Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

42. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 24.03.1998 жылғы заңына жалпы сипаттама

«Нормативтік құқықтық акт туралы» (НҚА) заң 24 наурыз 1998 жылы ҚР Парламентімен қабылданды. Ол 48 бапты қамтитын 8 тараудан тұрады.

1 тарау. «Жалпы ережелер» 6 баптан тұрады.

1 бапта заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдардың тізімі берілген: нормативтік құқықтық актінің, заңнама, заң, заңға бағынышты актілердің, құқық нормаларының түсінігі және т.б.

3 бап нормативтік құқықтық актілерді негізгі және туынды түрлеріне жіктейді. Негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  1. Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

  2. ҚР Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің Заң күші бар жарлықтары; ҚР Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

  3. ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

  4. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары; және т.б.

  5. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

  6. регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

  1. ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

  2. қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

  3. нұсқаулық–заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.

Заңның 4 бабы нормативтік құқықтық актілер сатысын бекітеді. Онда олардың заңдық күшіне байланысты нормативтік құқықтық актілердің тізімі көрсетіледі.ҚР Конституциясы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар жоғары заң күшіне ие, содан кейін ҚР конституциялық заңдары және ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары келеді. 17 қазан 2001 жылы заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес ҚР кодекстерінің заң күшінің деңгейі кәдімгі заңдардан жоғары. ҚР заңдары және ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары. ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары. ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары және т.б.

Түрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің құқықтық нормаларында қайшылықтар байқалған жағдайда әлде қайда жоғары деңгейдегі нормалар әрекет етеді. Егер бір деңгейдегі нормативтік актілер бір біріне қайшы келсе кейін қабылданған актінің нормалары қолданылады.

2 тарау. «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау»

3 тарау. «Нормативтік құқықтық актілердің жлбаларын әзірлеу және рәсімдеу»

Бұл тарауда нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдарын атайды; НҚА әзірлеу тәртібі көрсетіледі; НҚА- де болуға тиіс реквизиттердің тізімі көрсетіледі – мемлекеттік елтаңба, актінің нысаны (заң, жарлық, әкім шешімі...), НҚА қабылдану орны мен уақыты, НҚА тіркеу нөмірі, уәкілдік берген адамның қолы, елтаңбалы мөр; НҚА мәтінін жазу мәнеріне, НҚА құрылымына қойылатын талаптар.

4 тарау. НҚА жобаларына ғылыми сараптама

5 тарау. НҚА қабылдау мен оны күшіне енгізу тәртібі.

6 тарау. НҚА жариялау

7 тарау. НҚА уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы.

8 тарау. НҚА ресми түсіндіру

Демек, бұл құжатты заңдар туралы заң деп атауға болады. Берілген заңмен танысу және қолдану барысында 6 наурыз 2002 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескеру қажет.