Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамены.docx
Скачиваний:
140
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
144.71 Кб
Скачать

60. Қазақстан педагогтарының ғылыми жетістіктерін мысал арқылы көрсетіңіз

Қазақстан педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы 1.1. Шоқан Уәлиханов - ғалым, ағартушы-демократ 1.2. Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы, педагог-ағартушы

Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы оның педагогика ғылымында алатын орны 2.1. Абай – дара, Абай – дана, Абай – ұлы тұлға

Жаңа өмірге сәйкес прогресшіл педагогтардың мұраларын шығармашылық тұрғыдан пайдалану — тәрбиені дамытудың және оның ғылыми негізін жасаудың басты жолы. Қазіргі жағдайда педагогика ғылымының жетістіктері жан-жақты пайдаланылмайынша, жастарды барлық жағынан бірдей үйлесімді етіп дамыту мүмкін емес. Өйткені, жас ұрпақ халқымыздың мұраттарын сөз жүзінде біліп қоймай, оларды күнделікті істермен тығыз байланыстыра білуі қажет. Міне, осы тұрғыдан педагогика ғылым мен техниканың өскелең дәрежесіне сай тәрбие мен оқытудың ғылыми негізін жасайды. Педагогика ғылымы философия, социология, психология ғылымдарына сүйеніп, жастарға тәрбие және білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді, политехникалық және кәсіптік білім берудің практикасы мен байланысын зерттейді, тәрбие ісіңде мектептің, үйелменнің және жұртшьшықтың рөлі мен бірлігін анықтайды, адамды дамыту мен қалыптастырудағы еңбектің рөлін жан-жақты зерттейді, озат педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді. Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетіддіруде Қазақстан Республикасының Білім беру туралы жаңа Заңы» (2007), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізуде. Педагогика жаңа идеяларды басшылыққа ала отырып, оқушыларды терең және баянды біліммен қаруландырудың, оларды өмірге, мамандықты сапалылықпен алуға әзірлеудің бұдан былай да тиімді тәсілдері мен әдістерін анықтап дамыта береді. Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы-педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Олардың ой-пікірлерін қысқаша байымдау, еске түсіру, ғылыми және әдеби еңбектерін жастарға білім беру саласында, әсіресе, өскелең өмір жағдайында кең түрде қолданудың қажет екендігі сөзсіз.