- •Мемлекеттік тіл мәртебесі
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс туралы
- •Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы – ы. Алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Диктант «бурабай»
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері астана – қазақстан республикасының бас қаласы.
- •Тоқтар оңғарбайұлы әубәкіров
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет. Қармту- білім ордасы
- •Ә.С. Сағынов – академик, ғалым
- •Энергетика , телекоммуникация және автоматтандыру институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Аралық тест студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Электрмагнитті жүйе
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Радиотелефон байланысы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Телекоммуникация
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Болашақ бағдарламасы жайында
- •Қоңырау
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Электрқуатының екі түрі
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Радиотехника өнеркәсібі
- •Телефон байланысы
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Өткізгіш және оқшаулатқыш
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Жарық реттегіш
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Электр желі
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Трансформатор
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Радиоэлектроника
- •Өсімдік және медицина
Мемлекеттік тіл мәртебесі
Тіл дегеніміз – адамды адаммен, халықты халықпен жақындастыратын ерекше құрал. Сол себепті біздер достықтың құралы және еліміздегі бірліктің негізі ретінде тілді ерекше құрметтеуіміз керек. Ана тілінде әркімнің білім алуына жағдай жасау, олардың ұлттық мәдениетін дамыту – маңызды мемлекеттік стратегия.
Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі- бай тіл. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуде. Олар қазақ тілін арнайы курстарда, мектептер мен университеттерде оқиды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халыққа Жолдауында былай деп атап өтті: біздер қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеміз, көп ұлтты және көп мәдениетті келісімін бірегей ұлттың алға дамуын қамтамасыз етеміз."
Мемлекеттік тіл – Қазақстанның болашағы.
Тапсырмалар:
Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар: ана тілі, мемлекеттік мәртебе, басқа халықтар, жағдай жасау, достықтың құралы, мәдениетті дамыту.
Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар: құрметтеуіміз, жолдауында, дәстүрін, жақындастыратын, ғасырлық, мәдениетін, достықтың, еліміздегі, халықты.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.
Мына нақыл сөздерді оқып, аударыңыздар:
Түрлі-түрлі байлықтар бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы- бәрінен де сенімді байлық.(Ғ.Мұстафин).
Сөзді бағалар, сөзге тоқтар, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі. (Ілияс Омаров).
Мәтіннен омоним, синоним, антоним сөздерді теріп жазыңыз.
Тіл туралы заң
1989 жылы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Бұл 1993 жылғы Конституцияда бекітілді. 1990 жылдан бері қазақ тілі заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңы 1997 жылдың 11-шілдесінде шықты.
Тіл туралы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мына сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құрастырыңыз: қатынастар, ұйымдастырушылық, міндетті, құқықтық, өкілді, атқарушы, дамыту, топтастыру, қабылдау.
4. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз
5. Мына мақалдарды жазып, аударып, жаттап алыңыздар.
Өнер алды – қызыл тіл.
Сәлем – сөздің анасы.
Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
Ең тәтті де – тіл,
Ең ащы да – тіл,
Ең жұмсақ та – тіл,
Ең қатты да – тіл.
ТІЛ – ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ
Қыркүйектің 22-сі Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесі күні болып жариялануы – аса маңызды гуманистік қадам. Бұл, ең алдымен, тілге, сол арқылы мәдениет пен өнерге қоғам мен мемлекеттің көрсеткен құрметі.
Тіл – адамдар қатынасының аса маңызды құралы. Адам өз ойын екінші біреуге тіл арқылы, яғни сөзбен айтып жеткізеді. Осындай аса маңызды қатынас құралын дұрыс пайдалану, яғни дұрыс сөйлей білу – үлкен өнер. Адамның білімділігі, мәдениеттілігі оның сөйлеген сөзінен көрініп тұрады. Кісінің абыройлы, беделді болуы да оның дұрыс сөйлей білуіне байланысты.
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше құрал. Тілі жоқтың күні жоқ, келешегі жоқ. Мұны ешбір ел, ешбір халық қаламайды. Халықтың жаны – тіл.
Тіл жылдан-жылға дамып, жетіле береді де, оның сөздік қоры молая түседі. Сөйлеген сөзіміз әдемі, тартымды әрі көркем болу үшін, біз әдеби кітаптарды, яғни көркем әдебиет пен прозалық шығармаларды, поэзиялық шығармаларды көп оқуымыз керек. Сонда ғана сөйлеу мәнеріміз, тіл мәдениетіміз жоғарылайды.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
2. Сұрақтарға жауап беріңіз
а) Тіл мерекесі қашан атап өтіледі?
ә) Адам өз ойын не арқылы жеткізеді?
б) Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді?
в) Халықтың жаны не?
г) Адамның беделді болуы неге байланысты?
3. Мәтіннен синоним сөздерді тауып, аударыңыз.
4. Мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз:
маңызды іс, тіл мерекесі, өз ойы, үлкен өнер, сөздік қоры, қатынас құралы, дұрыс сөйлеу, тіл мәдениеті.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.
2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары: (1-тақырып) [14,15,17,18,19].
«Төрт Ана» М.Шаханов. «Үш бақытым» М.Мақатаев.
«Ана тілің – арың бұл». Қадыр Мырзалиевтардың өлеңдерін жаттау.
2-тақырып. Адам бәрін жасайды. Билл Гейтс туралы. Қолөнер.
Қазақ тіліндегі жалғау түрлері: көптік, септік, жіктік, тәуелдік. Тәуелді септеу.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау.
3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.
4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.