Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
77.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
148.48 Кб
Скачать

3.2. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту.

Республика бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам жұмысқа орналастырылып, бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайызы. Ауылдық жерлерде жұмысқа орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарламада 2006 жылға белгіленген еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4 пайыз орындалады.

Республика бойынша 2006 жылғы желтоқсанның аяғында бір бос жұмыс орнына орта есеппен 25 адам, ауылдық жерде – 137 адам таласты.

Жеке аймақтар бойынша алып қарағанда Қарағанда облысында бағдарлама бойынша жұмыс сұрап келген 18 мың адамды орналастыру көзделсе, іс жүзінде 32,0 мың адам орналастырылды, яғни 77,7 пайыз артық, Солтүстік Қазақстан облысында – 5,1 мың адам, яғни 30,9 пайыз.Оңтүстік Қазақстан облысында – 7,9 мың және 9,5 мың адам немесе 20,1 пайыз.,Қызылордада – 4,0 мың және 5,0 мың яғни 25,0 пайыз, Ақмола облысында – 5,0 мың және 6,0 мың, яғни 19,6 пайыз артық орналастырылды.

Жұмыссыздарды еңбекпен қамтудың төменгі көрсеткіштері бұрынғысынша Жамбыл облысында, бұл облыста жұмыс сұрап келгендердің тек 13,9 пайызы ғана орналыстырылған. Бағдарламада көрсетілген жоспарлы тапсырма бес облыста орындалмай қалды.

Еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің бір пошымы – бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу. Бүгінгі күні оларды ұйымдастыру мен өткізудің тәжірибесі Қарағанды, Ақмола. Атырау, Павлодар облыстарының, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарында бар.

Германияның ғылыми-техникалық қоғамымен бірлесіп атқарып жатқан «Еңбек базарының саясаты және жұмыстылық» техникалық жоба аясында елімізде еңбек және жұмыс қамту саласындағы қызметті жақсартуға көмегін тигізіп , елеулі нәтиже беруде . Өткен жылы төмендегідей бірнеше бірлескен жоба жүзеге асырылды :

    • жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмысты ұйымдастырып дамытуға жәрдемдесу ;

    • жұмыспен қамту жөніндегі органдардың жәрдемімен жұмыссыздардың еңбек базарында кәсіптік бейімделе білуі мақсатында оларды даярлау , кәсіптік білімін көтеру және қайта даярлау ;

    • жастардың , әйелдердің , ауыл тұрғындарының және сондай-ақ экологиялық апат аудандарында тұратын азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөнінде мақсатты бағдарламалар жасап жүзеге асыру ;

    • шағын несие жүйесін енгізу есебінен республикада кәсіпкерлікті және өзін өзі жұмыспен қамтуды дамыту .

Жаңа жұмыс орның құру бағдарламасы бойынша 2000 жылы 146,2 мың жұмыс орнын құру болжамдалды , 2001 жылғы 1 қантарға 264,9 мың жұмыс орны құрылды , оның 204,6 мыңы (77%) – тұрақты жұмыс орындары . Сөйтіп , республика бойынша бағдарламада белгіленген жоспар 181,2 пайыз орындалды .

Ең көп жұмыс орны (83,3 мың) шағын бизнес саласында ,өнеркәсіпте – 63,0 мың және шаруашылығында – 30,2 мың жұмыс орны құрылды .

Бағдарламада қаралған жоспарлы тапсырма тек үш облысты – Павлодарда (44,1%) , Ақмолада (56,9%) , Қызылордада (61%) – ғана орындалмай қалды .

Бағдарламадығы жұмыс орнын құру жөніндегі жоспарлы тапсырманы орындау көрсеткішінің ампилитудасы 110 және 515 пайыз аралығында болды . Жұмыс орнын құру мына облыстарда белсенді жүгізілді : Қарағандыда – 424,3% , Оңтүстік Қазақстанда – 515,3% , Солтүстік Қазақстанда – 497,2%.

Бұл көрсеткіштер қаржы жұмсау мүмкіндігінің және тұтас алғанда , экономиканың жандана бастағанының куәсі бола алады . Алайда , жұмыс орындарын құрудың қарқыны еңбек базарындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейін толық мөлшерде қанағаттандырмайды .

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота бекітілген-ді . Квота есебінен 2005 жылы 23,0 мың адам (20 жасқа дейінгі жастар , кәмелетке толмаған балалары бар жалғыз басты және көп балалы ата-аналар , оралмандар, бір жылдан астам жұмыссыз жүрген адамдар және басқалар) еңбекке орналастырылды .

Алайда , әлеуметтік қолдауға аса зәру азаматтарды жұмысқа алу үшін жұмыс берушілерде айтарлықтай экономикалық ынта жоқ , бұл оларды жұмысқа орналастыруды қиындатады .

Сонымен бірге , Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңында халықтың еңбекке орналасуда қиыншылық көріп отырған атаулы топтарын әлеуметтік қорғауды күшейту белгіленген . Ол топтар : жеткілікті қамтамасыз етілмегендер ; 21 жасқа дейінгі азаматтар , жетім балалар және ата-ананың көмегінсіз қалған балалар ; кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған жеке басты және көп балалы ата-аналар ; Казақстан Республикасы заңдарына сәйкес қарамағында үнемі көрсетілетін күтімге , көмек пен бақылауға мұқтаж деп танылған адамдары бар азаматтар ; зейнеткерлікке шығар алдындағы жастағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығарға екі жыл қалған) , мүгедектер ; Қазақстан қарулы күштері қатарынан босатылған адамдар ; бас бостандығынан айыратын жерлерден және ықтиярсыз емдеуден босатылған адамдар ; оралмандар .

2006 жылдың 1 каңтарына қоғамдық жұмыстарға 116,3 мың жұмыссыз қатысты , бұл жұмыспен қамту органдарына өтінішпен келген азаматтардың жалпы санының 31,6 пайызын құрайды яғни 2005 жылдың 1 қантарына (59,3 мың адам болған) қарағанда екі есе көп . Бағдарламада республика бойынша қоғамдык жұмыстарға 71,8 мың адамды катыстыру көзделсе , іс жүсінде 114,1 жұмыссыз осындай жұмыспен қамтылды , яғни жоспар 158,9 пайыз орындалды . Жоспарлы тапсырманы республиканың барлық аймақтары орындап шықты . Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында – 6,8 есе және тапсырма Қостанай , Ақтөбе , Атырау , Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында орта есеппен 2,5 орындалды .

Орындалатын қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеуі барлығы 897,5 миллион теңге белгіленгенді , одан қаржыландырылғаны 617,9 миллион теңге , яғни жалпы соманың 68,8 пайызы .

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәкес қоғамдық жұмысты атқарғандардың еңбегіне акы төлеу мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс . Республика бойынша бір жұмыссыздың қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін орташа айлық ақысы 2,5 теңге болды және ол 2005 жылға ең төменгі жалақыдан (2680 теңге) асқан жоқ . Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқадай төлемдер туралы» заңына сәйкес әлеуметтік салық ұсталады . Сондықтан 897,5 миллион теңгеден әлеуметтік салық ұсталғаннан кейін бағдарламаны жүзеге асыруға 664,2 миллион теңге қалады , бұл өз кезегінде істелетін жұмыстың көлемін де , онымен қамтылатындардың санын да кемітеді . Табыс салығы ақша төленетін жерде ұсталады және оның көлемі 125 теңгедей . Сөйтіп жұмыссыздар қолына қоғамдық жұмыс үшін 2375 теңге алады .

Республиканың «Халықты жұмыспен қамту туралы» жаңа заңында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру , каржыландыру және төлеу тәртібі өзгертілді . Осы Заңға байланысты қоғамдық жұмысты орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады , ол республикалық және жергілікті бюджеттен , сондай-ақ жұмыс берушілер қаражатынан қаржыландырылады .

Жалпы экономикалық ахуалды ескере отырып , (ал оның ерекше белгілеріне жұмысшы күшіне сұранымның төмендеуі , жаңа жұмыс орындарын құрудың төмен қарқыны , жұмыс берушілердің жергілікті жұмысқа орналастыру органдарына бос орындар жайына ақпарат беруге ынтасының төмендеуі , кәсіптік оқытуға міндетті түрде төрт жақты келісім шарт жасау жатады) бағдарламаны әзірлеу кезінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту басым бағытқа жатқызылды . Осыған байланысты бағдарлама бойынша жұмыспен қамту шараларына қараған қаражаттан 2005 жылы қоғамдық жұмысқа 72,4 пайызы , кәсіби оқытуға 17,5 пайызы жоспарланды .

Бағдарлама бойынша 2005 жылы республикада 13638 жұмыссыз адамды кәсіптік оқытуға жіберу қаралды , нақты жіберілген адам саны 12.784 яғни жоспарлы тапсырма 93,7 пайыз орындалды . Оқыту 30 кәсіп бойынша жүргізілді . Оқудан өткендердің 10 мыңы жұмысқа орналастырылды , 272 адам өз ісін ашты . Жұмыссыздарды оқыту жөніндегі ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау облысында – тапсырма 2,3 есе , Қостанайда – 2,2 есе , Ақтөбеде – 1,5 есе орындалды .

Бағдарлама бойынша жұмыссыздарды оқыту жөніндегі тапсырманы қамтамасыз етпегендер : Солтүстік Қазақстан облысы – 12,7% , Жамбыл – 19,8% , Павлодар – 62,2% , Алматы – 76,4% , Шығыс Қазақстан – 77,0% , Қызылордада – 77,1% , Ақмола – 84,0% .

Қаржыландырудың жеткіліксіздігі жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберуді қиындатты , соның салдарынан оқумен қамту ойдағыдай емес . Басында кәсіптік оқыту үшін 207,9 миллион теңге қаралғанымен , қаражаттандыруға нақты белгіленгені 81,9 миллион , яғни 37,6 пайыз болды , мұның өзі негізінен жұмыссыздарды оқыту жөнінде жасалған төрт жақты келісім шартта көрсетілген шектеуге байланысты еді .

Бизнес –инкубаторлар

Бизнес-инкубаторлар 9 облысты және 2 қалада құрылған . Республика бойынша бүгінде 31 бизнес-инкубатор ашылған , олардың офистері мен өндірістік ғимараттары алып жатқан жер 28,907 шаршы метр , келешекте осы мақсатқа тағы да 6250 шаршы метр бөлу көзделіп отыр . Маңғыстау және Атырау облыстарына оларды құру ұйымдастыру сатысында ғана .

Бизнес-инкубаторлар аумағында өндірістің әртүрлі салалары бойынша 202 кәсіпорын салынған .

Бизне-инкубаторларды ұйымдастырумен олардың қызмет істеуі үшін жуапкершілік қалалар мен аудандардың әкімдеріне , облыстық және қалалық Еңбек , жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері мен басқармаларына , кәсіп-керліктің , шағын және орта бизнестің облыстық басқарламалары мен комитеттеріне жүктелген .

Кәсіпкерлікті колдаудың Батыс Қазақстан қоғамдық қоры негізінде жалпы көлемі 2220 шаршы метрлік бизнес-инкубатор ұйымдастырылған , онда өндіріспен , өндеумен және қызмет көрсетумен шұғылданатын шағын кәсіпкрліктің 15 субъектісін орналастыру жоспарланып отыр .

Шағын несие беру

Шағын несие беру адамдардың өзін өзі жұмыспен қамтуына көмек көрсететін экономикалық шара ретінде кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады . Ең аз қамтамасыз етілген 70 мың азаматқа шағын несие беру көзделген болатын . Бағдарлама жұмыс істей бастаған мерзімнен бері 19,2 мың адамға 601,7 миллион теңгенің шағын несиесі , оның ішінде қайтып келген сомадан 3 миңнан астам шағын несие берілді . Бағалау деректері боынша шағын несие бағдарламасы жүзеге аса бастаған кезден бері 10 мың жаңа жұмыс орны құрылды .

Қазіргі кезде 2006 жылы беріліп , мерзімі өткен несиелерде қайтару жүріп жатыр .

Халыққа шағын несие беру бағдарламасының жаңа жобасы жасалады . Қазіргі кезде ол бұған мүдделі министрліктерге жіберілді .

Қорытынды

Кедейлік, жұмыссыздық – бір қасірет. Жұмыссыздық – бүкілдүниежүзілік проблемалардың бірі болып саналады. Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.

Республика бойынша және оның жеке аймақтары бойынша да кедей адамдар да , жұмыссыздар да бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа адамадар есебінен көмек көрсету керек.

Біздің болашағымыз - жасөспірімдер. Жұмыссыз жасөспірімдердің көбі - жұмыс күші қатарына жаңадан келіп қосылғандар. Егер жастардың жұмыс іздеуге кеткен уақыты қысқартылған болса, онда олардың арасындағы жұмыссыздықты азайтуға болар еді. Жастарды мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыратын қызмет немесе орталықтар құрылуға тиіс.

Жастардың жұмыс күші қатарына қосылып және одан шығуының бір себебі – сол жұмыс орны оларды қызықтырмайды. Жұмыс орнын жақсарту мәселесімен кейбір еуропалық елдер, әсіресе, Германия жастарды жұмыс орнына қызықтыру үшін техникалық тұрғыдан оқытуды қолға алып отыр.

Жұмыссыздықты тереңірек болдырмау үшін, біздер белгілі бір шараларды қолдануымыз керек:

    • Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашу керек.

    • Жаңа жұмыс орындарын аша отырып, бірте-бірте жалақыны өсіру.

    • Адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп, олардың өз кәсібін ашуына көмек жасауға көмек көрсету.

    • Шетелдік инвесторлар келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскелер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орындарына мамандығы мен білікті бар адмдарымызды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарлануы қажет.

Сонымен, жұмыссызыдық деңгейін төмендету шараларын асыруға қажетпіз. Біз Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуі тисті және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруымыз біздің міндеттімізге жатады.Біздің көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.

Жұмыс – ң П\Б себептері: Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.

Мыс., АҚШ-та бір апта немесе онан көп уақыт жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп санайды, ал бір аптаның ішінде бір сағат та жұмыс істеген болса жұмыссыз деп санамайды

1.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығын зерттеу барысында төрт бірдей негізгі өзгешелікті байқаймыз:

  • Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.

  • Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және жұмысынан айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде болады, ал жаңа даму кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану жоғарылайды.

  • Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша) жұмыссыз қалады.

Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін – жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы бар. Біріншісі – экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастайды.

Енді жұмыспен толық қамтылғанда пайда болған жұмыссыздықты – құрылымдық жұмыссыздық деп атаймыз. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыссыздық еңбек нарығын құрылымның нәтижесі. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі натуралды жұмыссыздық деңгейімен бара-бар.

Ал циклдық жұмыссыздық – құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім жұмысын толық қамтылу деңгейінен төмен болған тұста пайда болады.

Адамға жұмыс табу үшін уақыт қажет. Фрикционды жұмыссыздық дегеніміз – жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен сол аралықтағы жұмыссыздық.

Егер жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы жоғары болса, онда сол адамға жұмыс орнын одан ары қарастыра берген қолайлы.

Жұмыстан босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайта оралып, басқа жұмыс іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын біледі.

2.1. ҚР Жұмыс –ң: Статистикалық көрсеткіші.Экономикалық саясат үшін шешуші сұрақ – экономика жұмыспен қай кезде толық қамтамасыз етіледі дегенге саяды. Сонда бұл жұмыссыздық деңгейі 5,4 немесе 6 % болғанда ма ? Бүгінгі күні республикадағы еңбек рыногында жұмыссыздық ең ірі өткір мәселе.

1999 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 12.225,8 мың адам болды немесе ол бүкіл халықтың 34,2 % пайызы болды. Одан басқа 4.273,2 мың адам экономикалық белсенді емес деп саналды, Сонда еңбек ресурстары 11.479,0 мың адам.

Қазіргі кезде үкімет кедейлікпен күрес бағдарламасын жасап, жұмыссыздардың санын азайтудың жолдарын табу.

Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің сараптамалық бағалауы бойынша 2006 жылдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы көлемі жыл басындағы 15,6 пайыз орнына 13,4 пайызға дейін төмендеді

2006 жылдан бастап әр тоқсан сайын Статистика жөніндегі агенттік жүргізетін болады.

Жұмыссыздық деңгейі Павлодар облысында 6,3 пайыз, Оралда 5,1 пайыз, Қызылорда да 6,0 пайыз, Маңғысатауда 5,8 пайыз және Атырау облысында 4,9 пайыз болды.

Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының орындалуы үшін 2005 жылға 19.530,4 миллион теңге (Жалпы ішкі өнімнің 0,85 пайызы) қаржы бөлу жоспарланғандығы, нақты бөлінгені 16.650,3 миллион теңге (ЖІӨ - нің 0,7 пайызы) яғни жоспар 85,3 пайыз ғана орындалды.

2006 жылдың 1 қаңтарына республика бойынша тұтас алғанда есепке 231,4 мың жұмыссыз адам тұрды, оның 22,2 мыңы ғана материалдық көмек алды, 7,8 мыңы қоғамдық жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы кәсіптік оқытуда біліктілігін көтеруде және қайтадан даярлауда болды.

Сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландырудың 80 пайыздан жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан ( 87 %), Батыс Қазақстан (81%).

3.1. Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. олар үшін жұмыс орындарын ашу – бағдарламадағы басты мақсаттың да, онда қаралған басты мәселенің де бірі. Екіншіден, жаңа жұмыс орнындарын аша отырып, бірте-бірте жалақысын өсіру.Арнайы мүгедектер мен жетім балаларға арнайы көмек көрсету. Жұмыссыздықпен, кедейлікпен күрес – экономикалық тәсіл арқылы шешілетін мәселе. Бағдарлама бойынша жоғарыда айтылғандай, 3 жыл ішінде 400 мыңдай жұмыс орныны ашылу тиіс.

3.2. Республика бойынша 2006 жылғы желтоқсанның аяғында бір бос жұмыс орнына орта есеппен 25 адам, ауылдық жерде – 137 адам таласты. Еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің бір пошымы – бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу. Бүгінгі күні оларды ұйымдастыру мен өткізудің тәжірибесі Қарағанды, Ақмола. Атырау, Павлодар облыстарының, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарында бар. Бағдарлама бойынша 2005 жылы республикада 13638 жұмыссыз адамды кәсіптік оқытуға жіберу қаралды , нақты жіберілген адам саны 12.784 яғни жоспарлы тапсырма 93,7 пайыз орындалды . Оқыту 30 кәсіп бойынша жүргізілді . Оқудан өткендердің 10 мыңы жұмысқа орналастырылды , 272 адам өз ісін ашты . Жұмыссыздарды оқыту жөніндегі ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау облысында – тапсырма 2,3 есе , Қостанайда – 2,2 есе , Ақтөбеде – 1,5 есе орындалды . Бизнес-инкубаторлар 9 облысты және 2 қалада құрылған . Республика бойынша бүгінде 31 бизнес-инкубатор ашылған , олардың офистері мен өндірістік ғимараттары алып жатқан жер 28,907 шаршы метр , келешекте осы мақсатқа тағы да 6250 шаршы метр бөлу көзделіп отыр.

Қорытынды: Кедейлік, жұмыссыздық – бір қасірет. Жұмыссыздық – бүкілдүниежүзілік проблемалардың бірі болып саналады. Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.

Республика бойынша және оның жеке аймақтары бойынша да кедей адамдар да , жұмыссыздар да бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу

Біздің болашағымыз - жасөспірімдер. Жұмыссыз жасөспірімдердің көбі - жұмыс күші қатарына жаңадан келіп қосылғандар. Жастарды мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыратын қызмет немесе орталықтар құрылуға тиіс.

Жастардың жұмыс күші қатарына қосылып және одан шығуының бір себебі – сол жұмыс орны оларды қызықтырмайды. Жұмыс орнын жақсарту мәселесімен кейбір еуропалық елдер, әсіресе, Германия жастарды жұмыс орнына қызықтыру үшін техникалық тұрғыдан оқытуды қолға алып отыр.

Жұмыссыздықты тереңірек болдырмау үшін, біздер белгілі бір шараларды қолдануымыз керек: Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашу керек. Жаңа жұмыс орындарын аша отырып, бірте-бірте жалақыны өсіру. Шетелдік инвесторлар келген кезде, шағын бизнес құру.

Сонымен, жұмыссызыдық деңгейін төмендету шараларын асыруға қажетпіз. Біз Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуі тисті және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруымыз біздің міндеттімізге жатады.Біздің көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.

29

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]