Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метрология шпор.docx
Скачиваний:
73
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
95.64 Кб
Скачать

23. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы:

ҚР МӨЖ жұмыстарын мемлекеттік басқаруды, Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің қызметін үйлестіруді,мемлекеттік басқарма органдарымен,жергілікті басқару органдарымен,өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қоғамдық мекемелермен,басқа жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

Уәкілетті орган өз қызметін тікелей немесе оған бағынышты кәсіпорындар мен бөлімшелер арқылы жүзеге асырады.

Уәкілетті органның негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

-өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастыру;

-Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберілген шамаларды анықтау;

-метрология саласында ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру;

-өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін анықтау;

МҒМО негізгі қызметтері мыналар болып табылады:

-өлшем бірліктері эталондарын дайындау,құру,сақтау және метрологиялық аттестаттау;

-шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруды іске асыру;

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтерінің қызметі уәкілетті орган бекітетін Ережелердің негізінде жүзеге асырылады.

УЖМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:

- техникалық құралдарды және УЖМҚ жүйелерін дамытуды және үздіксіз қызмет етуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру;

-уақыт пен жиілік бірліктерінің мөлшерлерін,УЖМҚ пайдаланылатын эталондардың негізінде Қазақстан Республикасындағы уақыттың ұлттық шкаласын жаңғырту және сақтау;

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау және метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқарма органдары,жеке және заңды тұлғалар метрологиялық қызметтер құрады.

Мемлекеттік басқарма органдарының,жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері мемлекеттік басқарма органдарының,жеке және заңды тұлғалардың басшылары бекітетін Ережелердің негізінде жасалады.

Метрология бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

24.Уәкілетті органның негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

-өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастыру;

-Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберілген шамаларды анықтау;

-метрология саласында ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру;

-өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін анықтау;

-өлшем құралдарын қолдану,өндіру және жөндеу тәртібін анықтау,өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастыру;

-өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды қайта дайындау және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру;

-өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

-мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу;

-Қазақстан Республикасын метрология бойынша халықаралық және аймақтық мекемелерде таныстыру;