Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория госуд и права_каз.яз..doc
Скачиваний:
85
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
413.7 Кб
Скачать

18 Тақырып. Құқық жүйесі

 

1. Құқық жүйесінің түсінігі.

2. Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу негіздері ретінде.

3. Құқық саласы.

4. Құқық институты.

 

1. Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесі–бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір    байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.

 Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:

1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде,  біріге отырып, ірі құрылымдарды–институттарды, салаларды құрайды;

2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлескен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;

3) ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;

4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастарға тәуелді және адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.

 

2. Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу негіздері ретінде. Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пәні мен әдісін.

Құқықтық реттеу пәні–бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы- неке құқығының реттеу пәні болып табылады.

Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.

 Құқықтық реттеу әдісі–бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеудің  төмендегідей негізгі әдістері болады:

1) императивтік–бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация  әдісі;

2) диспозитивтік– рұқсат етуге негізделген, тараптардың теңқұқылығы, координация әдісі;

3) марапаттаушы–белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапттаау әдісі;

4) ұсынушылық–мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі;

 

3. Құқық саласы– бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

Құқық саласының белгілері;

әрбір саланың өз пәні болады;

әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;

құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тәсілдерін және құқықтық нормаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.

Құқық салаларының түрлері:

1) негізгі салалар; бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында конституциялық құқық, одан кейін материалдық құқықтар–азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар және оларға сәйкес іс жүргізушілік салалар–азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық іс жүргізушілік және әкімшілік іс жүргізушілік құқықтары орналасқан;

2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы құқығы, түзеу-еңбек құқығы;

3) кешенді салалар; бұларға негізгі және арнайы салалардың әртүрлі институттарының бірігуі тән: шаруашылық құқық, аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы.

   

4. Құқық институты–бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық институты–заң нормаларының құқық саласына қарағанда  аз жиынтығы. Әрбір құқық саласында бірқатар институттар болады. Мысалы, еңбек құқығында–еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта–ескіру мерзімі институты, өкілдік институты және т.б.

Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инстиутты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табылады: 1) құқықтық нормалардың заңды теңдігі; 2) қоғамдық қатынастарды реттеудің толықтығы; 3) құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің тарауларында, бөлімдерінде және басқа да құрылымдық бірліктерінде жинақталуы.