Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория госуд и права_каз.яз..doc
Скачиваний:
85
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
413.7 Кб
Скачать

29 Тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

 

1. Құқықтық сананың түсінігі және функциялары.

2. Құқықтық сананың құрылымы.

3. Құқықтық сананың түрлері.

4. Құқықтық мәдениеттің түсінігі және құрылымы.

 

1. Құқықтық сананың түсінігі және функциялары. Құқықтық сана– бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны. Құқықтық сана–бұл адамдардың жаңадан қабылданған заңдарға, нормативтік актілердің нақты жобаларына және т.б. деген оң немесе теріс көзқарасы.

Құқықтық сана мынаны білдіреді:

- құқықтың қажеттігін түсіну және сезіну;

- құқықты бағалау;

- заңнаманың дамыған жүйесін құру қажеттігін түсіну;

- қолданыстағы нормативтік актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізудің қажеттігін түсіну;

құқықты жүзеге асырудың нәтижелері мен процесін қабылдау.

Құқықтық сананың ерекшеліктері мыналардан көрінеді:

а) ол өмірдің шындықтарын әділеттілік, құқықтық, еркіндік тұрғысынан қабылдайды;

ә) жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орнықтыруды талап етеді;

б) құқықтық пен құқықтық еместіктің, құқыққа сәйкестік пен құқыққа сәйкессіздіктің шектерін көрсетеді;

в) құқықты қамтамасыз ету үшін заңды шараларды талап етеді.

Құқықтық сананың рөлі оның функцияларынан көрініс табады:

1) танымдық; бұған «құқықтық дайындықң түсінігінен көрініс табатын және ойлану қызметінің нәтижесі болып табылатын заң білімдерінің белгілі бір жиынтығы тән болып келеді;

2) бағалаушылық; бұл тұлғаның құқықтық өмірдің әр түрлі жақтары мен көріністеріне өтіл мен құқықтық тәжірибе негізінде белгілі бір эмоционалдық қатынасын тудырады;

3) реттеуші; ол құқықтық көзқарастар мен құндылық-құқықтық бағыттылық арқылы жүзеге асырылады. Көзқарас дегеніміз тұлғаның белгілі бір түрде ақпараттарды, процестерді, құбылыстарды қабылдауға және бағалауға бейімділігін және осы бағалауға сәйкес әрекет етуге дайындығын білдіреді.

Құқықтық бағыттылық–бұл тұлғаның заңды мәні бар жағдайларда әрекет ету бағдарламасын тікелей қалыптастыратын құқықтық көзқарастарының жиынтығы.

 

 2. Құқықтық сананың құрылымы екі элементтен құралады: құқықтық психология және құқықтық идеология.

Құқықтық психология–бұл, ең алдымен, құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, армандардың жиынтығы. Бұл жерде құқықтық құбылыстарға деген қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен эмоцияларды қалыптастыруға тырысады. Құқықтық психология арқылы мыналар жүзеге асырылады: а) құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер,  тұлғаның мәдениетіне, күнделікті өміріне, әдетіне еніп кеткен барлық элементтер; ә) тұлғаның өзін-өзі бағалауы, яғни, өз жүіс-тұрысын құқық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сындарлы түрде бағалай білу қабілеті.

Құқықтық идеология–бұл адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Бұл субъектілердің  құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі; ол құқықтық бағалаудың ерекше деңгейін білдіреді. Құқықтық идеология–құқықтық сананың құрылымындағы басты элемент.

  

3. Құқықтық сананың түрлері.  Құқықтық сана мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:

1) мазмұны бойынша:

- қарапайым құқықтық сана–бұл тұлғалардың құқыққа қатысты жалпы көзқарастары, өмірлік тәжірибесінің әсерімен туындайтын көңіл-күйлері;

- кәсіби құқықтық сана–бұл заңгерлердің заңды тәжірибесінің негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дәстүрлері;

- ғылыми құқықтық сана–бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар ;

2) субъектілері бойынша:

жеке құқықтық сана;

топтық құқықтық сана;

қоғамдық құқықтық сана.

 

4. Құқықтық мәдениеттің түсінігі және құрылымы. Құқықтық мәдениет құқықтық санамен тығыз байланыстылықта болы тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мәдениет құқықтық санаға қарағанда әлдеқайда кең, себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қатар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты да қамтиды. Құқықтық мәдениет мыналарды білдіреді:

1) құқықтық шынлдықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;

2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;

3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;

4) құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру процестерінің сапалық жағдайы;

5)  құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.);

6) құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктер түріндегі нәтижелері (заңдар, сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.).

Бұлардың барлығы жекелік және қоғамдық тұрғысынан қарастырылуы мүмкін.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті–бұл құқықты білу және түсіну, соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құқықтық мәдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нормаларына бағындыру жатады. Тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымы мына элементтерден құралады:

1) психологиялық элемент–құқықтық психология;

2) идеологиялық элемент–құқықтық идеология;

3) жүріс-тұрыстық элемент–заңды мәні бар жүріс-тұрыс.

Қоғамның құқықтық мәдениеті–бұл қоғамның құқықтық санасының және құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дәрежесі. Қоғамның құқықтық мәдениеті оның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады және келесі факторлармен сипатталады:

- құқықты шын мәнінде қажетсіну;

- елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы;

- қоғамдағы заң ғылымы мен заң білімінің даму дәрежесі.

Қоғамның құқықтық мәдениетінің құрылымы келесі элементтерден құралады:

1) қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық белсенділігінің деңгейі;

2) заң нормаларының даму дәрежесі (құқықтың даму деңгейі, заң мәтіндерінің мәдениеті және т.б.);

3) заң қызметінің даму дәрежесі (құқықшығарушы, құқыққолданушы және құқыққорғаушы қызметтің мәдениеті).