Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. 1.Тақырыбы: Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері

  2. Құрмалас сөйлем

  3. 2. Мақсаты: Құрмалас сөйлем түрлерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына мысалдар келтіре отырып, өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру.

  4. 3. Міндеті:Жаңа сабаққа қатысты медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

  5. Когнитивті – білім компетенциясы: деңгейлік тапсырмалар арқылы жай сөйлемнен алған білімдерін кеңейту, сөздік қорын байыту.

  6. Операционалды – дағды компетенциясы: медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

  7. Коммуникативті компетенция: мәтінде кездесетін медициналық терминдердің қазақша айтылуын және жазылуын үйрету.

  8. Өзін-өзі дамыту компетенциясы: шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге баулу.

  9. 4.Негізгі ұғымдар:денсаулық сақтау құқығы, медициналық көмек, медицина ғылымы тұрғындарға, жоғары сапалы, ауруханалық мекемелер, емдеу бөлімшелері, басты байлығы, қабылдау, мамандырылған, құрмалас сөйлем туралы түсінік, олардың жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.

  10. 5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

  11. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

  12. Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

  13. Жаңа сабақ

  14. Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25 мин.)

  15. Лексикалық материалмен жұмыс

  16. Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

  17. Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

  18. Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

  19. Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

  20. Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

  21. Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

  22. 6.Өткізу түрі: Аралық сабақ

  23. 7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, ұжымдық талдау, баяндау.

  24. 8.Көрнекі құралдар:Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлеріне арналған кесте, құрмалас сөйлем түрлері жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.

  25. 9.Тапсырмалар

  26. Құрмалас сөйлем

  27. В казахском и русском языках предложения по своей структуре бывают простые и сложные.

  28. Простым называется предложение, выражающее законченную мысль и содержащее подлежащее и сказеумое.

  29. Сложным (құрмалас сөйлем) называется предложение, которое состоит из двух или нескольких простых предложений, объединенных по смыслу, составляющих единое целое.

  30. Частями сложного предложения служат простые предложения. Они объединяются в сложные двумя способами: а) при помощи союзов: да (де), та (те), және (и), бірақ (однако), немесе (или), өйткені (потому что), сондықтан (поэтому) и интонаций. Мысалы: Асқар институтқа ерте келді де, бірінші дәріске қатысты. Ажар медицина университетіне оқуға түсті, себебі ол дәрігер мамандығын ұнатады.

  31. По характеру связи и по способам выражения отношений между составляющими их частями сложные предложения и в казахском, и в русском языках подразделяются на две больше группы: на сложносочиненные (салалас құрмалас) и сложноподчиненные предложения (сабақтас құрмалас).

  32. Құрмалас сөйлемді слайд арқылы түсіндіру

  33. Тақырып бойынша сұрақтар:

  34. 1. Құрмалас сөйлемнің құрамында ең кемінде неше жай сөйлем болады?

  35. 2. Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

  36. 3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кез келген сөз табынан бола бере ме?

  37. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері:

  38. 1–жаттығу. Сөйлемдерді жазып алыңыз. Жай сөйлемдердің қалай байлынысып (жалғаулықтар немесе интонация арқылы) тұрғанын айтыңыз.

  39. 1. Мен дәрігермен сөйлестім және анализ тапсырдым. 2. Ажар дәріханадан дәрі сатып алды, үйге келіп дәріні анасына берді. 3. Қыс бітті, көктем басталды. 4. Олар конференцияда баяндама жасады, біз практикада болдық. 5. Жанаттың досы Астанадан келетін болды, сондықтан біз оны сағат үште қарсы аламыз.

  40. 2 -жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді қатыстырып, құрмалас сөйлем

  41. жасаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

  42. 1. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. 2. Мидың қызметі күрделі. 3. Ас – адамның арқауы. 4. Адамның мінез-құлқына әсер етеді. 5. Ас қорыту үрдісін тездетеді.

  43. 3–жаттығу.Берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарын тауып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

  44. 1. Медицина университетін бітірген соң, ... . 2. Тапсырманы орындап үлгергенше, ... . 3. Созылмалы аурумен ауырғанда, ... . 4. Біз дәрістен кейін, ... . 5. Анатомия мұражайына барғанда, ... .

  45. 4- жаттығу. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

  46. 1. Я много занимаюсь, но не говорю хорошо по-казахски. 2. Казахский язык труден, но мы занимаемся с интересом. 3. Погода была прекрасная, но нам не хотелось гулять. 4. Моя мама хотела купить лекарство, но у нее не было времени.

  47. «Сыңарыңды тап» ойыны

  48. Құрмалас сөйлем сыңарлары жеке парақшаларға жазылған, олар студенттерге беріледі. Студенттер кезекпе-кезек өз қолындағы құрмалас сөйлем сыңарын оқиды, мазмұнына сәйкес келгендері орнынан тұрып жалғастырады, ауызша сөйлем түріне қарай ажыратады, талданады.

    1. Холециститтің жедел түрінде диета сақталады

    1. жүрек қызметі нашарлайды

    1. Науқас емханаға барғанда

    1. жедел жәрдем машинасын шақырды

    1. Жолдасым кенеттен ауырып қалғандықтан

    1. анализ тапсыруға кезекке тұрды

    1. Қан айналысы бұзылады

    1. асқынған түріне ота (операция) жасалады

  49. Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

  50. 1 – тапсырма. «Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері» мәтіні бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз.

    1. әлеуметтік – социальный

    2. жиынтық – совокупность

    3. құқық – право

    4. жүйелі бақылау – системный

    5. контроль

    6. емдеу – лечение

    7. тексеру – обследование

    8. күрделі – сложный

    9. көп салалы – многопрофильный

    10. мамандырылған– специализированный

    11. әскери – военный

    12. мүгедек – инвалид

    13. ғылыми зерттеу – научное

    14. исследование

    15. қабылдау бөлімі- приемная

    16. мекеме – учреждение

    17. емдік балшық – грязевое лечение

    18. денсаулық сақтау –

    19. здравоохранение

    1. жедел медициналық көмек –

    2. скорая медицинская помощь

    3. бөлімшелер – отделения

    4. қабылдау – принимать

    5. емдеу диагностикалық – лечебная

    6. диагностика

    7. емшаралық – процедурный

    8. таңу бөлмелері – перевязочные

    9. комнаты

    10. тұрғын – житель

    11. ерекшелік – особенность

    12. әкімшілік шаруашылық –

    13. административно-хозяйственный

    14. амбулаторлық көмек –

    15. амбулаторная помощь

    16. міндет – обязанность

    17. емдеу бөлімшелері – лечебные отделение

    18. әл-ауқат – состояние

  51. 2-тапсырма. «Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері» мәтіні бойынша кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

  52. Адам денсаулығы, әл-ауқаттың жиынтығы, әйелдерге кеңес беру, жедел жәрдем станциясы, мугедек адамдар, орта медициналық қызметкерлер, бөлімшенің түрі, емшаралық, таңу бөлмелері, бекітілген, әскери, жетістіктер.

  53. 3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

  54. Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері

  55. Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы - оның денсаулығы. Адам денсаулығы – бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жиынтығы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы Конституциямен бекітілген.

  56. Емдеу-сақтандыру мекемелерінде амбулаторлық көмек көрсетіледі. Оларға амбулатория немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде), дәрігерлік пункт (здравпункт), емхана, диспансерлер, медициналық көмек көрсететін мамандандырылған кеңестік-диагностикалық орталық, әйелдерге кеңес беру (консультациясы), жедел жәрдем станциясы жатады.

  57. Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.

  58. Стационардың түрлері:

  59. 1.Аурухана медицина ғылымы мен техниканың соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары медициналық көмек көрсетеді. Аурухана көп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

  60. 2. Госпиталь – әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана.

  61. 3. Клиника – науқастарды емдеумен қатар студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетін ауруханалық мекеме.

  62. 4. Шипажай – науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме. Оларды минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге салады.

  63. Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бір салалы (мамандандырылған) және құрамына әр түрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және т.б.) бөлімшелер кіретін көп салалы ауруханалар болады.

  64. Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен бөлімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі құрамдас бөліктері болып табылады.

  65. Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық (нақтама) және емдеу бөлмелері, ота жасайтын (операциялық), емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді.

  66. 4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  67. 1. Емдеу-сақтандыру мекемелерінің түрлерің атаңыз.

  68. 2. Аурухана қандай көмек көрсетеді?

  69. 3.Госпиталь дегеніміз не?

  70. 4.Клиника қандай мекеме?

  71. 5.Шипажай дегеніміз не?

  72. 6. Ауруханалардың қандай түрлері болады?

  73. 7. Емдеу бөлімшелеріне қандай бөлмелер кіреді?

  74. 8.Адамның басты байлығы дегенді қалай түсінесіз?

  75. Тақырыпқа қатысты нақыл сөз

  76. Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

  77. Ы.Алтынсарин.

  78. 5-тапсырма. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, түрлеріне ажыратыңыз.

  79. 6-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

  80. Поликлиника. Этим словом (от греческого «поли» - много) называют лечебно-профилактическое учреждение, предназначенное для окзания специализированной медицинской помощи приходящим больным и для лечения на дому. От амбулатории поликлиника отличается объемом деятельности и приемом по всем врачебным специальностям.

  81. Клиника. Этот термин происходит от греческого слова «клине» - кровать или «клинике» - лечение, уход за лежачим больным. Теперь словом «клиника» обычно называют больницу, в которой не только лечат, но и обучают студентов-медиков и молодых врачей. Словами «клиническая картина» болезни обозначают внешние проявления того или иного заболевания.

  82. Амбулатория. Так называют (от латинского слова «амбуло» - гуляю) лечебное учреждение, оказывающее медицинскую помощь по основным врачебным специльностям приходящим больным, а так же на дому.

  83. Аптека. Есть много слов с таким же окончанием: библиотека, картотека, фильмотека. Все это значит: хранилище того-то –и происходит от греческого -слова «тэке» - «ящик», «хранилище». «Аптека» по-гречески значило просто «склад». В европейские языки слово перешло со значением: «склад лекарств».

  84. 10. Бақылау (құзыреттілік бойынша )

  85. Когнитивті – білім компетенциясы:

  86. Тестілер:

  1. 1. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

  2. а) Әр дәрінің шығарылған мерзіміне назар аударыңыз.

  3. ә) Әрбір дәрінің этикеткасы және оны қалай пайдалану жөнінде жазылған нұсқауы болуы керек.

  4. б) Дәріні қажет болғанда ғана қабылдау керек.

  5. в) Егер дәрі көмектеспесе, оны қабылдауды тоқтатыңыз.

  6. г) Дәріні баланың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

  7. 2. Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

  8. Науқас адамның бадамша безі ісініп, қан қысымы көтеріледі.

  9. а) салалас құрмалас сөйлем

  10. ә) шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

  11. б) қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

  12. в) себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

  13. г) мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

  14. 3. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

  15. а) Бас сүйегі сынса, науқасты шалқасынан жатқызады.

  16. ә) Арнайы шендеуіштер дәріханада сатылады.

  17. б) Ересек адамда бес литрдей қан болады.

  18. в) Полиомиелит кезінде, көбіне, жұлынның сұр заты зақымданады.

  19. г) Қызамық ауруының жасырын кезеңі 2-12 күн.

  20. 4. Берілген сыңардан құрмалас сөйлем жасаңыз.

  21. ..., науқастың тынысы тарылады.

  22. а) Жүрек демікпесі қатты ұйқы кезінде басталып

  23. ә) Таңертең ерте

  24. б) Бөлмесінің ішінде

  25. в) Сол жақ қарыншаның қызметі бұзылғанда

  26. г) Ащы дәрілерден

  27. 5. Сөйлемнің екінші сыңарын көрсетіңіз.

  28. Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп, ... .

  29. а) отырады

  30. ә) ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді

  31. б) жүреді

  32. в) күрделі қызмет

  33. г) тығыз байланысты

  34. 6. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын көрсетіңіз.

  35. ..., дене қызуы көтеріледі.

  36. а) Жұқпалы аурумен ауырған науқастың мазасы

  37. ә) Тұмаумен қатты ауырғанда

  38. б) Кеше бізді

  39. в) Тамақ ішіпті

  40. г) Егер ауру асқыну

  41. 7. Құрмалас сөйлем жасамайтын қатарды көрсетіңіз.

  42. ..., созылмалы қан аздыққа ұшыратады.

  43. а) Дәрігерлік көмек көрсетілмесе

  44. ә) Спортпен шұғылданушы

  45. б) Ұзақ уақыт емделмеу

  46. в) Дер кезінде емделмесе

  47. г) Дер кезінде емделмегендіктен

  48. 8. Құрмалас сөйлемнің баяндауышы болатын тіркесті көрсетіңіз.

  49. Аурудың белгісі білінісімен ..., дер кезінде емделген жөн.

  50. а) дәрігерге барып

  51. ә) қайнатпаны ішу

  52. б) толық тексерілсе

  53. в) таза ауада

  54. г) мөлшермен

  55. 9. Құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

  56. ..., арнайы санаторийлерде дем алған жөн.

  57. а) Науқастың жүрегі

  58. ә) Дәрігердің кеңесін тыңдап

  59. б) Қандай жағдайда

  60. в) Жарақаттанып

  61. г) Ауруханада ем қабылдау

  62. 10. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

  63. а) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі оны оқимын

  64. ә) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі қалада оқиды.

  65. б) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі қар қалың түсіпті.

  66. в) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі шешем келеді.

  67. г) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі тәулік бойы кезекшілікте боламын.