Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Қаныш имантайұлы сәтбаев

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899 – 1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ. Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі.

Ол – геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

Тапсырмалар.

1. Мәтінннен жалқы есімдерді теріп, жалғауларын көрсетіңіз.

2. Мәтіндегі пайдалы қазбаларды тауып, оларды септеңіз.

3. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

4. Көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.

5. Мәтіннен екі-үш етістік алып, жіктеңіз.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Қ.Сәтбаев кім болған?

  • Қ.Сәтбаев қай жерде туған?

  • Қандай оқу орынын бітірген?

  • Қай жердің кен байлығын ашқан?

  • Қандай сыйлықтар алған?

  • Қандай мектептің негізін қалаушы?

Жаттығу. Демеуліктерді табыңыз.

1. Сен айтқаныңды орындамадың ғой.

2. Демек, ештеңе білмейді екенсіз ғой.

3. Үйге дейін жеттік-ау.

4. Ол саяхатқа баласын ғана алды.

5. Маған ұлттық киімнің бәрі ұнайды, әсіресе сәукеле.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1. Автоматтандыру саласына байланысты 10 сөз тіркесін жазыңыз.

2.Мамандық әлемінде тақырыбына слайд.

2-тақырып. Адам және қоғам. Салауатты өмір салты.

Электрмагнитті жүйе. Көсемше.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]