Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамены.docx
Скачиваний:
140
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
144.71 Кб
Скачать

19Сұрақ . Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық университетіңдегі кредиттік жұйенің ерекшеліктерін көрсетіңіз

Кредиттік оқыту жүйесі жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде төмендегідей тәсілмен ұйымдастырылады:

• аудиториялық сабақ: дәрістер, практикалық сабақтар (семинарлар, коллоквиумдер), зертханалық және студиялық сабақтар;  • аудиториядан тыс сабақтар: оқушының өзіндік жұмысы, соның ішінде оқытушы жетекшілік ететін жұмыстар, жеке кеңес беру, бейнеконференция, телекөпір;  • оқу және кәсіби тәжірибе өткізу: ғылыми зерттеу жұмыс-тарын жүргізу, диплом жұмыстарын (жобасын), магистрлік және докторлық диссертация дайындау;  • оқу жетістіктерін бақылау түрлері: ағымдық және аралық бақылау (сабақтағы сұрақ, оқу пәні тақырыптары бойынша тестілеу, бақылау жұмыстары, зертханалық, курстық жұмыстарды қорғау, коллоквиум тапсыру, т.б.), аралық аттестаттау және қорытынды бақылау (оқу пәндерінің бөлімдері бойынша қорғау есебі), мемлекеттік қорытынды аттестаттау (диплом жұмысын (жобасын) қорғау, магистрлік және докторлық диссертация қорғау, мемлекеттік (пәнаралық) емтихан).

Оқытушы жетекшілік ететін студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) және оқытушы жетекшілік ететін магистранттың өзіндік жұмысының (ОМӨЖ) ОМӨЖ–дің сағат көлемі байланыс дәрісте-рінің, семинарлар мен практикалық, студиялық сабақтардың әр пәнге бөлінген жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс.

Кредитттік оқыту жүйесінің басты ерекшелігі – қойылатын бағаның әділдігімен оның ашық, айқындығы, яғни студентке белгілі алын-ала ұсынылған бағалау шкаласы (көрсеткіш) арқылы өзінің білім сапасын өзіне бағалап отыруға мүмкіндіктің берілуі.

Қажет болған жағдайларда семестр көлемінде түзетулер енгізіп, көтеруге мүмкіндіктің берілуі, жастардың жеке тұлға болып қалыптасуына, білім сапасының артуына жол ашу.

Оқу бағдарламасында әрбір пән бойынша екі немесе үш кредитке бөлінген. Олардың әрбір кредит көлемінде атқаратын қызметті, міндеттеріде айқындалынған. Студенттер өздеріне жүктелінген міндеттерді уақытылы орындап, ұпай санын арттырып отырмаса, сол пән бойынша «жазғы семестрге» қалу, тіпті GPA төмен болған жағдайда курстан курсқа көшпей қалуы да қаупі бар.

Екінші жағынан бұрынғы жүйедегі секілді ұпай санын бір мезетте көтере де алмайды, яғнни әрбір кредит әлбір оқу күніне, сағатына тәуелді. Ал студенттің әрбір сабақтағы еңбек өтімділігі сол сабақ көлемдегі игерілуі қажетті материал мазмұны мен білім сапасына тәуелді. Демек бір сабақ көлемде бірнеше тақырыпты формальді түрде игеруге жол бермейді. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттерге әрбір пән бойыншша бағдарламалық материалды игеруге қажетті әрбір кредитке – 45 сағаттық оқу жүктемесі бекітілген. Оның 15 сағаты міндетті түрде аудиториялық сабақ болса (дәріс немесе практикалық сабақ) 15 сағат студенттің оқытушының бақылауында орындайтын өзіндік жұмысына, 15 сағат студенттің өздігінен орындайтын жұмыстарына арналған.

Студенттің оқытушының бақылауындағы өзіндік жұмыстарына:

  • бағдарламада СОӨЖ-на бөлінген тақырыптар

  • аудиториядағы сабақта немесе үйге берілген тапсырмаларда туындаған түсініксіз сұрақтар мен күрделі есептерді түсіну

  • бақылау тапсырмаларындағы қателерін талдау, түсіну

  • өзінің математикалық сауаттылығын көтеруге бағытталған, қызығушылығын тудыратын сұрақтарға оқытушымен бірлесіп жауап іздеу

  • математикалық олимпиада, ғылыми жоба, конференцияларға (оқытылатын пән деңгейінде) дайындық

Ал студенттердің өздік жұмысына:

- үй тапсырмалары

- Рейтинг көтеруге бағытталған қосымша, жекелеген тапсырмалар

- СӨЖ-ге бағдарламада бекітілген тақырып, тапсырмалар