Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамены.docx
Скачиваний:
140
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
144.71 Кб
Скачать

21 Сұрақ, Жоғарғы оқу орыңдағы дәрісшіге қойылатын талаптар

  1. Лекция, оның түрлері, өткізу әдістемесі.

  2. Лекцияға қойылатын талаптар.

  3. Лекторға қойылатын талаптар.

1.Лекция – латынша “lеctio” – “оқу”. Лекция - орта арнаулы және жоғары оқу орындарында қолданылатын оқытудың формасы.

Лекция түрлері: кіріспе, ағымдағы лекция, қорытынды немесе шолу лекциясы.

Лекцияның әдістемесі: тақырып, жоспар беріледі, әдебиеттер көрсетіледі. Әр сұрақтан кейін қорытынды жасалады. Оқушылар лекцияның негізгі тезистерін жазып отырады.

2.Лекцияға қойылатын талаптар: тақырыптың жоспарға сәйкес келуі, ғылымилығы, саяси бағыттылығы, сұрақтардың нақтылығы.

3.Лекторға қойылатын талаптар: пәнді жетік білу, идеялық сенімділік, көңіл – күй, дауыс ырғағы, сөз құрамының дұрыстылығы мен нақтылығы, дем алысы, сырт көрінісі, өзін ұстай білуі, аудиторияны “көре” және “сезе білуі”, аудиториямен байланыста болуы.

22 Сұрақ Кешендік дәрістер оқыту ерекшеліктерін талдаңыз ( таппадым)

23, Жоғары мектептегі оқытушының коммуникативтік мәдениеті

Қазақ тілінің қолданылу салаларында әр түрлі проблемалар туындап отыр. Ол жалпы мәдениеттің және тіл мәдениетінің күрт төмендеп кетуі, жазбаша және ауызекі тілдің дұрыстығын, дәлдігін, бейнелігін және көркемдік құндылығын қамтамасыз ететін грамматикалық және лексикалық нормалардың бұзылулары болып табылады. Демек, қоғамның тілдік өмірінің ең көкейкесті проблемасы – мұғалімдердің, ұстаздардың тіл мәдениеті және әлеуметтік коммуникация мәдениеті саласындағы біліктілігін даярлау мен арттыру деген сөз. Қазіргі Қазақстандағы коммуникативтік мәдениеттің құлдырау жағдайларында жалпы білім беретін мектептің филолог-мұғалімі Қазақстан балаларының тіл мәдениетін арттыруда және тілдік, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ерекше рөлге иемденіп отыр. Мектептің міндеті әлеуметтік қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны даярлап шығу болып табылады. Қазақ тілінің мектептік курсының түпкі мақсаты – мектеп оқушыларында ана тілін, оның әр түрлі стильдері мен жанрларының ауызекі және жазбаша түрлерін еркін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар ана тілін шебер қолдана білуге үйрету, дәл, дұрыс және мақсатқа лайықты, мәнерлі сөйлей алатын тілді таратушыларды тәрбиелеу болып табылады. Жазбаша және ауызекі түрдегі тілдік қатынас жасауды еркін жүзеге асыратын тілдік тұлғаны даярлау қазақ тілін мектепте және жоғары оқу орнында оқып-білудің, зерттеудің жаңа, коммуникативті бағытталған курсын құруды талап етеді, сондықтан да болашақ мұғалімді педагогикалық қызметке даярлау барысында оның коммуникативтік құзыреттілігін арттыру педагогикалық қатынас жасаудың жұмысқа, қызметке ілесе жүретін, жалғаспалы фактордан кардиналды, түпкілікті, кәсіптік маңызды санатқа айнала бастағандығымен анықталады. Педагогикалық қызметтің негізінде, мұғалім көмегімен білім беріп, ақпарат алмасуды ұйымдастыратын, оқушылардың танымдық-практикалық қызметін басқарып, оқып-үйренушілер арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын, олардың ерік-жігеріне , ой-санасына, сезімдеріне және т.б. әсер ететін коммуникативтік қызмет жатқандығы баршамызға мәлім. В.А.Сухомлинскийдің айтқанындай, «сөз – біздер, мұғалімдер, өз шәкірттеріміздің жүректеріне ептілікпен жанасуға тиісті болатын ең нәзік әрі ең өткір құрал болып келеді». Осыған байланысты, коммуникативтік қызмет, іс-әрекет тәсілдеріне коммуникативтілік ұстанымының негізінде үйрету мұғалімді кәсіптік даярлаудың маңызды элементі болып саналады. Қатынас  жасаудың әр элементі мұғалімнің рухани тәжірибесімен байытылуға тиіс болғандықтан, педагогикалық қатынас жасау рухани-этикалық феномен болып табылады. Сондықтан соңғы кездері педагогикалық және әдістемелік ғылымда болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаумен бірге, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін коммуникативтік педагогикалық қызметке үйрету мәселелеріне көңіл бөлінуде. Мұғалімнің коммуникативтік қызметінің маңызы мен ерекшеліктерін анықтау, педагогикалық қатынас жасаудың тиімділігін айқындау, болашақ маманның жоғары мәдениетін қамтамасыз ететін коммуникативтік ептіліктердің ерекшеліктерін айшықтау, т.б. мәселелерге назар аударылуда.

Мұғалімнің кәсіптік коммуникативтік мәдениеті педагогикалық шеберліктің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттерде педагогикалық шеберліктің негізі ретінде педагогикалық ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға Ю.К.Бабанский, М.Л.Баранов, В.А.Кан-Калик, Н.В.Кузьмина, В.И.Хазанның еңбектері арналған.  Педагогикалық зерттеулерде педагогикалық жоғары оқу орындарының филолог-студенттерінің тілдік мәнерлілік дағдыларын меңгертуге жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келеді. Әдістеме ғылымында сөйлеу, тіл техникасы, тілдік қатынас жасау, пәндік және тілдік даярлықтың бірлігі мәселелерін педагогикалық қызметке лайықтау туралы мәселелер қозғалып жүр.  Жоғары оқу орны лингвистері мен қазақ тілі әдіскерлері болашақ мұғалім-тіл мамандарының кәсіптік тілдік мәдениетін бағыт-бағдарлы түрде қалыптастыруға мән беріп, студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесін меңгертуде коммуникативтік, тілдік, кәсіптік дағдыларға үйретуді жүйелі түрде жолға қою қажет.  Филолог-студенттерді коммуникативтік кәсіптік даярлаудың теориялық, практикалық және әдістемелік проблемаларының ішінде тіл маманының мәнерлі сөйлей білуіне баса назар аударған жөн. Болашақ мұғалімдерді әсерлі, мәнерлі кәсіптік тілге үйрету, тілдің мәнерлілігін меңгерту, ақпараттық және стилистикалық функцияларды ажырата білу заңдылығын игерту, т.б. мәселелерге оқу үрдісінде жіті көңіл бөліп, түрлі тапсырмалар арқылы дағдыландырып отыру қажет.  М.Балақаев айтқандай, «тілді жақсы білу оңай жұмыс емес. Өйткені оның шегі жоқ. Тіл адамдардың еңбек ету процесінде, қарым-қатынас жасау тәжірибесінде мыңдаған жылдар бойы жасаған. Оның орасан көп байлықтары сол тілде сөйлейтін халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының нәтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу процесінде үйренеміз» [2.14].  Тіл маманы оқушылардың тілді бағалай білу сезіміне өзі тіл мәдениетін жоғары дәрежеде игергенде ғана әсер ете алуы мүмкін. Болашақ тіл маманы өзінің қазақ тілінің, халықтың мұрасын сақтаушы және оны ары қарай үйретуші ретінде өз ісіне, педагогикалық қызметіне жауапкершілікпен қарағаны жөн. Педагогикалық қызмет көптеген стандартталған және стандартталмаған педагогикалық міндеттерді педагогикалық өзара әрекет арқылы шешуге мүмкіндік береді. Оқытушының педагогикалық міндетіне оқушының білімі, іскерлік қабілеті, қарым-қатынасы, сапалық және сандық көрсеткіштері жатады.  Мысалы, белгілі бір материалды түсіндіру кезінде мұғалімнің педагогикалық міндетіне жағдаятты талдауы, тиімді әдіс-тәсілдерді орынды пайдалана білуі, педагогикалық әрекетті жүзеге асыруы жатады. Педагогикалық міндеттің барлық сатыларында мұғалім өзіне тиімді қарым-қатынастың жүйесін таңдап, педагогикалық әрекетті ұйымдастырады.  Педагогикалық міндеттің бір элементі коммуникативтік міндет болып табылады. Осымен байланысты педагогикалық қызмет педагогикалық өзара әрекетті үнемі өзгертіп, дамытып, жетілдіріп отыратын коммуникативтік міндет арқылы жүзеге асады. Педагогикалық әрекеттің таңдалып алынған практикалық әдістері қарым-қатынас арқылы іске асырылады. Яғни педагогикалық өзара әрекет төмендегідей логикалық байланыста жүзеге асады:  Педагогикалық міндет → педагогикалық әдістердің жүйесі, оларды қолдана отырып, педагогикалық міндетті шешу → коммуникативті міндет, оның педагогикалық өзара әрекет әдістемесін жүзеге асырудағы қажетті шешімі → педагогикалық өзара әрекет. Коммуникативті міндеттер педагогикалық өзара әрекетті жүзеге асырудың құралы болып табылады. Коммуникативті міндеттерді алдағы қызметті жүзеге асыратын ортақ коммуникативті міндеттер және педагогикалық өзара әрекетті тез арада жүзеге асыруда қолданылатын коммуникативті міндеттер деп жіктеу кездеседі.  Ортақ коммуникативті міндеттер баяндауға, талаптануға жетелейді. Баяндау (повестовование) өзіндік баяндау, хабарлама жасау, хабарландыру айту, жауап беру, мәлімдеме жасау, т.б. арқылы жүзеге асады. Талаптану тиым салу, бұйрық беру, ескерту, жалыну, шақыру, тапсырма беру, т.б. арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, мұғалім педагогикалық өзара әрекет процесінде екі міндетті жүзеге асырады: оқушыға хабарлама жасайды және оны талаптануға жетелейді.  Педагогикалық өзара әрекеттің мынандай коммуникациялық сатылары арқылы жүзеге асырылады: 

  • оқушымен болатын алдағы қарым-қатынасты оқытушының өңдеуі (педагогикалық міндеттерді қою, оны шешудің әдістері мен тәсілдерін таңдау, коммуникативтік міндеттерді бөліп алу, жеке қарым-қатынасты өңдеу);

  • оқушымен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру;

  • педагогикалық өзара әрекет кезіндегі қарым-қатынасты басқару;

  • қарым-қатынастың нәтижесіне талдау жасау және жаңа педагогикалық міндеттерді өңдеу (сұрыптау).

Өңдеу сатысында педагогикалық міндетке сәйкес келетін, педагогтік өзіндік тұлғасын, жеке оқушылар мен сыныптың өзіндік қабілетін көрсететін өзара коммуникативтік құрылымды өзіндік жоспарлау жүзеге асырылады. Сабақтағы психологиялық атмосфераны байқау, өзара әркет етуші субъектілердің эмоционалдық пікір айта білу үшін белгілі бір нәтижеге жетуді таңдауы алдағы өзара әрекетті өңдеудің негізгі элементі болып табылады. Бұл педагогикалық өзара әрекеттің аспектілерін айқындайды. Оқытушыға өзінің коммуникативтік мінез-құлқы мен эмоционалдық қалпын көрсетуге мүмкіндік береді.  Тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру сатысында оқытушының иницативаны өз қолына алуы қарым-қатынасты басқаруға жағдай тудырады. Бұл саты қарым-қатынас жасаудағы кейбір жағдайларды анықтауға көмектеседі (оқушымен қарым-қатынас жасаудың стилін таңдау, ойша сыныппен болатын қарым-қатынасты құру, жаңа коммуникативтік жағдайдағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін анықтау, т.б.). Бұл жерде қарым-қатынас жасаудағы объекті де анықталады. Көп жағдайда қарым-қатынас жасаудың объектісі бүкіл сынып болуы мүмкін. Бірақ нақты педагогикалық міндеттерге байланысты оқытушының коммуникативті назары жеке оқушыға немесе шағын топтарға аууы мүмкін. Бұл сатыда оқытушының оқушының назарын аудара білуі негізгі рөл атқарады. Себебі қарым-қатынастың пайдалы болуы оқушының оқытушыға назар аударуына тікелей байланысты. Қарым-қатынасты басқару сатысында қарым-қатынастың құрылысы және оны жүзеге асырудың жағдайлары айқындалады.  Қарым-қатынастың нәтижесін талдау сатысы көбінесе қарым-қатынас жасаудағы кері байланыс деп аталады. Кері байланыс оқытылған материалдың қаншалықты дәрежеде меңгерілгенінен хабардар етеді. Ол сұрақтар, жаппай тексерулер арқылы анықталады. Педагогикалық өзара әрекеттің бұл сатылары нақты өмірдегі педагогикалық қызметте үнемі осылай кездеспеуі мүмкін. Кейбір сатылар анық байқалмайды немесе басқаша қолданылады.  Педагогикалық өзара әрекеттің нәтижеге жетуі педагогтің коммуникативтік деңгейіне, оның кәсіби біліктілігінің қалыптасуына, өзін-өзі дамыту мен тәрбиелеуіне байланысты.  Педагогтің коммуникативтік мәдениетінің стихиялы түрде қалыптасуы оқушымен болатын қарым-қатынаста түсінбеушілік тудырады. Сабақтың сапасын төмендетеді, оқуға ынта болмайды.  Педагогтің коммуникативтік мәдениеті адамдармен қарым-қатынас жасай білуінен байқалады. Педагогтің адамдармен тез арада тіл табыса білуі оның коммуникативтік әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Педагог қарым-қатынас жасау кезінде өзін ұстай біледі, басқа адамның өміріне еркін араласып кете алады. Сондықтан қарым-қатынас жасай білмейтін педагогтар тез шаршайды, өздерінің мамандықтарынан ләззат ала алмайды.  Педагогтің коммуникативтік мәдениеті оның өзін өзі тәрбиелеу мен дамытуының дәрежесін байқатады. Оқушылар педагогтің мәдениеттілігін, интеллигенттілігін, әділдігін, кешірімшілділігін жоғары бағалайды. Педагог педагогикалық этикетті сақтай білуі қажет. Педагогтің коммуникативтік мәдениеті оның коммуникативті дағдысы мен коммуникативтік қабілетін танытады. Педагогтің коммуникативті дағдысы өз эмоциясын ұстай білу, қарым-қатынас жасауда жетекші рөл атқару, тіл үйренушінің психологиялық ерекшелігін білу, олардың көңіл-күйін дер кезінде аңғару, жіті бақылай білуінен көрінеді.  Коммуникативті қабілеті коммуникацияның барлық түрін ұтымды қолдана білу, айтатын сөзін дұрыс жоспарлай білу, сөйлеу мәнері мен қажетті сөздерді ұтымды қолдана білуінен байқалады.  Педагогикалық өзара әрекет вербалды және бейвербалды амалдар арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынас тілдік қатынасқа қоса хабарға немесе сөйлесімге көмекші қызмет атқаратын бейвербалды амалдарды қажет етеді. Себебі қатынас немесе көркем мәтін тілдік қарым-қатынастың сыртында дауыстың құбылмалы реңктерінен, тембрінен, қарқындылығынан, қимыл-әрекеттерінен, дене қимылдарынан, бет-әлпеттегі өзгерістерден де құралады.  Коммуникативтік мәдениеттің технологиялық жағын арнайы жаттығулар арқылы жетілдіруге болады. Педагогтің коммуникативтік тренингінен тұратын жаттығуларды пайдалану жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі.

24 Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы педагогикалық кадрларды дайындау мәселесінің мәнін ашыңыз

Ал енді, жаңа жүйе бойынша педагог кадрларды дайындау мәселесі бойынша мынаны айтқым келеді. Аталған деңгей жүйесінде жемісті еңбектің жетістігін көргіміз келсе, ең алдымен кадр мәселесін реттеп алуымыз керек. Кезінде еліміздегі педагог кадрлар тапшылығын шешу мақсатында Үкіметтің шешімімен еліміздің бес өңірінде ашылған Педагогикалық институттардың атқарар мақсат-міндеттерін қайта бір пы­сықтау керек. Өйткені жергілікті жердегі жетекші университеттердің көлеңкесінде қалып қойып, оларда дайындалатын кейбір мамандықтарды даярлауды қайталау өріс алып отыр. Біздің пікірімізше, жаңа бағ­дарлама аясында атқарылар іс-шаралар жоспарына аталған педагогикалық инс­титуттарда мектепке дейінгі және 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуге қажетті ма­мандарды, яғни жаңа тұрпаттағы педагог кадрлар дайындауды міндеттеу керек. Сон­дай-ақ педагог кадрлардың біліктілігін арт­тыратын арнайы курстар мен семинарлар да ұйымдастыру педагогикалық жоғары оқу орындары құзырына берілу керек. Осылай ғана педагогикалық ортада көкейтесті мә­селелер қатарында көтеріліп жүрген «педа­гогтардың құзыреттілігін» арттыра алар едік. Педагогикалық институттардың әлеуетін әлеуметтік істерге бағыттайтын уақыт келді. Жаңа бағдарламаны жүзеге асырудың тетіктері ретінде жергілікті билікке бағынатын білім ошақтары мен орталық атқарушы биліктің құзырындағы педа­гогикалық институттардың іс-қимыл жос­парларының бірлесіп, келісіліп түзілуін мықтап қадағалаған жөн. Педаго­гикалық кадрларды дайындау ісінде де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жаңа ережелер қа­был­дану керек деп есеп­теймін. Бұдан бұрын да айтып жүргенімдей, жоғары оқу орын­дарында педагогикалық маман­дықтар бойынша маман дайындау тек қана күндізгі оқу жүйесі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Айрықша жағдай ретінде, мектептерде ұзақ жылдар ұстаздық етіп жүрген тәжірибесі мол, кезінде белгілі себептермен жоғары білім ала алмаған, орта арнаулы білім орда­ларын тамамдаған талғампаз тәлімгерлерді ғана қабылдауға рұқсат берілуі тиіс. Тек осын­дай жолмен ғана ұстаздардың абы­ройын арттыра аларымыз анық. Әйтпесе бүгінгі күні байқап жүргеніміздей, биыл ғана мектеп бітірген оқушыны сырттай оқу бө­ліміне қабылдап, төрт жылдан соң қолына диплом тапсырумен шектеліп жүргеніміз де шындық. Мектепке арнайы дайындалған мамандардың білім сапасы жоғарғы деңгейде болсын десек, осындай шараларға баруға мәжбүрміз.