Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
570
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

22. 1994 Жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының реформалануы.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын реформалау, объективті себептермен байланысты.

Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін республикадағы әлеуметтік- экономикалық және саяси қайта құрулар ішкі істер органдарының функциясының атқарылуына жаңа сапалы ерекше жағдайлар тудырды, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің тұрғындарымен өзара қатынастарына, мазмұны мен өмір салтына, өнегелік қағидаларына әсер етті.

Сонымен қатар, саяси және экономикалық жүйенің терең өзгеруімен байланысты, қоғамның бір сапалық жағдайдан екіншісіне көшуі қоғамның әлеуметтік қабаттануы, жұмыссыздық, қылмыстылықтың өсуі сияқты тежемелік құбылыстарсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Тәуелсіздіктің алғашқы сындарлы он жылы кезеңі қоғамдық өмірдің криминалдануының өсу үрдісімен, ашық пайдақорлық және күш көрсету сипаты қанық өрнектелген қылмыстылық деңгейінің көтерілуімен сипатталады.

Жедел жағдайдың объективті және заңды күрделенуі ескірген ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымның тиімсіздігінің, жаңа жағдайда қызметкерлердің жүмысқа деген кәсіби дайынсыздығының салдарынан қалыптасқан ішкі істер органдары жүйесінің қылмыстылықпен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресуде міндеттерінің нақты орындалуын қамтамасыз ету қабілетсіздігін көрсетті.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын реформалау үрдісі синхронді және жүйелі түрде 1994 жылы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының құқықтық реформасының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес басталды.

  1. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданғаннан кейін 1995 жылы 6 қазанда Қазақстан Республикаксы Президенті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тергеу Комитетін құру туралы» және «Қазақстан Республикасының тергеу және анықтауды жүзеге асыратын арнайы органдары туралы» жарлықтарына қол қойды. Осы жарлықтарға сәйкес ішкі істер органдарының жедел, тергеу бөлімшелеріне және прокуратураның тергеу органдарына сүйене отырып, 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекетте қылмыстық істер бойынша лдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыратын арнайы орган (ҚР ҰҚК-пен қатар) өз қызметін бастады. Ішкі істер органдарының заңда бекітілген міндеттері: қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу; өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру; өрт қауіпсіздігі, өрт сөндіру жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету.

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдар жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы” 1997 жылы 22 сәуіріндегі жарлығы ішкі істер органдарының және мемлекеттік тергеу комитеті органдарының құзыретін нақты анықтап берді. Соңғылары, тек ұйымдасқан және жемқорлық түріндегі қылмыстармен айналысты. Жалпықылмыстық қылмыстылық Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметінің объектісіне айналды. Жоғарыда айтылған Жарлыққа сәйкес Қазақстан Респудликасының ішкі істер органының құрылымында криминальді және әкімшілік полиция, сондай-ақ алдын ала тергеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жасақталуда. Ішкі істер органдарының статистикалық қызметі Қазақстан Республикасының Криминальді ақпарат орталығымен біріге отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының жанындағы құқықтық статистика орталығын құрады. Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бөлімшелері төтенше жағдайлар бойынша Мемлекеттік Комитетке (қазіргі кезде Агенттік) өтеді.

  3. «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, ұйымдасқан қылмыстылықпен және жемқорлықпен қарсы күресті одан әрі күшейту шаралары туралы» 5 қараша 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының жүйесін қысқартып және оның функциаларын пропорционалды ішкі істер органдарына, ҰҚК, Қазақстан Республикасының қаржы полициясы мен кеден қызметіне тапсырды. Сәйкесінше, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құрылымында ұйымдасқан және экономикалық қылшмыстылықпен күрес жөніндегі бөлімшелері пайда болды.

Мемлекттің Президенті және Үкіметі алдына қойған міндеттеріне қарай, Қазақтан Республикасының ішкі істер органдарының қызметтері күнделікті жылдамдықпен өзгеріп жатқан осы жағдайда реформалау үрдісі (дұрысырақ, жетілдіру) тұрақты және күні бүгінге дейін жалғасуда. Бірақ, бұл көбінесе ведомстваның ішінде, жүйелі және құрылымдық (криминальдық полицияның құрылымдары ішінен әртүрлі қызметтерді бөліп шығару және біріктіру, көлік ішкі істер органдарын қайта құру, түрлі қызмет және құрылымдық бөлімшелер құру және т.б.) қайта ұйымдастырушылық.

    1. Биліктің бөліну теориясының тарихы.

«Биліктің бөліну» теориясының бастамаларын ежелгі әлем ойшылдары Полибий мен Цицерон еңбектерінен байқауға болады. Сонымен, ежелгі грек философы Полибий (б.э.д. 210-128жж.) үш басқару нысанының ішінен(монархия, аристократия, демократия) ең жақсысы ретінде аралас басқару нысанына бет бұрады және мемлекеттік билікті консул, сенат және халық жиналысы арасында бөлу арқылы Рим республикасының ұлылығын негіздеген. Ежелгі Римдік мемлекеттік қайраткер Марк Туллий Цицерон(б.э.д. 106-44жж.) Полибийдің аралас басқару нысаны туралы көзқарасын патша билігі(монархия), оптиматтар билігі(аристократия) және халықтық билік(демократия) сияқты барлық қарапайым нысандардың ең жақсы қасиеттерінің үйлескен жиынтығы деп қолдаған. Патша билігінің кемшіліктері қатарына барлық қарапайым адамдардың қоғам және мемлекет істерін басқарудан шеттетілгендігі, ал жетістіктеріне келсек, билік патшаға Құдайдан берілгендіктен, оның игі пейілді болуы. Оптиматтар билігінің жетістігі – даналығында, ал кемшілігі – халық бостандығының болмауы. Демократияда керісінше, – халықта бостандық бар , бірақ оған даналық пен игі пейіл жетіспейді. Осы басқару нысандарының кемшіліктері билік етудің құбыжық түрлеріне әкеп соқтырады: патша билігі тиранияға, оптиматтар билігі – олигархияға, демократия – мемлекетке тән емес тобыр билігіне айналады.

Қазіргі заманғы «Биліктің бөліну» теориясының негізін салушылар болып саналатындар Дж.Локк және Ш.Монтескье : « Егер заң шығару және атқару билігі бір адамның қолына немесе бір ұйымға шоғырланса, бостандық болмайды, өйткені, монарх немесе сенат өзі тиімді пайдалана алатын тираниялық заңдар шығарып оларды тираниялық жолмен қолданады. Сот билігі заң шығару және атқару билігінен бөлінбеген жағдайда да бостандық бола алмайды»1. Басқа сөзбен айтқанда, олар мемлекеттік аппараттың жұмысын реттеп және биліктің бір органда шоғырлануына жол бермеу арқылы мемлекеттік билікті ұйымдастыруға ұмтылды.

«Биліктің бөліну» теориясы құқықтық мемлекет теориясының ажырамас белгісі болып табылады. Олар ХҮП аяғы –ХҮШ ғғ. басында, Европадағы ұлы буржуазиялық революция қарсаңында, алдымен Англия мен Францияда бір сәтте пайда болды десек те болады.

«Биліктің бөліну» қағидасы ретінде демократиялық мемлекеттегі мемлекеттік биліктің рационалды ұйымдастырылуын көрсетеді. Заң шығару, атқару және сот билік органдары: а). өз құзыреті шегінде, дербес; ә). мемлекеттік органдардың біртұтас жүйесін құрай отырып, өзара байланысып; б). тепе-теңдік және тежемелік жүйесі бойынша әрекет ететін біртұтас биліктің бөлшектері ретінде, өзара тәуелді әрекет етеді.

Конституция мен заңдарда бекітілген «тепе-тендік және тежемелік» жүйесі нақты заңшығару, атқару, соттық яғни, мемлекеттік билікке қатысты құқықтық шектеулердің жиынтығы болып табылады.

Заң шығару билігіне заңшығару үрдісінің әлдеқайда қатаң заңдық процедурасы қолданылады, яғни оның негізгі сатыларын реттейді. Тепе-теңдік жүйесінде негізгі рөлді Президент атқарады, яғни заң шығарушы асығыс шешім қабылдағанда қарсылық ветосын қолдануға құқылы.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кенестің қызметін құқықтық тежемелік ретінде қарастыруға болады, ол барлық Конституцияға қарсы актілерге тосқауыл қоюға құқылы.

Атқарушы билікке қатысты ведемстволық нормашығармашылық және айрықшаланған заңшығармашылық шектеулері қолданылады, тек қана заңмен ғана реттелетін қатынастарға қатысты актілер қабылдауға тыйым салынады. Бұған, президент билігінің мерзімін, импичментті, Үкіметке сенімсіздік вотумын, атқарушы биліктің жауапты қызметкелеріне заң шығару құрылымының құрамына сайлануға, коммерциялық қызметпен айналысуға тыйым салуды жатқызуға болады.

Сот билігінде де құқық шектеуші құралдар бар, олар Конституцияда, процессуалдық заңнамада, кінәсіздік презумпциясы, заң мен сот алдындағы азаматтардың теңдігі, үрдістің жариялылығы және жарыспалығы қағидаларында, соттың бас тартуы, қорғауға құқығы т.с.с кепілдіктерде көрініс тапқан.

Бұдан басқа, заң бойынша басқа органға тән функцияларды жүзеге асыруға тыйым салатын құқықтық шектеулер көрсетілген. Мемлекеттік құрылымдардың қызметі «заңмен тікелей рұқсат етілгеннің бәріне рұқсат» деген қағидаға негізделіп, олардың құзіретімен шектелуі керек.

Үшінші мыңжылдықтың басында биліктің бөлінуі өзекті және қоғамның демократиясы мен өркениеттіліктің көрсеткіші болып табылады. Қазақстан Республикасы биліктің бөліну қағидасын демократиялық республикалық құрылыстың және құқықтық мемлекетті құрудың алғы шарты ретінде қабылдады. Сонымен бірге, аталмыш қағиданың жалпылық сипаты, оны ешқашан батыс моделінен механикалық көшіру дегенді білдірмейді. Әр мемлекеттің дамуының өз жолы болады. «Биліктің бөліну» қағидасы барлық елдерге бірдей қолданылатын шаблон емес.