Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6М050600-«Экономика» .docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
43.69 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

«Экономика» кафедрасы

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президенті

_____________ Б.Б.Ахметов

«___» __________ 20___ж.

6М050600-«Экономика» мамандығы бойынша талапкер үшін емтихан бағдарламасы

Түркістан – 2015

Емтихан бағдарламасы ҚР Үкіметінің «23» тамыз 2012 ж. № 1080 бұйрығымен бекітілген Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мамандықтың үлгілік оқу жоспары және ҚР БҒМ «15»06-2010 ж №2 бұйрығымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы (оқу бағдарлама - таңдау компоненттері үшін) негізінде дайындалған.

Құрастырғандар :

э.ғ.к., доцент Қалтаева С.

э.ғ.к. Тажибаева Р.

Мемлекеттік емтихан бағдарламасы «Экономика» кафедрасының

№ «__» _____ 2015 ж. мәжілісінде талқыланды.

«Экономика»

кафедрасының меңгерушісі:__________________ э.ғ.д., профессор Б.С.Мырзалиев

Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, _____________э.ғ.д.,профессор С.Ыдырыс

Экономикалық теория пәні бойынша бағдарлама Кіріспе

"Экономикалық теория" курсы гуманитарлық әлеуметтік – экономикалық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Ол сондай-ақ нақты пәндерді одан әрі үйрену үшін теориялық негіз болып табылады: микроэкономика, макроэкономика, маркетинг, аймақтық экономика, менеджмент және т.б. Бұл дербес ойлап және жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен рөлі «Экономикалық теория», «саяси экономия», «Экономикс» түсініктерінің өзара байланыстары. Негізгі экономикалық түсініктер қажеттіліктер, экономикалық игіліктер, ресурстардың шектеулілігі, ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы экономикалық таңдау, альтернативтік шығындар, өндірісітік мүмкіндіктер қисығы, экономиканың негізгі үш мәселесі.

Экономикалық теория тәсілдері: логика, матералистік диалектика, экономикалық модельдер мен эксперименттер. Экономикалық категориялар мен заңдар.

Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теория қызметтері. Экономикалық теория мен экономикалық саясат.

Қоғамдық өндірістің негіздері . Адамның экономикалық қызметтері. Экономикалық мүдделер мен экономикалық іс-әрекеттің басқа да ішкі себептері. Экономикалық адамның оңтайлы іс-әрекеттерінің үлгілері.

Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары. Қоғамдық өндіріс құлылымы мен нәтижелері. өндіріс және ұдайы өндіріс. өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс. Экономикалық игіліктердің айналмалы және экономикалық агенттер арасындағы өзара байланыс.

Экономикалық жүйенің типтері және экономиканың: не, қалай, кім үшін деген негізгі мәселелерін шешу. Қоғам дамуын дәуірлерге бөлудің формациялық және өркениетті тәсілдері.

Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Иемдену және меншіктен айыру қатынастары. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. Меншік обьектілері мен субьектілері. Меншік формалары. ҚР меншік қатынастарын қайта құру. Мемлекет меншігінен алу және жекшелендіру кезеңдері, формалары әдістері. Жекешелендіру: кезеңдері, әдістері, проблемалары

Қоғамдық өндірістің нышандары. Қоғамдық өндірісті тауарлы ұйымдастыру. Қоғамдық өндірістің түрлері, сипаттамасы. Табиғи шаруашылық және оның эволюциясы. Тауарлы айырбасы. Тауардың қасиеттері. Еңбек құн теориясы. Құн заңы. Тауардың қасиеттері. Тауар айырбасы туралы. Субъективті құндылық және игіліктің шекті пайдалылық теориясы. Ақшаның пайда болуы мен мәні. Ақшаның болуы мен мәні. Ақшаның пайда болуы мен мәні. Ақшаның болуы мен мәні. Ақшаның қызметтері, қазіргі күнгі түрлері. Ақшаның айналым заңы. Постсоциалистік елдерде нарықтық қатынастардың қалыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктері.

Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін факотрлар. Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы. Нарық тепе-теңдігі.

Икемділік түсінігі. Икемділік коэфиценттері. Баға және табыс бойынша сұраныс икемділігі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі. Тұтынушылардың мінез-құлқы. Тұтынушының пайдалықты максимальдауы туралы кардиналистік және ординалистік талдаулар.

Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері. Кәсіпкерлік іс-әрекет оның негізгі түрлері мен формалары. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні: оның негізгі белгілері. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары. Кәсіпкерлік қызмет түрлері. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік: экономикалық және құқықтық шарттары, қалыптасу және даму проблемалары. Өндіріс факторларына сұраныс сипаты. өндірістік функция. Жалпы, орта және шекті өнімдер түсінігі. Кемімелі табыстылық заңы. Шығындарды азайту, пайданы жоғарлату ережесі. Жеке-дара ұдайы өндірістің негізгі принциптері: өндірушілердің шығынын азайту және пайдасын жоғарылату.

Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы. Кәсіпорынның капитал айналымы және шеңбер айналымы. Негізгі және айналым капиталы. Негізгі капиталдың физикалық және моральдық тозуы. Амортизация.

Инвестиция өндіріс құрларын қаржыландыру көзі ретінде. Инвестиция құрылымы және түрлері. Жалпы және таза инвестициялар. Өндіріс уақыты және айналым кақыты. Кәсіпорынның айналым құралдары.

Кәсіпорынның шығындары мен табысы. Кәсіпорын шығындарын жіктеу. Масштаб әсері. Трансакциялық шығындар. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Тұрақты, ауыспалы және жалпы шығындар. Орташа шығындар. Шекті шығындар. Бухгалтерлік және экономикалық пайда. Бағаның шектік шығындарды және шектік табысты салыстыру. Жетілген бәсеке нарығындағы фирманың жағдайы.

Өндіріс факторларының табысы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Өндіріс факторларының нарықтық бағасы.өндіріс факторларының нарықтық бағасы. өндіріс факторларының өзара байланысы. өндіріс факторлары нарығындағы тепе-теңдік жағдайы. Фактордың меншік иесінің табысы өндіріс факторының бағасы ретінде.

Жалақы еңбек бағасы ретінде. Процент-капиталдың меншік иесінің факторлық табысы ретінде. Жер рентасы- жер иемденушінің факторлық табысы. Пайда – кәсіпкердің факторлық табысы ретінде.

Ұлттық экономика жүйе ретінде. Ұлттық экономика түсінігі. Табыстар мен шығындардың айналымының макроэкономикалық моделі. Нақты және номиналды ЖҰө. Жалпы ұлттық өнімді есептеу тәсілдері. өндіріс және пайдалану бойынша жалпы ұлттық өнімнің маңызды статьялары. Жалпы ұлттық өнім мен таза ұлттық өнім көрсеткіштері, ұлттық табыс, жеке және қолда қалатын табыс көрсеткіштерінің өзара байланысы. Нақты және потенциалды ЖҰө. ЖҰө және экономикалық тұрмыс. Ұлттық есеп жүйесінің жалпы сипаттамасы. Ұлттық экономиканың субъектілері. Нарықтық эконогмиканы мемлекетік реттеу қажеттілігі. ЭМР: мақсатын, қызметтерінің құралдары. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үлгілері. Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік реттеу. ҚР мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

Макроэкономикалық тепе-теңдік. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы. Жеке, жалпы, нақты тепе-теңдік. Вальрас пен Патинкин үлгісі.

Ұлттық экономика деңгейіндегі тұтыну мен сақтауды кейнсиандық талдауы. Тұтыну бейімділігі мен жинақтау бейімділігі. Инвестиция және оның ролі. Инвестиция және сақтау: тепе-теңдік мәселесі. Мультипликатор. Дефляция және инфляция. Туынды инвестициялар және акселератор. Үнемділік парадоксы. «АD-AS» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің модельдері.

Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде. Нарықтық экономиканың ауытқымалы түрде дамуы. Циклдық өзгерістердің себептері. Экономикалық цикл және оның түрлері. Орта мерзімдік цикл, оның фазалары. Экономикалық коньюктураның негізгі көрсеткіштері және циклдың әртүрлі фазаларындағы олардың динамикасы. Экономикалық конъюнктураның негізгі көрсеткіштері және олардың түрлі фазаларындағы линамикасы. Аграрлық дағдарыстар олардың өнеркәсіптік дағдарыстан ерекшеліктері. Құрылымдық дағдарыстар.

Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық түсінігі. Жұмыссыздық көрсеткіштері. Жұмыссыздықтың негізгі формалары. Қазіргі нарықтық экономикадағы ұмыссыздықтың негізгі себептері. Толық жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың жалпы ұлттық өнім шамасына әсері. Оукен заңы. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың түрлері мен формалары. Инфляция түсінігі және қазіргі жағдайдағы инфляция себептері. Инфляция түрлері. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары. Филлипс қисығы.

Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары. Экономикалық саясаттың мақсаты мен іске асыру құралдары. Ақша жүйесінің түсінігі мен типтері. Ақша ұсынысы. Банк депозиттерінің құрылу процесі. Ақша ұсынысының мультипликаторы. Экономикалық саясаттың несиелік механизмі.Ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныстың әртүрлі концепциялары.ақша нарығындағы тепе-теңдік. Ақшаның сандық теориясы.

Несиенің мәні мен формалары. Қазіргі несие жүйесінің құрылымы. Несие жүйесінің қызметтері. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы. Мемлекеттік бюджет: түсінігі мен құрылымы. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс. Мемлекеттік шығындардың өнім шығынына ықпалы. Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салықтың түрлері. Салық мультипликаторы. Бюджет тапшылығы. Тапшылықты қаржыландыру тәсілдері. Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз. Мемлекеттік қарыздың елдегі экономикалық дамуға ықпалы. Нарықтық экономикадағы табыстар. Табыстар теңсіздігінің себептері. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктерді өлшеу (Лоренц қисығы. Джини коэффициенті). Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні мен мақсаттары. Әлеуметтік тапсырыс. Әлеуметтік стандарттар. Микродеңгейдегі әлеуметтік сасясат. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні мен формалары: капиталдың халықаралық қозғалысы, жұмыс күшінің халықаралық миграциясы, әлемдік ақша жүйесі. Қазақстан Республикасының әлемдік шаруашылықтағы орны. ҚР-ның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жолдары.

Экономикалық өсу. Экономикалық өсу ұғымы, оның өлшемі. Экономикалық өсудің түрлері мен жағдайлары. Экономикалық өсудің жаңа классикалық және жаңа кейнсшілдік модельдері. В.Леонтьевтің шығын-өнім кестесіндегі макропропорцияларды үлгілеу. Экономикалық өсу факторлары. Экономикалық өсудің нөлдік (Рим клубы) және экономикалық даму (Рио-де Жанейро) тұжырымдамасы.