Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. 1.Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы тарихи ескерткіштер

  2. (Арыстан Баб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі )

  3. 2. Мақсаты: Студенттерге тарихи ескерткіштер жайлы мәлімет беру, тұрақты сөз тіркестеріне мысалдар келтіре отырып,практикалық жолмен меңгерту,мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету,түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру.

  4. 3. Міндеті: Қазақ тілінде тарих бойынша өз ойларын жеткізу, тарихи ескерткіштер туралы мәлімет алу, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеру, қазақша өз ойын тиянақты түрде жеткізу, сауатты жазуға үйрену.

  5. 4. Негізгі ұғымдар:

  6. 1.Қандай мейрамдарды білесіз?

  7. 2.Наурыз мейрамы туралы не білесіз?

  8. 3.Сөздің ауыспалы мағынасына мысал келтіріңіз

  9. 4.Құрбан айт туралы айтыңыз.

  10. 5.Сөздің тура мағынасына мысал келтіріңіз.

  11. 6. Арыстан Баб кесенесі қай жерде орналасқан?

  12. 7. Қожа Ахмет Иассауидың ұстазы кім?

  13. 8. Айша Бибі кесенесі қай ғасырда салынған?

  14. 9. Орта ғасырлық сәулет өнерінің ескерткіштерін атаңыз.

  15. 5.Сабақ өткізу жоспары:

  16. А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

  17. Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45-48 минут).

  18. Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  19. -Мәтін бойынша жұмыс (60-65 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  20. -Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).

  21. -Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

  22. В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).

  23. 6. Өткізу түрі: Тәжірибелік

  24. 7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

  25. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тесттік бақылау.

  26. 8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.

  27. 9. Тапсырмалар

  28. 1-тапсырма. Мына тұрақты сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

  29. Работать спустя рукава,за тридевять земель,золотые руки,бежать сломя голову,улыбка до ушей, говорить сквозь зубы, как кот наплакал, капля в море, светлая голова, у черта на куличках, делать скрепя сердце, чувствовать себя не в своей тарелке, сидеть как на иголках, душа в пятки ушла,ком в горле, камень с души упал.

  30. 2-тапсырма.Төбедегі берілген тұрақты сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.

  31. 3-тапсырма.Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.

  32. Қазақстанның тарихи ескерткіштері

  33. (Арыстан баб кесенесі, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Айша бибі кесенесі)

  34. Арыстан баб кесенесі көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан жерін мекендеуші халықтардың арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы болған. Халық Арыстан бабқа әулие деп сыйынған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Сондай – ақ, «Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, ең үлкені – Арыстан баб» делінеді. Арыстан баб кесенесі дәлізхана, мешіт, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі – қабірхана. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік, Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Арыстан баб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен (ауданы – 35х12 м, биіктігі – 12 м), бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделеді. Дәліз – қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне hижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Кесене мемлекеттің қорғауына алынған.

  35. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – орта ғасырлақ сәулет өнері ескерткіші. 1396 – 1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Түркістан қаласында тұрғызылған. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – үлкен порталды – күмбезді мемориалдық құрылыс. Жергілікті сәулет дәстүрін жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстік – шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатыр. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын – соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші – шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мешіт, медресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан «Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім», «hижраның 800 жылы» деген сөздерді оқуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу – маржандарының қатарына жатады. Бұларда оны жасаушы исфаhандық шебер Тәдж әд – Дин Изеддиннің есімі жазылған.

  36. Айша бибі кесенесі – ХІІ ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан. Айша бибі – тарихтан белгілі Қарахан батырдың әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктіктегі бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...» деген сөздер араб әрпімен жазылған. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 80 см. Ол үш бөліктен: ішкі жағынан күйдірілген кірпіштен қаланған, ал сыртқы жағынан оюлы әшекейлі плиталармен қапталған, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен құралған. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.

  37. 4-тапсырма.Мына мақал-мәтелдерден мәтінге лайықтысын табыңыз.

  38. Мезгілі жетсе, мұз да ерір. Жақсы жолдас ерттім дегенше, жарты жолдан өттім де. Өзіңді зор тұтпа, өзгені пір тұтпа. Жақсымен жолдас болсаң,жетерсің мұратқа. Апама жездем сай. Көптен көрген ұлы той. Ережесіз ойын жоқ. Қашпақ болсаң – зымыра.

  39. 10. Бақылау(тестілер,ситуациялық тапсырмалар, сұрақтар т.Б.)

  40. Тест тапсырмалары:

  1. 1. Арыстан Баб кесенесі қай қалада орналасқан?

  2. а) Отырар

  3. ә) Түркістан

  4. б) Қызылорда

  5. в) Ақмола

  6. г) Қарағанды

  7. 2. Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы?

  8. а) Арыстан Баб

  9. ә) Абай Құнанбайұлы

  10. б) Айша Бибі

  11. в) А.Байтұрсынұлы

  12. г) Ш.Құдайбердіұлы

  13. 3. Айша Бибі кесенесі қай ғасырда салынған?

  14. а) ХІІ ғ

  15. ә) ХІІІ ғ

  16. б) ХІХ ғ

  17. в) ХІ ғ

  18. г) ХХ ғ

  19. 4. “Төбе шашы тік тұру” деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

  20. а) күлу

  21. ә) ойнау

  22. б) шошу

  23. в) күрсіну

  24. г) ойлау

  25. 5. Орта ғасырлық сәулет өнерінің ескерткіші?

  26. а) Қожа Ахмет Иассауи

  27. ә) Айша Бибі кесенесі

  28. б) Арыстан Баб кесенесі

  29. в) дұрыс жауап жоқ

  30. г) Түркістан кесенесі

  31. 6. Арыстан Баб кесенесі нешінші жылдан бастап мемлекет қорғауына алынды?

  32. а) 1348

  33. ә) 1765

  34. б) 1377

  35. в) 1245

  36. г) 1346

  37. 7. Айша Бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде...... .

  38. а) 3.4 м

  39. ә) 6.7 м

  40. б)5.6 м

  41. в)8.1 м

  42. г) 6.3 м

  43. 8. Фразеологизмдерге нелер жату мүмкін?

  44. а) одағай сөздер

  45. ә) өлеңдер

  46. б) мақалдар

  47. в) мәтелдер

  48. г) шығармалар

  49. 9. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қандай кірпіштен жасалған?

  50. а) Күйдірілген кірпіш

  51. ә) Мәрмәр кірпіш

  52. б) Күйдірілмеген кірпіш

  53. в) қызыл кірпіш

  54. г) ақ кірпіш

  55. 10. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің салынған жылдары?

  56. а) 1345

  57. ә) 1396 - 1399

  58. б) 1356 - 1498

  59. в) 1396 – 1356

  60. г) 1256 - 1367

  61. 11. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды?

  62. а) Әмір Темірдің

  63. ә) Арыстан Баб

  64. б) Айша Бибі

  65. в) Әбілқайыр

  66. г) Кенесары Қасымұлы

  67. 12. Айша Бибі кесенесі неше бөліктен тұрады?

  68. а) 2

  69. ә) 3

  70. б) 5

  71. в) 4

  72. г) 7

  73. 13. «Архитектура» сөзінің қазақша баламасы.

  74. а) Ескерткіштер

  75. ә) Сәулет

  76. б) Зиярат

  77. в) Күмбез

  78. г) Құрылыс

  79. 14 “Алыс” деген сөзге қандай фразеологизм сәйкес келетінін белгіленіз.

  80. а) мандай тер

  81. ә) ит өлген жерде

  82. б) ата жолын қуу

  83. в) табан ақы

  84. г) жел аяқ

  85. 15. Түркістан қаласында орналасқан кесене.

  86. а) Арыстан баб

  87. ә) Райымбек ата

  88. б) Айша бибі

  89. в) Ахмет Яссауи

  90. г) Қарахан кесенесі

  91. 16. Айша бибі кесенесінің қабырғаларының қалыңдығы қанша?

  92. а) 80 см

  93. ә) 90 см

  94. б) 100 см

  95. в) 150 см

  96. г) 200 см

  97. 17. Қожа Ахмет Яссауидің ұстазын көрсетіңіз.

  98. а) Жүсіп Баласағұни

  99. ә) Аристотель

  100. б) Арыстан баб

  101. в) Махмұд Қашқари

  102. г) Әл-Бируни

  103. 18. Айша бибі кесенесі нешінші ғасырда салынды?

  104. а) VIIIғ

  105. ә) Xғ

  106. б) IXғ

  107. в) XIғ

  108. г) XIIғ

  109. 19. Тұрақты сөз тіркестері неше тіркеске бөлінеді?

  110. а) 3

  111. ә) 5

  112. б) 2

  113. в) 6

  114. г) 4

  115. 20. Қайсы кесененің қабырғасында Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған?

  116. а) Арыстан баб

  117. ә) Ахмет Яссауи

  118. б) Айша бибі

  119. в) Райымбек ата

  120. г) Қарахан баба

  1. 11.Әдебиет:

  2. 1. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.47-48 бб.

  3. 2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова. Қазақ тілі (для начинающих). Алматы, 1994 ж.