Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. Тәжірибелік сабақтарға арналған

  2. Әдістемелік нұсқаулар

  3. 29 тақырып: Дәрігер этикасы.

  4. Сөздіктану. Терминтану

  5. 2013 ж.

  6. Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

  7. Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

  8. «Бекітемін»

  9. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

  10. 1. Тақырыбы: Дәрігер этикасы

  11. Сөздіктану. Терминтану.

  12. 2. Мақсаты: сөздіктер мен термин туралы түсінік беру, терминнің жасалу жолдарын практикалық жолмен меңгерту, түрлі жаттығулар орындату, сөздіктермен жұмыс жасай білуге дағдыландыру, мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестердің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрату, дәрігер этикасы туралы мағлұмат беру, мәтінді өз сөзімен мазмұндауға дағдыландыру.

  13. 3. Міндеті:Жаңа тақырыптағы медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сөйлем құру дағдыларын қалыптастыру.

  14. Когнитивті – білім компетенциясы: терминнің жасалу жолдарын түсіндіре отырып, сөздіктердің түрлерін ажырата білуге үйрету, студенттер ұғымында терминтану, сөздіктану туралы теориялық түсінік қалыптастыру.

  15. Операционалды – дағды компетенциясы: мәтінді өз сөзімен мазмұндауға үйрету, мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрауға дағдыландыру.

  16. Коммуникативті компетенция: студенттердің өз мамандығына қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттыру, өз ойын жеткізу, салыстыра білу, сөйлеу, жазу біліктілігін дамыту.

  17. Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілетін дамыту, түйінді ой айта білу, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу дағдыларын арттыру.

  18. 4.Негізгі ұғымдар: медициналық этика, денсаулық сақтау саласы, сырқаттың психикасы, әйел аурулары, кейбір кемістік;сөздіктану, терминтану туралы түсінік, олардың жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.

  19. 5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

  20. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

  21. Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

  22. Жаңа сабақ

  23. Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25 мин.)

  24. Лексикалық материалмен жұмыс

  25. Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

  26. Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

  27. Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

  28. Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

  29. Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

  30. Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

  31. 6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ

  32. 7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

  33. 8.Көрнекі құралдар: «Дәрігер этикасы» туралы суреттер, слайдтар. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар.

  34. 9.Тапсырмалар

  35. Сөздіктану. Терминтану.

  36. Сөздік–1) жеке тілдің я белгілі бір жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы; 2) бір тілдегі сөздердің алфавиттік тәртіпке түсірілген жинағынан құралған кітап, анықтағыш құрал. Алғашқы сөздік басқа тілдердегі ескі сөздерді түсіндіру мақсатымен көне дәуірлерде жасалды. Қазақ тілінің алғашқы сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Қазіргі сөздіктер лингвистикалық және анықтама сипатындағы арнаулы сөздіктер болып екіге бөлінеді.

  37. Лингвистикалық сөздіктер белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат етсе, арнаулы анықтама, энциклопедиялық, техникалық, ауыл шаруашылық т.б. белгілі бір саладағы заттарды, ұғымдарды, құбылыстарды түсіндіруді мақсат етеді. Лингвистикалық сөздіктің 20-дан астам түрлері бар. Екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер т.б. Түсіндірме сөздік тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық сипаттамасын, олардың жазылуы мен айтылуын, экспрессивті- эмоционалды бояуын көрсетеді. Синоним сөздігі бір сөздің мағынасы мен экспрессивті-стилистикалық реңкін сол сөзге мағынасы жағынан жақын басқа бір сөздермен түсіндіріп, синонимдік шоғырлардың жиынтығынан құралады.

  38. Терминологиялық сөздік жеке ғылым, техника, мәдениет салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді. Этимологиялық сөздік жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, орфоэпиялық сөздік сөздердің дұрыс айтылуын көрсетеді. Фразеологиялық сөздік тұрақты сөз тіркестерін, фразеолгия орамдарын, олардың стилистикалық сипатын көрсетеді. Омоним сөздігі тұлғасы бір, мағыналары әр басқа сөздерді қамтиды. Бұлардан басқа тарихи, ономастикалық, паронимдік, жиілік т.б. сөздіктер бар.

  39. Термин-белгілі бір ғылым мен техника, өнер саласындағы нақтылы ұғымды білдіретін атау сөз бен сөз тіркесі. Терминология-ғылым мен техника, өнер саласына байланысты терминдердің жалпы жиынтығы.

  40. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері:

  41. 1 – жаттығу.Берілген терминдерді мағынасына сәйкес тауып, сөйлем құрастырып жазыңыз.

    1. термометр

    1. Ауруды анықтау және емдеу туралы ілім

    1. рецептор (биол)

    1. Ауырған адамды зерттеу негізінде науқасын табу

    1. диагностика

    1. Тітіркенуді қабылдайтын жүйке талшықтары

    1. диагноз

    1. Термператураны өлшейтін аспап

  42. 2-жаттығу. Берілген терминдерді қазақ тіліне аударып, мағынасын түсіндіріңіз.

  43. ГОРМОН - вещество, продуцируемое эндокринной железой.

  44. ГОНОРЕЯ- заболевание, передающееся половым путем, вызываемое гонококком (может являться причиной бесплодия).

  45. МИКОПЛАЗМА- возбудитель инфекционных заболеваний.

  46. НАДПОЧЕЧНИКИ- эндокринная железа, вырабатывающая гормоны, регулирующие обмен веществ. Находится над почкой

  47. ТОКСИН- яд, продуцируемый живым организмом, например, бактериями.

  48. УРОЛОГ- врач, специализирующийся на лечении болезней мочевыводящих путей и мужской половой системы.

  49. 3 – жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

  50. 1. Студенты внимательно слушают, потому что преподаватель объясняет урок. 2. Вы говорите неправильно, потому что не учите слова. 3. Я не читаю текст, потому что плохо знаю слова. 4. Он отвечает неправильно, потому что плохо готовился.

  51. 4-жаттығу.Бағыныңқының баяндауышы неліктен? не себепті? қашан? деген сұрақтарға жауап беретін 5-6 сөйлем жазыңыз.

  52. 5-жаттығу. Оң жақ бағанадағы етістіктер мен (сұрақ арқылы) сол жақтағы керекті сөздерден сөз тіркесін жасап, 3-4 сөйлем жазыңыз.

    1. індеттердің

    1. үйренеді (нені?)

    1. мінез-құлқы

    1. аулақ болу (неден?)

    1. тәсілдерін

    1. көбейді (қайда?)

    1. зиянды әдеттерден

    1. өзгереді (не?)

    1. елімізде

    1. таралмауы (нелердің?)

    1. емдеп сауықтыруға

    1. бұзылады (не?)

    1. зат алмасу

    1. көмектеседі (неге?)

  53. 6-жаттығу. Төмендегі денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз және бір-екі мақалдың мәнін, мысалдармен дәлелдеп көріңіз.

  54. 1. Жастықтың қадірін қартайғанда білесің,

  55. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің.

  56. 2. Іздеп алған аурудың,

  57. емі табылмас.

  58. 3. Көзің ауырса, қолыңды тый,

  59. Ішің ауырса, аузыңды тый.

  60. 4. Ауырып жазылған жан олжа,

  61. Жоғалып табылған мал олжа.

  62. 5. Бас ауырса, жан қорқады.

  63. 6. Дерт көп, денсаулық біреу.

  64. 7 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

  65. 1. Созылмалы аурулардың алдын алу үшін, ... . 2. Науқастың қан қысымы көтерілмесін деп, ... . 3. Дәрілік өсімдіктерден дәрі жасау үшін, ... . 4. Қан аздықты болдырмау үшін, ... . 5. Баласы аурудан тез жазылу үшін, ... . 6. Дәріханадан дәрі алмақ болып, ... .

  66. Кім біледі?

  67. 1. Құрмалас сөйлемнің құрамында ең кемінде неше жай сөйлем болады?

  68. 2. Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

  69. 3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кез келген сөз табынан бола бере ме?

  70. 4. Бағыныңқының баяндауыш түрі, тұлғалық белгісі ең көп болып келетін қай бағыныңқы? Оның баяндауышы, көбінесе, қай сөздің тіркесі арқылы жасалады

  71. 5. Баяндауышы қимыл есімінің қатысуымен жасалған бағыныңқы сөйлемге кім мысал келтіре алады?

  72. 6. Бағыныңқысының баяндауышы есімшеден жасалған сөйлемге кім мысал ойлап айта алар екен?

  73. Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

  74. 1-тапсырма.«Дәрігер этикасы » мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді оқып, есіңізге сақтаңыз.

    1. адамгершілік - гуманность, человечность

    2. сыпайылық - вежливость

    3. жылы сөз - теплые слова

    4. жүріс тұрысы - поведение

    5. мәдениеттілік - культурность

    6. айығу- выздоравливать

    1. үміт - надежда

    2. кемістік - недостаток, дефект

    3. құпия - секрет, тайна

    4. келісім - договор, соглашение

    5. жариялау - объявить

    6. міндет - обязанность

    7. адал ниет - чистая совесть

  75. 2-тапсырма. «Дәрігер этикасы» мәтіні бойынша кездесетін сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

  76. Мінез-құлқы, күш-жігері, дәрігер құпиясы, өмірін қорғау, дәрігердің әрбір жылы, дәрігердің негізгі міндеті, зиян келтіру, жұқпалы аурулар, дерттен тез айығу, дәрігердің адамгершілігі, жұмысқа берілу.

  77. 3-тапсырма.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

  78. Дәрігер этикасы

  79. Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым- қатынасы біршама нормалармен, ережелермен және әдет-ғұрыппен реттеледі.

  80. Медициналық этика – медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизмнің көрінісі. Медициналық этиканың бір бөлігі –деонтология. Деонтология басқа салаларға қарағанда, медицина мен практикалық денсаулық сақтау саласына өте қажетті ғылым. Бұл медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек ауруды емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталғанымен түсіндіріледі.

  81. Дәрігер этикасы (лат. ethia – әдептілік) - дәрігердің адамгершілігі, сыпайылығы, оның науқас және сау адамдармен өзара қарым-қатынасы. Дәрігердің әрбір жылы сөзі, мінезі мен жүріс-тұрысындағы мәдениеттілігі және сыпайылығы науқас адамның ауруынан тез айығып кетуіне көмектеседі. Өйткені науқас адам өзін емдеуші дәрігерін ұнатса, оған сенсе әрдайым көңілі көтеріңкі болып, үміті артып ауруынан серги бастайды.

  82. Дәрігер этиканы сақтап, науқастың көзінше ауру кемістігін айтпауға тиіс, яғни дәрігер құпиясын сақтауы қажет. Дәрігер құпиясы дегеніміз – науқас адамның келісімінсіз оған қатысы бар мәліметтерді жарияламау. Мысалы, психикалық аурулар, әйел аурулары, кейбір кемістік т.б. Егер науқастың ауруы көпшілікке зиян келтіретін болса, оны дәрігер жасыра алмайды. Мысалы, жұқпалы аурулар кезінде, жыныс мүшесі арқылы таралатын аурумен ауырса, міндетті түрде ескертіп емдеу керек.

  83. Кез келген ауру жағдайында да дәрігер сырқаттың психикасын бұзбауға тиіс. Қатерлі ісік ауруы бар адамдардың сұрағына абайлап жауап қайтаруы керек.

  84. Дәрігердің негізгі міндеті – халықтың денсаулығын сақтауда адал ниетпен қызмет етіп, дәрігер құпиясын сақтап, науқас адамның алдында дәрігер этикасын дұрыс қолданып, науқастың дертінен тез айығып кетуіне барлық мүмкіндікті қолдану. Дәрігерлік мамандық одан арнайы біліммен қатар адалдықты, жаны тазалықты, жұмысқа беріле істеуі, тіпті бар өмірін соған арнауды талап етеді.

  85. 4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Дәрігер этикасы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Дәрігерлік деонтология деген не?

  3. Дәрігер құпиясы дегеніміз не?

  4. Деонтология қандай ғылым?