жер ядросын қалыптастырады. Ядро суынуы кезінде пайда болған, құрамы MgFeSiO3 материалдар жер мантиясын түзеді. Жер қыртысында ең көп тараған элементтер:Оттек 47% Кремний 209,5% Алюминий 8,05% Темір 4,65% және басқалар. Жерде оттек қосылыстары ең көбі. Олар силикаттар, алюмосиликаттар, оксидтер және гидрооксидтер. Карбонаттық қосылыстар бұлардан азырақ таралған. Минералдар тобы тау жыныстарын құрайды. Мысалы, граний кварцтан, дала шпатынан және слюдадан түзілген тау жынысы.Силикаттар және алюмосиликаттар жер қыртысының негізі болып табылады. Жер қыртысының 90%-ы кальций және магний силикаттарынан, алюмосиликаттарынан және кремнеземнен тұрады. Бұл минералдар тау жыныстарының және олардың желмен мүжілген өнімдерінің, топырақтың және саз балшықтың құрамдарын құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]