Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fiz_ras_shpor.docx
Скачиваний:
89
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
148.29 Кб
Скачать

Блок 1

  1. Абиотикалық факторларға өсімдіктердің бейімделуі

Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары. Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық,жел,ылғалдылық,атмосфераның қысымы, ағыстар,радиациялық деңгей,радиоактивті сәуле шығарут.б.),х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар,топырақ,шөгіндіқұрамы және олардағы қоспалар т.б.),к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Аралтеңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондағантоннатұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді. Абиоталық фактордыхимиялық(атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) жәнефизикалық(климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық факторбиоталықжәнеантропогендік факторларменқосылғанда экологиялық факторлар құрайды.

2. Фитоценозда өсімдіктердің физиологиялық әсерлесуі.Аллелопотия

ФИТОЦЕНОЗ (фито… және ценоз), өсімдіктер қауымдастығы — құрлықтың біртекті телімдерінде орналасқан, өзара және сыртқы ортамен тығыз әрекетте болатын өсімдіктер жиынтығы. Олардың өздеріне тән құрылысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдерменбірге белгілі бір жағдайда тіршілік ете алатын түрлерден құралады. Фитоценоз — ашықбиологияжүйе, яғни, адам менгетеротрофтыжануарларға қажетті органиктік зат өндірілетін биогеоценоздың негізгі бөлігі болып саналады. Фитоценоз зооценоз және микроценозбен бірігіпбиоценозқұрады. Фитоценоздың қандай да бір өсімдігі өзіне қажетті ресурстарды (жарық, су, минералды қоректік заттар, т.б.) пайдаланып, тіршілік ортасын өзгертуінің нәтижесінде сыртқы ортаға зат алмасуға қажетті өнімдерді шығарады, топырақта және оның бетінде қурап қалған өсімдік қалдықтары ғана қалады. Бұл қалдықтар ерекше бірмикроклиматтыңқұрылуына ықпал жасайды. Фитоценоз жыл бойына және жыл сайын өзгеріп тұрады.

Аллелопатия (гр. allelon - қайтару, patos- әрекет) өсімдіктің әртүрлі биологиялық белсенді зат бөліну арқылы бір-біріне әсер етуі 

3. Өсімдікке адамның әсер етуінің негізгі формалары

Соңғы жылдары адамның бүкіл биосфераға әсері айқын байқалуда. Адам санының ұдайы өсуінен және ғылыми-техникалық прогресс ыкпалының қарқындылығынан адамзат әрекетінің табиғатқа әсері кең өріс алуда. Адамзаттың табиғатты пайдалануы кезінде, жыл сайын ғаламшарда 4 трлн т-дан астам заттардың орны ауыстырылады. Жаңадан мыңдаған химиялық косылыстаржасап шығарылады. Көптеген химиялық қосылыстар табиғатта болатын зат айналымына қосылмай, биосферада жинақталып, оны ластайды. Өнеркөсіптерден шыққанулы заттарданаукымды географиялық аймақтардаКүн радиациясыныңкемуі,озон қабатыныңжұқаруы,қышқыл жаңбырдыңжаууы, т.б. байқалуда. Адам өз іс-әрекетін биосферада жүретін табиғат заңдылықтарына сай жүргізуі тиіс. Сонда ғана биосферадағы зат айналымы бұзылмайды әрі ғаламшар биомассасы азаймайды. Биосфераны қорғау адамның өзін қорғау мәселесімен сабақтас екенін естен шығармау керек. Адам баласыөзі пайда болған алғашқы кездетабиғатқатәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы,өнеркәсіптіңөркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті.Ормандыжерлердің өртелуі, кәсіптік мәні баржануарларсанының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріскөзқарастардыңәсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.

4.Патогенге өсімдіктердің тұрақтылығы

Өсімдіктің клеткасы және тканьдері әртүрлі ауруларда патологиялық реакциясы әртүрлі болады. Көзбен көрінбейтін аурудың белгілерін симптом деп атайды. Симптомдарды типтік және типтік емес деп бөледі. Типтік – ол осы ауруда үнемі пайда болады; негізгі (осы ауруға сәйкес); арнаулы (осы ауруға ғана тән) және жалпы (әртүрлі ауруларда байқалады); бірінші (инкубациялық мерзімнен кейін пайда болатын) және екінші (аурудың әрі қарай дамуы). Зерттеудің ең негізгі нақтысы әртүрлі қоздырғыштардың әртүрлі симптомдарды шақыруы. Бірақ әртүрлі қоздырғыштар бірдей ауруды шақыруы мүмкін емес. Осындай белгілердің сәйкестігі симптомдардың конвергенциясы деген атқа ие болды. Мысалы, ағаштардың төбесінің қурауы құрғақшылықтың, тамырдың шіруі ауруынан, ісікті некроз ауруларынан байқалады. Кейбір жағдайда, керісінше, бір патоген әртүрлі өсімдік түрлерінде немесе әртүрлі мүшелерде бір өсімдік иесі әртүрлі симптомдардың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан, арнаулы аурулардың жеке симпотмдары олардың бірігуін және аурудың диагностикасы жеке белгілері бойынша емес, олардың анықталған сәйкестілігі арасындағы байланыстың пайда болуын көрсетеді. Аурулардың ішінде сыртқы белгілері көрінбейтін симптомдарында болуы мүмкін (мысалы, кейбір вирусты аурулар). Бұндай ауруды симптомсыз аурулар деп атайды. Симптомсыздық ол өсімдіктің қоздырғышқа төзімділігін көрсетеді. Ауру алғашында симптомсыз беріліп, одан кейін шықса, онда оны патентті деп атайды. Кейбір кезде сыртқы факторлардың әсерінен шыққан симптомдар уақытша көрінбей қалады (мысалы, жапырақтардың мозаикалық түстері, кейбір вирусты ауруларға тән, ыстық күндері көрінбейді, суық күндері қайтадан шығады) Бұл құбылыс симптомдардың москировкасы деп аталады. Қоршаған ортаның кейбір жағдайлары симптомдардың пайда болуына әсер етіп, кешіктіруі мүмкін.

Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton – өсімдік, phatos – ауру, logos – сөз, ілім. Жалпы ауылшаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады.Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа жалпылама теориялық сұрақтар қарастырылады. Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады. Фитопатологияның негізгі көңіл аударатыны жеке-жеке өсімдіктерді қарастыру емес, өсімдіктердің топтары мен қауымдастықтары. Осындай күрделі биогеоценоздың бірі орман болып табылады, сондықтан бір ағаш ауырса, барлық ағашқа аурудың түрлері беріледі. Бұндай жағайда орман фитопатологиясы бір ғана тұқымдастың жеке бір түрін ғана зақымдап қана қоймай, барлығын жаппай зақымдайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]