Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
77.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
148.48 Кб
Скачать

2.2. Жұмыспен қамту саясаты.

3. Бөлім. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары.

3.1. Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы.

Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Бағдарламада көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету табылады.

Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде, әлеуметтік салада дәйекті реформалар жүргізу жолдарымен халықтың тұрмыс деңгейін төмендетпей, көтеру, әлеуметтік бейімдеу шаралары, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету негізінде кедейлікпен күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылмақ. Ал жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуына қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндетті көзделіп отыр.

Республика бойынша және оның жеке аймақтары бойынша да кедейліктің, жұмыссыздықтың деңгейін анықтай отырып, бағдарламада оның негізгі себептеріне де айрықша көңіл бөлінеді. Оларды анықтау бағдарламада кедейлік пен жұмыссыздықпен күресті ұйымдастырудың алғы шартты іспетті болды. Ашығын айтсақ, мемлекет ештеңені де жасырып отырған жоқ, жасыру мүмкін де емес. Бізде кедей адамдар бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа да адамдар есебінен көмек көрсету керек. Оларға қайтіп көмектесуге болады ? Біріншіден, олар үшін жұмыс орындарын ашу – бағдарламадағы басты мақсаттың да, онда қаралған басты мәселенің де бірі. Екіншіден, жаңа жұмыс орнындарын аша отырып, бірте-бірте жалақысын өсіру. Бұл жөнінде бағдарламада ашық жазылмаса да, жалақыны 2005 жылға дейін 30 пайызға өсіру белгіленіп отыр. Осы мәселе жөнінде Елбасының да берген тапсырмасы бар. Сонымен бірге, жұмыс істегісі келген адамдарға жұмыс іздеп табуға көмек жасалмақ. Ол үшін оларға қажетті ақпараттық көмек көрсетуді жолға қоймақпыз.

Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін, яғни сұраным бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды курстарға оқытып, даярлау бағдарламасы жасалған.

Осының бәрін ұйымдастырған кездің өзінде де, жұмысқа қолы жетпей қалатын адамдар болады. Ондай адамдарды қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру қажет. Сөйтіп, қоғамға пайдалы еңбек арқылы оларға табыс көзін тауып беруіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп (шағын несие беру жөнінде арнайы бағдарлама мен қор бар), олардың өз кәсібін ашуына көмек жасау көзделіп жатыр.

Сондай-ақ шетел инвесторлары келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орныдарына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланып отыр.

Бағдарламада халықтың еңбекке жарамайтын топтарына әлеуметтік көмек жасау да қарастырылған. Оның ішінде мүгедектер жағдайына көңіл бөлінеді. Оларды сауықтыру, қоғамның ішкі өміріне араласуын күшейту, протез-ортопедия бұймдарын жетілдірілген технологиямен жасау, балалар мен ересектерге арналған мүгедектер арбаларын шығару, тағы басқа мәселелер бағдарламада қаралады.

Бағдарламада жетім балалардың, панасыз балалардың жағдайына көңіл бөліп, көмектесу қарастырылған. Республикада 46 балалар үйі және 180 отбасына ұқсас балалар үйі бар, олардағы балалар саны 5 мыңдай. Ондағы балалардың кәнелетке толған соң жұысқа орналасуына, баспана берілуіне көмек көрсетіледі.

Бағдарламада жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте қаншалықты көбейтуге болаты, оның әр саласы бойынша анықталған. 2003-2006 жылдары жұмыс орныдарын құрудың басым бағыттарына жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, минералдық тыңайтқыш өндіру, машина жасау ,сондай-ақ өнеркәсіптің ауылшаруашылығын дамытуымен тікелей байланысты салалары жатады.

Қазіргі кезде атаулы көмек көрсету жөнінде заң жобасын дайындалып, ол парламент мәжілісінде бірінші оқылымда құлданды. Әрине біз адамдарды жатып ішерлікке итермелеуіміз керек қой. Жалпы еңбек етуге ұмтылу мәжбүрліктен емес, қажеттіліктен туындайтын жағдайға ұмтылуымыз керек. Бұрынғы жүйеде еңбек ету мәжбүрліктен туындағаны белгілі. Еңбек етпеген адам жатыпішер, арамтамақ деп айыпталып, жазаға тартылғаны да есімізде.

Бағдарламаның жүзеге асуын қадағалап, отыру үшін оның өлшемін жетілдіру керек. Сондықтан біздің алдымызда тұрған бір мақсат – халықтың тұрмыс деңгейін өлшеу тетіктерін жетілдіру. Әйтпесе болмайды. Шынын айтсақ, бүгінгі күнгі Мемлекеттік статистика агенттігінің халықтың табыс деңгейі туралы келтіріліп миллиондай, ал оның салық төлейтіні 3,0 миллиондай ғана. Көп адамдар ұсақ саудамен айналысып, табыс алады. Бірақ табысын жасырып, салық төлемейді.Табыстың басқа да толып жатқан көздері бар. Бірақ жаппай табыс декларациясы болмағандықтан әр адамнан қалай және қанша табыс тауып жатқанын ешкім сұрамайды.

Ал дұрысы - әр адам қазірден бастап өзінің мойнына қаншалықты жауапкершілік түсетінін білуге тиіс. Қазір біз табысқа амнистия (кешірім жасау) керек деп жатырмыз, сондықтан сол амнистиядан дұрыс нәтиже болу үшін, жарты жылдан кейін бе, бір жылдан соң ба, жалпыға бірдей декларациясын енгізу керек.

Жұмыссыздықпен, кедейлікпен күрес – экономикалық тәсіл арқылы шешілетін мәселе. Бағдарлама бойынша жоғарыда айтылғандай, 3 жыл ішінде 400 мыңдай жұмыс орныны ашылу тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]