Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fiz_ras_shpor.docx
Скачиваний:
89
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
148.29 Кб
Скачать

5. Топырақтың тұздалуына өсімдіктердің бейімделуі

Сор топырақ, орманды дала, дала, шөлейт және шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі 1%-дан артық болады. Сор топырақ 2 типке бөлінеді: автоморфтық сор топырақ жер бетіне ежелгі тұзданған жыныстардың шығуынан қалыптасады, құрамында тез еритін тұздардың көлемі 0,5 – 1%-ды құрайды (сульфаттар,хлоридтер),гидроморфтықсор топырақ минералданған топырақ – жер қыртысы суларының жер бетіне жақын орналасуы, олардағы тұздардың булануы барысында жоғарғы горизонтта 6 – 8%, одан да көп мөлшерде тұздардың жиналуы жағдайында дамиды. Құрамында тұзы мол сор топырақ немесе тұзы аздау сорланған топырақтар онда өсетін өсімдіктер үшін өте зиянды. Сор топырақта тұздардың деңгейі жоғары болса, өсімдіктер өнімі соғұрлым төмен болады. Сондықтан суармалы егіншілік жағдайында топырақтың сорлануымен күресу – басты мәселелердің бірі. Жер асты ағысы нашар алқаптарда сорланған топырақтарды тұщы сумен шайып, ыза суларды қолдан қазылған кәрізді-коллекторлы жүйелер арқылы басқа жаққа ағызу қажет.

Сортаң топырақ, қоңыржай орманды дала, дала, құрғақ дала және шөлді дала белдемдерінде кездеседі. Сортаң топырақтың құрамында хлоридтер, сульфаттар,натрий,кальций,магнийкарбонаттары көп болады. Сор топырақтар мен Сортаң топырақты шатастыруға болмайды, олардың айырмашылығы Сортаң топырақтың беткі қабатында суға тез еритін тұздар жоқ, ондай тұздар кезінде бұл топырақтарда болған. Табиғи жағдайлардың өзгеруімен топырақ бетіндегі суға тез ерігіш тұздар топырақ бетінен жуылып-шайылып, топырақтың төменгі қабаттарына кеткен. Осы шайылу кезінде тұздар құрамындағы натрий катионы топырақтың сіңіру кешеніне қаныққанша сіңіп қалған.

6. Суықтың өсімдікке әсері және оған бейімделуі

Жылудың жеткіліксіздігіне бейімделуіне байланысты өсімдіктер үш топқа бөлінеді:

  • 1)Суыққа төзімсіз өсімдіктер - тропикалық орман өсімдіктері

мен жылы теңіз балдырлары. Судың қату температурасында бұл өсімдіктер өле бастайды. Ол ферменттердің белсенділігінің төмендеуіне, белоктар мен нуклеин қышқылдары алмасуының бұзылуына, мембраналардың өткізгіштік қабілеттерінің төмендеуіне байланысты;

  • 2) аязға төзімсіз өсімдіктер - біршама төмен температураға

шыдайтын, бірақ ұлпаларында мұз түзіле бастаған кезде тіршілігін тоқтататын өсімдіктер. Мұндай өсімдіктер температураның -5°С- 7°С-қа дейін тіршілігін жоймайды. Бұларға субтропикада өсетін мәнгі жасыл өсімдіктер жатады. Вегетация кезінде барлық жапырақты-сабақты өсімдіктер аязға төзімсіз;

  • 3) аязга төзімді өсімдіктер - маусымдық климатты және қысы

суық жерлерде өсетін өсімдіктер. Қатты аяздарда ағаштар мен бұталардың жер үсті мүшелері тоңганымен өміршеңдігін сақтап қалады. Аязға шыдамдылық өсімдіктерде өсу процестері тоқтаған соң бірте-бірте жүреді. Шынығу кезінде клеткаларда қанттың мөлшері (20%-30%), көмірсулардың туындылары, кейбір амин қышқылдарының мөлшері көбейеді. Қыс ортасында, әсіресе соңында күннің бірден жылынуы өсімдіктердің аязға төзімділігін әлсіретеді. Бірден болған көктемгі суықтар енді дамып келе жатқан өркенді немесе гүлді зақымдап үсікке ұшыратуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]