Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория госуд и права_каз.яз..doc
Скачиваний:
85
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
413.7 Кб
Скачать

5 Тақырып. Мемлекеттің функциялары

 

1. Мемлекет функцияларының түсінігі.

2. Мемлекет функцияларының түрлері.

3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары.

 

1. Мемлекет функцияларының түсінігі. Мемлекет функциялары–бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады.  Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары–ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.

 

2. Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:

а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар  мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзегеасырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.

ә) маңыздылығына қарай–негізгі және қосымша функциялар;

б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты–ішкі және сыртқы функциялар.

Мемлекеттің ішкі функциялары–оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.

Мемлекеттің сыртқы функциялары–оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тәртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы және т.б.

   

 

3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық–бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;

ә) құқыққолданушы–бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты  қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;

б) құқыққорғаушы–бұл адам мен азматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызмет.

Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:

а) ұйымдастырушылық-реттеуші–бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;

ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық– бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;

б) ұйымдастырушылық-идеологиялық–бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.