Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
77.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
148.48 Кб
Скачать

1.2. Жұмыссыздық түрлері.

Қазақстан Республикасының еңбек нарығын зерттеу барысында төрт бірдей негізгі өзгешелікті байқаймыз:

• Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына, тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.

• Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.

• Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және жұмысынан айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде болады, ал жаңа даму кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану жоғарылайды.

• Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша) жұмыссыз қалады.

Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін – жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы бар. Біріншісі – экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс сұранымдағы өзгеріске әсерін тигізеді.

Келесі фактор еңбеккердің жұмыс күшіне ену деңгейі, жұмыс күшінің арту деңгейі жеделдеген сайын жұмыссыздықтың натуралды деңгейі жоғарылайды.

Енді жұмыспен толық қамтылғанда пайда болған жұмыссыздықты – құрылымдық жұмыссыздық деп атаймыз. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыссыздық еңбек нарығын құрылымның нәтижесі. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі натуралды жұмыссыздық деңгейімен бара-бар.

Ал циклдық жұмыссыздық – құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім жұмысын толық қамтылу деңгейінен төмен болған тұста пайда болады.

Ымыраға келмеушілік – еңбек нарығының әрдайым өзгерістерге болуынан туынадатын жайт. Кейбір адамдар зейнет демалысына шығады. Ал енді біреулері жұмыс істеуді жалғастыра бареді. Бір фирма жұмысшы жалдаса, енді бірі оны жұмыстан босатып жатады.

Адамға жұмыс табу үшін уақыт қажет.

Фрикциондық жұмыссыздық дегеніміз - жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен сол аралықтағы жұмыссыздық.

Жұмыс күшін немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының жұмыс істейтіндердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффиценті құрайды. Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объективті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орнынан екінші орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т.б. Осы себептен жұмысы жоқ адамдар фрикциондық жұмыссыздықты құрайды.

Фрикциондық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық.

Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді.

Адам өзіне қолайлы жұмыс орнын іздеу үшін жұмыстан босанады. Мұндай жұмыссыздықты ізденіс үстіндегі жұмыссыздыққа жатқызамыз. Жұмыстың бәрі бірдей болған жағдайда, жұмыссыз адам бірінші ұсынылған жұмысқа орналасады. Егер жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы жоғары болса, онда сол адамға жұмыс орнын одан ары қарастыра берген қолайлы.

Жұмыстан босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайта оралып, басқа жұмыс іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын түгел біледі: сол жерден еңбек стажын жинайды. Мұндай адам, әрине, басқа жұмыс іздемейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]