Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек стат каз_2014.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
560.64 Кб
Скачать

8 Тақырып. Индекстер

  1. Индекс түсiнiгi

  2. Индекс орталық беталыс көрсеткiшi ретiнде (жеке(дара) индекстер арасындағы орташа индексi )

  3. Агрегаттық индекстер. Индекстер жүйесi.

Индекс (index) сөзiнiң өзi көрсеткiш деген мағынаны бiлдiредi. Әдетте бұл термин өзгерiстiң кейбiр қорытындылаушы сипаты үшiн қолданылады. Мысалы, сiздерге белгiлi Доу Джонс индексi, iскерлiк белсендiлiк индексi, өнеркәсiптiң өндiрiс көлемiнiң индексi және т.б. "Индекс" терминi, сирегiрек, жағдайдың қорытындылаушы индексi ретiнде де қолданылады, мысалы, IQ интеллектуалды даму индексi.

Бұл тақырыпта индекстердi, алдымен, өзгерiс көрсеткiштерi ретiнде қарастырамыз. Мұндай көрсеткiштердi пайдалану саласы шексiз екенi анық: стортшылар өздерiнiң жетiстiктерiн жақсартуға тырысады, кәсiпкер пайданы көбейтуге ұмтылады және т.б. Барлық жағдайда өзгерудi сандық түрде көрсету қажет. Баға, өмiр сүру деңгейi, ақшаның сатып алу қабiлеттiлiгi және басқалар қалай өзгердi? Индекстер осы сұрақтарға жауап алуға мүмкiндiк бередi.

Алдыңғы бөлiмде сiздер абсолюттiк және салыстырмалы өзгерiстердi анықтайтын көрсеткiштермен таныстыңыздар: өсу және өсiм қарқындары, өсiмi, абсолюттiк өсiмi, тiзбектi және базистiк көрсеткiштер, кезеңдегi орташа өзгеру көрсеткiштерi. Индекстердiң өзiндiк ерекшелiкттерi қандай? Ондай ерекшелiктер – үшеу.

Бiрiншiден, индекстер күрделi құбылыстардың өзгерiстерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Мысалы, тұрғындардың қала көлiгiне кететiн шығындары бiр жылда қалай өзгергенiн анықтау қажет. Бұл сұраққа жауап беру үшiн, сiздер қала көлiгiнiң барлық түрлерiнде бiр жылдағы тасымалданған жолаушылар санын бiлуiңiз керек, орташа бiр айлық жолаушылар санын есептеп немесе айлық есептерден дәл мәлiметтi алып, санын тасымалдау тарифiне (орташа бiр айлық жолаушылар санын қолданған жағдайда - қызмет еткен айлар санына) көбейтiп, алынған шамаларды қосуыңыз керек. Өткен жылдың мәлiметтерi бойынша да соны қайталау керек. Содан соң соңғы жыл шығындарының сомасын өткен жылдағы сомамен салыстыру қажет. Бұл динамиканың қарқыны мен өсiмiн есептегендей екi санды жай ғана салыстыру емес, қандай да бiр агрегирленген (бiрiктiрiлген) шамаларды алу және салыстыру.

Екiншiден, индекстер жеке факторлардың рөлiн анықтап, өзгерiстердi талдауға мүмкiндiк бередi. Мысалы, жолаушылар санының өзгеруi мен тасымалдау тарифiнiң өзгеруiне, көлiктiң алуан түрлерiмен тасымалдау көлемiндегi өзара қатынастарға байланысты қала көлiгiнен түскен түсiм сомасы қалай өзгеретiнiн анықтауға болады. Үшiншiден, индекстер тек қана өткен кезеңмен салыстыру (уақыт бойынша салыстыру) көрсеткiштерi ғана емес, басқа территориямен (кеңiстiк бойынша салыстыру), сонымен қатар нормативтермен салыстыру. Мысалы, берiлген жылдағы орташа бiр жанға шаққандағы еттi тұтыну өткен жылмен (немесе басқа кезеңмен) салыстырғандағы өзгерiстердi бiлу ғана керек емес, сонымен қатар Батыс пен Шығыстың дамыған елдердегi орташа бiр жанға шаққандағы еттi тұтыну көрсеткiштерiн салыстырып, тиiмдi қоректену мөлшерiне сай нормативтi шамалармен салыстыру керек. Салыстырудың әрбiр бағыты қандай да бiр жаңалық енгiзетiнi айдан анық.

Индекстiң анықтамасы өте көп. Олардың iшiнен мүмкiндiгiнше ең қысқасын қарастырайық.

Индекс дегенiмiз бiр ғана құбылыстың (өлшенетiн немесе өлшенбейтiн элементтерден тұратын жай және күрделi) екi жағдайын салыстыру көрсеткiшi.

Әр индекс мәлiметтердiң екi түрiн қамтиды: есептi деп аталатын бағаланушы мәлiметтер "1" белгiсiмен, және салыстырудың базасы ретiнде қолданатын мәлiметтер - базистiк-"О" белгiсiмен белгiленедi.

Қорытындылаушы шамаларды салыстыру ретiнде құрылатын индекстер жиынтық (немесе жалпы) индекстер деп аталады және / арқылы белгiленедi, ал егер жалпыланған емес шамаларды салыстырсақ жеке (индивидуалды) деп атайды да, '/, арқылы белгiлейдi. Қай шаманың бағасы үшiн индекс құрылғанын көрсететiн белгi, әдетте, жолдың астына жазылады. Мысалы, немесе , q шамасы үшiн сәйкес жиынтық (немесе жалпы) және жеке индекстер.

Уақыт бойынша салыстыру осы күн мен кешегі күндегі өндірілген өнім көлемін, жалпы индекс бойынша қыркүйек айындағы бағаны тамыз айымен салыстыру және т.б. сияқты қысқа мерзімді қамтуы мүмкін. Жалпы индекс бойынша салыстыру ертеде өткен мерзіммен, мысалы, қазіргі мәлiметтер соғыстың алдындағы 1940 жылмен, немесе экономика құрылымдық өзгеріске ұшырай қоймаған, 1986 жылғы қайта құру кезімен салыстырылуы мүмкін. Базистік мерзімді таңдау, үнемі, индекс құрылатын мәселемен түсіндіріледі. Әдетте екі ережені ұстанамыз: салыстыру базасы тұрақты деңгейді немесе экстремалды мәндi – яғни, жоғары жетістік немесе төменгі деңгейдi (экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі кезінде) көрсетеді. Әрине, ертеде өткен мерзіммен салыстыру, алдыңғы тарауда айтылғандай, қосымша қиындықтар тудырады. Индекс құру кезiндегi, оған ғана тән, ерекше проблемалар жайлы төменде айтылады.

Сіздер, тұтынушы бағасы төмендеді немесе өсті дегенді жиі естисіздер. Бұл жағдайда тұтынушы тауарлардың баға индексі жайлы сөз болады. Жалпы өзгеріс жеке тауарлардың бағаларының өзгеруіне байланысты болады. Сондықтан біз бірнеше қатынастарды қарастырамыз. Орташа үлестіру ортасының көрсеткіші болғандықтан, жиынтық индексті де орталық тенденцияның көрсеткіші деп атаймыз. Ол жиынтық индексті қалай алу проблема болып табылады. Алғаш рет, ол бағаның жиынтық өзгерісін, немесе баға сомаларының қатынасын, немесе жеке тауарлар бағаларының өзгерісін бағалау кезінде пайда болды.

Біз жеке индекстер негізінде жиынтық индекстерді құрумен таныстық. Бірақ басқа жолды да қолдануға болады. Ласпейрес и Пааше индекстерінің формулаларын қарастырайық. Мұндай индекстер базистік және ағымдық жылдардағы сатылған тауарлар көлемі жайлы мәліметтер негізінде есептелінеді.

Агрегатты индекстер индекстердің негізгі формасы болып саналады. Олар екі қызмет атқарады: синтетикалық және аналитикалық. Бірінші қызметі бірдей өлшеуге келмейтін құбылыстарды бір индексте қорытындылауды (синтездеуді) қамтамасыз етеді. Мысалы түрлі тауарлардың бағасын қалыпты (натурал) түрде салыстыруға болмайды. Тек қана бағалық өлшегіштердің көмегімен түрлі тауарлар бойынша мәліметтерді агрегирлеуге болады. Екінші аналитикалық функция индекстердің өзара әсерінен шығады. Практика жүзінде әр индексті қандай да бір индекстер жүйесінің құраушысы ретінде қарастыруға болады. Жүйедегі оның рөлі – күрделі құбылыстың жалпы өзгеру факторларының бірін және осы фактордың жиынтық өзгеріске қосатын үлесін өлшеу. Мысалы, баға индексін бағаның өзгеруінің сатудан түскен пайдаға әсерін көрсететін көрсеткіш ретінде қарастыруға болады. Бұл тұжырым белгілердің келесі байланысына сүйенеді:

Көлемі * бағасы = пайда (немесе сатуға кеткен шығындар), яғни

,

Белгілер жүйесіне индекстер жүйесі (яғни олардың өзгеруінің көрсеткіштері) сәйкес келеді. Осы жазу индекс тұжырымының талдау әдісіне сәйкес келетініне көңіл аударыңыздар. Егер біз, немесе , деп көрсететін болсақ бір ғана фактордың (q немесе p) әсерінен нәтижелік құбылыстың жалпы өзгеруі жайлы сөз қозғағанымыз. Әрине 1q және 1р деп шектелсек те, мағынасы жағынан ештеңе өзгермейді.

Агрегаттық индекстерді құру кезінде "индекстеуші белгі" және " белгі-салмақ" деген еген түсініктерді қолдану ыңғайлы. Индекстелушi - өзгеруі берілген индексті сипаттайтын белгі. Мысалы, -да q, в -да - p. Индекстелушi белгі мәні өзгереді, яғни ағымдық мән базистік мәнмен салыстырылады.