Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6М050600-«Экономика» .docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
43.69 Кб
Скачать

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

  1. Тарануха Ю.В., Земляков Д.Н. Микроэкономика – М.: Издательство «Дело и сервис», 2002. – 304с.

  2. Ивашковский С.Н. Микроэкономика: Учеб.- 3-е изд., испр – М.: Дело, 2002 – 416с.

  3. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика – М.: «Экономика», «Дело», 1992 – 510с.

  4. Гальперин В.М. Микроэкономика: учебник – СПб.: Экономическая школа, В 2-х т., 1998

  5. Тарасевич Л.С. Микроэкономика: учебник – М: Юрайт-Издат, 2003 – 375с.

  6. Кац М. Микроэкономика – Минск: ООО Новое знание, 2004, 828с.

  7. Пятьдесят лекций по микроэкономике: учебник – СПб.: Экономическая школа, 2000

  8. Мэнкью Н.Г. Принципы микроэкономики: учебник – СПб.: Питер, 2003 – 560с.

  9. Емцов Р.Г. Микроэкономика: учебник – М.: Дело и Сервис, 1999 – 320с.

  10. Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика: учеб. пос. – Алматы: Казстатинформ, 2001 – 240с.

  11. Нуреев Р.М. Курс микроэкономики: Учебник для ВУЗов – М.: НОРМА, 2005 – 576с.

  12. Макконнелл К., Брю С. Экономикс: Принципы, проблемы, политика. – Т.2 – М.: Республика, 1992 – 400с.

  13. Мамыров Н.К. Микроэкономика: учеб.пос. – Алматы: Экономика, 1997 – 276с.

  14. Овчиников Г.П. Микроэкономика: конспект лекций – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000 – 77с.

  15. Чеканский А.Н. Микроэкономика. Промежуточный уровень – М.: ИНФРА-М, 2005 – 382с.

  16. Базылев Н.И. Микроэкономика – М.: ИНФРА-М, 2004 – 206с.

  17. Микро- макроэкономика: Практикум/Под ред. Огибина Ю.А. – СПб: «Литера плюс», «СПб оркестр», 1994 – 432с.

  18. Селищев А.С. Практикум по микроэкономике: Ситуации. Задачи. Тесты. – СПб.: Питер, 2005 – 432с.

  19. Сборник задач по микроэкономике к «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреев – М.: НОРМА, 2004 – 432с.

  20. Микроэкономика: практический подход. Учебник для ВУЗов/Под ред. А.Г. Грязновой, А.Ю. Юданова – М.: КНОРУС, 2004 – 672с.

  21. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. – М.: Финансы и статистика, 1992

  22. Томсон А. Экономика фирмы: учеб.пос. – М.: БИНОМ, 1998 – 544с.

  23. Самуэльсон П. Экономика: вводный курс. – М.: Прогресс, 1964 – 844с.

  24. Маршалл А. Принципы экономической науки. В 3-х ч. – М.: Прогресс, 1993

  25. Коуз Р. Фирма, рынок и право. – М.: Дело, 1993 – 192с.

Макроэкономика пәні бойынша бағдарлама

Кіріспе

Пәнді оқыту мақсаты. Экономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен модельдер түрінде жүйелеп – қорытуға ұмтылады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ажыратады. Макроэкономика өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтың ұзақ мерзімді өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін (ауытқуларын) зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадағы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мынадай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұсыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с. Қазақстан Республикасы егемендік алып, нарықтық қатынастарға бет бұрғалы бірнеше жыл өтті. Егер бұрын елімізге экономикалық дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық тән болып, қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуді талап етсе, бүгінде экономикалық өсу мен ұлттық экономиканың тұрлаулы дамуы басты мұратқа айналып отыр. Осының бәрі болашақ маманның макроэкономикалық талдау қағидаларын меңгеруін талап етеді.

Макроэкономика

Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары. Негізгі ұғымдары. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді және эндогенді айнымалылар. Экономикадағы ағындар мен қорлар. Статистикалық ақпарат.

Жалпы ішкі өнімді қосылған құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістері бойынша есептеу. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Атауы және нақты айнымалылар. ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері. Ұлттық есепшоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, қолда бар табыс. Кірістер мен шығыстардың ауыспалы толассыз айналымы. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.

Жабық экономикадағы жиытық сұраныс (АD) және оның анықтауыш факторлары. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық үлгілері. Икемді еңбек ақы. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі. Тұрақтандыру саясаты.

Өндіріс факторы. Өндіріс функциясы. Нақты жалақы және нақты капитал бағасы. Өндіріс факторлары арасында ұлттық табысты бөлу. Еңбек нарығы. Еңбекке деген сұраныс. Жиынтық ұсыныс қисығын тұрғызу. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық көзқарас. Икемсіз еңбек ақы. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.

Тұтыну функциясы. Тұтынуға деген шекті бейімділік. Пайыздық мөлшерлеме және инвестициялық функция. Мемлекеттің кірісі мен шығысы.

Жоспарланған және нақты шығындар. Кейнстік крест. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Табыстың тепе-теңдік деңгейі. Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультифликаторы мен салық мультифликаторы. Игіліктер нарығындағы тепе-теңдік. Игіліктер нарығы және IS қисығы. Салық-бюджет саясатының әсері.

Ақша функциясы. Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық теориясы. Ақша айналысының жылдамдығы. Ақша нарығы. Нақты және атаулы пайыз бағамдары. Фишер теңдеуі.

Ақшаға сұраныстың кейнсиандық және классикалық теориялары. Өтімділікті қалау теориясы. Ақшаға деген сұраныс функциясы. Баумоля-Тобин үлгісі. Ақша массасы және ақша базасы. Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультифликаторы. Ақша саясатының құралдары. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM қисығы.

Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі. Жиынтық сұраныс қисығын шығару әдісі. AD-AS және IS-LM үлгілері арасындағы байланыс. Инвестицияны ығыстыру нәтижесі. Кейнстік тұтыну механизмі. Салық-бюджет саясаты және оның IS-LM үлгісіне ықпалы. IS-LM үлгісіне салық-бюджет саясаты және қаржы-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі. Жабық экономикадағы жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың ықпалы.

Экономикалық циклдер және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы. Инфлияция және ұсыныс тітіркенімдері. Бағалар серпіні. Жұмыссыздық нысандары және оның табиғи деңгейі. Оукен заңы. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі. Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы.

Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы. Күтілген және күтілмеген инфляция. Бейімді және ұтымды күтулер. Бюджеттік тапшылық және оны қаржыландыру. Салық түсімдерінің жиыны үшін Лаффер қисығы. Сеньораж және инфляциялық салық.

Шағын ашық экономика. Төлем балансы. Ағымдағы есепшот, капитал қозғалысының есепшоты, ресми резервтер. Айырбас бағамы. Сатып алу қабілетінің паритеті.

Ашық экономикадағы жиынтық сұраныс. Экспорт пен импорт тәуелділіктері. Сіңісу және сауда балансы. Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі. Капитал жұмылдырылғыштығы. Айырбас бағамы мен басқа факторлардың IS және LM қисықтарының орналасуына ықпалы.

Айырбас бағамдары тіркелген жағдайдағы ашық экономикадағы тепе-теңдік. Капитал жинақылығының икемділігі. Толық капитал жинақылығы жағдайындағы бюджет және ақша саясаты.

Айырбас бағамы құбылмалы жағдайдағы ашық экономика. Жиынтық сұраныс қисығын тұрғызу. Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы. Айырбас бағамдары тіркелген және құбылмалы жағдайлардағы макроэкономикалық саясатты салыстыру. Күту және айырбас бағамының динамикасы.

Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар. Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі. Ауқым қайтарымдылығы. Экономикалық өсу үлгісінің сызбалық бейнесі. Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар. Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі. Қорлану мөлшері берілген жағдайда капиталмен қамтамасыздандырудың тұрлаулы деңгейі. Қорланудың «Алтын ережесі». Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейі. Халық санының өсуі мен технологиялық ілгерлеушіліктің ықпалы.