Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек стат каз_2014.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
560.64 Кб
Скачать

2. Тақырып. Нарықтық экономика жағдайында статистиканы ұйымдастыру және оның мiндеттерi

1. ҚР-дағы мемлекеттiк статистика мен халықаралық статистиканы ұйымдастыру

Жоғарыда айтылып кеткендей, статистикалық жұмыс дегеніміз жалпы құбылыс жайлы сандық мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау жасауға қолайлы формада ұсыну, алынған нәтижелерді болжау және интерпретациялау болып табылады.

Мәліметтерді жинау жалпы зерттеудің негізі болады. Қолданылатын мәліметтердің сапасына, олардың ақиқаттығы мен дәлдігіне талдау нәтижесінің сенімділігі тікелей байланысты. Статистикалық ақпаратқа адамдар әр түрлі қарайды: біреулер оларды мойындамайды, басқалар сөзсіз сенеді, үшіншілер ағылшын саясатшысы Б.Дизраэлдің (1804-1881) келесі пікіріне қосылады: «Өтірік бар, әдепсіз өтірік бар, сонымен қатар, статистика да бар». Бірақ келесі тұжырым да оған тиесілі: «Өмірде ең жақсы ақпаратқа ие адамдар көбірек жетістікке жетеді». Статистикалық ақпарат негізінде үкімет өзінің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізеді, нәтижелерін бағалайды және экономикалық болжам жасайды. Статистикалық ақпарат мемлекеттер арасындағы екі жақтық және көп жақтық экономикалық келісімдерді дайындауды қамтамасыз етеді. Статистика әр аймақтағы тауарлардың түрлі баға деңгейлері, несие беру шарттары, инфляция деңгейі мен қарқыны, еңбекпен қамтылу және т.б. жайлы аймақтық мәселелерді шешу үшін және кәсіпорын қызметі үшін қажетті ақпарат береді. Сонымен қатар статистика, қандай да бір дәрежеде, бәрiмiзге мінез-құлқы стратегиясын таңдау кезінде шешім қабылдау үшін қажет болады.

Кез-келген деңгейде және кез-келген салада статистиканы қолдану тиімділігі, көбінесе, бастапқы мәліметтер сапасымен анықталады.

Статистикалық мәліметтерді қайдан алуға болады?

Статистикалық мәліметтерді ең алдымен түрлі баспа көздерінен алуға болады. Көптеген статистикалық мәліметтерді (валюта бағамы, валютаны сату көлемі, баға тербелісі, қарқыны және формалары) үнемі кездестіруге болады.

Мәліметтерді жинауда мемлекеттік статистиканың бас мамандары мен экономикалық және статистикалық ғылымдардың өкілдері жұмыс жасайды.

Соңғы кезде Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің әдістеме жұмыстары, ең алдымен Қазақстан Республикасының ұлттық есеп жүйесін жасауға, халықаралық стандартқа сәйкес келетін есеп пен статистиканы интегралдау жүйесін енгізуге бағытталған. Ол экономиканың негізгі пропорцияларын қалыптастыруды зерттеуге және халықаралық практикада, сонымен қатар, инфляция мен өмір деңгейінің өзгеруінде қолданылатын, маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс халықаралық статистикалық ұйымдар мен дамыған елдердің Ұлттық статистикалық қызметінің қатысуымен жүреді. Ұлттық статистикалық қызметтер мен аймақтық деңгейлер арасында халықаралық байланыстар кең тарады.

Халықаралық статистикамен БҰҰ, ФАО (БҰҰ-ның Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымы), ЮНЕСКО (БҰҰ-ның Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi ұйымы), МОТ (Халықаралық еңбек ұйымы), Еуропа одағы, Әлемдік банк және басқа халықаралық ұйымдар айналысады.

Халықаралық статистиканы ұйымдастыруды Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық қызметтері, оның мамандандырылған ұйымдары (МОТ,ФАО, ВОЗ және т.б.) және басқа ұйымдар – экономикалық бірлестік және даму ұйымдары (ОЕСД), Еуропалық Одақ (ЕО), Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) әлемдік банк және т.б. жүзеге асырады. Бұл ұйымдардың статистикалық қызметі халықаралық стандарттарды жасау, әр елдердің статистикалық көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз ету, халықарлық салыстыру жүргізу, елдер тобы, аймақтар және толық әлем бойынша мәліметтерді баспаға шығаруды қамтиды. Шет елдің ұлттық және халықаралық статистикалық баспаларын, отандық сияқты, статистиканың барлық бөлімдерінің мәліметтерін қамтитын жиынтық және қаржылық, демографиялық, ауыл шаруашылығы және т.б. статистика бойынша қандай да бір саланың мәліметтерін қамтитын мамандандырылған деп екiге бөлуге болады. Жиынтық баспалардың ішіндегі маңыздысы - Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын шығаратын - Statistical Yearbook. Статистика саласындағы ғылыми халықаралық орталық Халықаралық статистика институты болып табылады (ISI).

ТМД –ға мүше елдердің статистикалық қызметтерінің жұмысын бағыттауды 1992 жылы құрылған ТМД Статистикалық комитеті жүзеге асырады. ТМД елдері мен жақын шетел мемлекеттері бойынша статистикалық жинақтар шығарылады.

Статистикалық баспалар – статистикалық ақпараттың мүмкін болатын көздерінің бірі. Оларды қолдана отырып, алынған санның қаншалықты нақты екеніне, яғни статистикалық мәліметтерге, сынмен қарау керек. Мәліметтерді әр түрлі баспа көдерінен алу пайдалы. Егер олардың арасындағы айырмашылық бірнеше есе болып елеулі ауытқыса, онда ол мәліметтерге сенуге болмайды. Мемлекеттік статистика мәліметтерінің сенімділігі қандай да бір көрсеткіштің бірнеше жылдар бойы динамикасын бақылау мүмкіндігін беретін, көптеген жағдайда халықаралық стандартқа сай болатын, ортақ әдістемені қолданатын, арнайы мамандандырылған қызметкерлердiң кәсіптік жұмыстарының нәтижесімен анықталады. Егер статистикалық жинақтардан сәйкес мәліметтерді таппасақ, оларды өзіміз алуға болады, яғни мәліметтерді жинаудың ғылыми ұйымдастырылған түрі- статистикалық бақылау жүргізу керек. Мемлекеттік статистика жүйесінде жүргізілетін жұмыс көлемінің үштен бірінен артығы мәліметтер алуға байланысты. Статистикалық бақылауды кім өткізсе де, қашан өткізсе де, статистикалық зерттеудің сенімділік негізін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін белгілі бір ережелерді сақтау арқылы ұйымдастырылуы керек.