Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалы жмыстар СоС.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
4.63 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №3 Linux-тің Ubuntu дистрибутивын орнату үшін диск кеңістігін дайындау. Acronics программасы арұылы диск кеңістігін бөлу. Орнатуға қажет, программаны таңдау.

(5-6-апта, 5 балл)

Linux преациялық жүйесін орнату: Linux операциялық жүйесі сіздің компьютеріңізге орнатудың барлық жолдарын белгілейді.

Ең қолайлы және өріс алған тәсіл. Дистрибутивтің кез-келген бірінші дискісі — жүктеуші (загрузочный). Дискті дисководқа салып,қайта жүктеу (перезагрузите) қызметін іске қосамыз, BIOS Setup-ке еніп, CD-приводты жүктеуіштің бірізділігінде бірінші етіп орнатамыз. Linux-ты орнату дискті жүктеуден басталады, мұнда біз бастапқы мәзірге түсеміз. Жұмыс үстелі пайда болғанда, «Орнату»(Установка) белгісін басамыз, сіздің алдыңызда орнатушының терезесі пайда болады.

1-қадам. Орыс тілін таңдап, тайсалмастан «Далее» тетікшесін басамыз.

2-қадам. Келесі қадамда бізге сағаттық белдеуді таңдауды ұсынады: Азия, Алматыны таңдаймыз.

3-қадам. Пернетақтаны ыдыратуға көшеміз. Ұсынылған нұсқаны таңдауға немесе өз нұсқанды ұсынуға болады. Пернетақтаны теңестірудің дұрыстығын төменгі жақта орналасқан арнайы терезеден бірнеше таңбаны басып шығару арқылы тексеруге болады.

Әсіресе, 4-қадамда зейін салып қарау керек: Linux операциялық жүйесін орнатудың 3 тәсілі көрсетілген. Егер сізде Windows жүйесі орнатулы болса 1- тәсілді, егер сіз тек Linux операциялық жүйесін ғана орнатар болсаңыз 2-тәсілді таңдаймыз, 3-тәсіл өз бетінше қалыпқа келтіру үшін. Осы пунктты таңдап, келесі қадамға көшеміз. Мұнда «Новая таблица разделов» -> «Свободное место» -> «Добавить» түймесін басып, Linux-тың тамырлы бөлімін орнатуға кірісеміз. Бұл жерде монтаждаудың 3 нүктесін көрсетеміз: тамырлы бөлім үшін 4-10 гигабайт жеткілікті. Қалған орынды /home бөліміне береміз. Файлдық жүйені Ext4 арқылы өзгертуге, Ext3, Ext2, RaiserFS, JFS, XFS, FAT32, FAT16 комбинациялары арқылы қолдауға болады.

Ескерту: / - тамырлы файлдық жүйе, жүктеу бөлімі. Бұл бөлімде барлық жүйелік файлдар мен орнатылған программалар бар. Қарапайым компьютер үшін 4-5 гигабайтта жеткілікті.

swap – арнайы Линукс файлдық жүйесі, виртуалдық жад қызметінде қолданылады. Мамандар сіздің компьютеріңіз үшін ең қолайлы swap көлемі теңдес немесе бір жарымдық мөлшерді орнатуды растайды. Көлемі 500 mb (swap) бөлімін жүктеу бөлімін құрамыз.

Шындығында, бүгінгі күн үшін жаңалық болмасада, бір немесе одан да көп гигабайтты жад бола тұра, бұл бөлім өте сирек қолданылады. Бұл жағдай тек видио, графикаларды өңдеу жүйелерінде ғана қолданылмайды.

/home – бөлек бөлімдегі үй каталогы – бұл оптималды шешім. Бұл үй каталогында тұтынушыға байланысты барлық ақпараттар, суреттер мен құжаттар, пошталық жәшік пен көптеген программаларды жөнге келтіру қызметтері сақталады.

5-қадам, Сізден сіз жайлы ақпаратты енгізуді талап етеді, яғни тұтынушының аты-жөні, жүйеге ену үшін орнатылған логин, пароль, компьютердің тегі, сіздің ақпараттық сақталу үшін «Требовать пароль для входа в систему» опциясы қызметін енгіземіз.

6-қадам. Келесі терезеде жүйені орнату туралы барлық ортақ ақпарат шығарылады, сонымен қатар, жүктеушінің конфигурациялық қызметі көрсетіледі.

7-қадам. Орнату.

ЖҰМЫС ҮСТЕЛІНІҢ ӘСЕРЛЕРІН ІСКЕ ҚОСУ (Linux Ubuntu үшін)

Визуалды әсерлерді өзгерту үшін Система → Параметры → Внешний вид → Визуальные эффекты қадамдары арқылы жұмыс үстелінің әсерлерінің негізгі қалыпқа келтіру (настройка) қызметіне енуге мүмкіндік ала аласыз. Қосалқы әсерлерді қосу үшін Система → Параметры → Тонкая настройка эффектов рабочего стола қадамдарын жүзеге асырасыз. Таңдалғандарды белгілеп, таңба қоясыз, сонда сіз таңдаған әсер қолданылады. Әсердің тетікшесін басқанда, оның күйге келтіру режимі өзгертіледі.

ЖҰМЫС ҮСТЕЛІН ҚАЛЫПҚА

Жоғарғы жиек келесі объектілерден тұрады:

Апплет - Приложения, Переход и Системадан тұратын меню тармағы. Бұл жайлы тереңірек келесі зертханалық жұмыстарда айтылады.

Апплет – хабарландыру облысы. Сіздің назарыңыз қажет ететін немесе ағымдағы терезені жаппастан көшуге болатын қосымша белгілерді көрсетеді.

Апплет - уақыт. Ағымдағы уақытты көрсетеді. Тетікшені бассаңыз кішігірім күнтізбе пайда болады.

Апплет дауыс қаттылығын реттегіш. Бұл қызмет сізге динамиктегі дауыс қаттылығын күйге келтіруге мүмкіндік береді.

ТӨМЕНГІ ЖИЕК

«Расчистить рабочий стол» тетікшесі барлық ашық терезелерді орап, жұмыс үстелін тазарту үшін қызмет етеді.

Апплет – терезелер тізімі – терезелерді ашып жабуға мүмкіндік береді.

Апплет жұмыс орындарын ауыстырып қосқыш. GNOME әлеміне жұмыс орындарын қосу үшін, тышқанның оң жақ тетігішін басып, Параметры қызметін таңдаыз. Жұмыс орындарын ауыстыратын диалогты терезе пайда болады. «Жұмыс орындар саны» бөлімінде қажетті мөлшерді таңдаңыз.

Сұрақтар:

  1. Линукс операциялық жүйесін орнату қанша қадамнан тұрады, толық мәлімдеме бер.

  2. Белгілеу каталогы /

  3. Каталогтың сипаттамасы /swap

  4. Белгілеу каталогы /home

  5. Linux Ubuntu-дың жоғарғы жиегі неден тұрады?

  6. Төменгі жиекке сипаттама бер

  7. Gnome-ге жұмыс орындарын қалай қосуға болады?

Зертханалық жұмыс №4

Linux операциялық жүйелерінде командалар арқылы желіде жұмыс жасау. Команданың қарапайым әрекеті, жүйе туралы ақпаратты шығару командасы, желімен жұмыс істеу командасы. Администраторлар мен басқа пайдаланушыларды құру, топтар мен пайдаланушыға рұқсат құқығын шектеу.

(7-апта, 5 балл)

Тапсырма 1.Linux-ті іске қосу

Сурет. 1.Графикалық режимге киргенен кейінгі Linux-тің терезесі

Тапсырма 2. Linux-тің консулін енгізіп root пайдаланушысының жүйесіне кіру.

Ол үшін жұмыс үстелінен белгісін тауып алып,үстінен тышқанмен шертіңіз.

Сурет2.Bash-программасының қабықшасы

Нәтижесінде Bash-программалық қабықшасы ашылады.Бұл терезе көбінесе Windows командалық терезесін еске түсіреді.Бұл программаның терезесінде сіз шақыруды көресіз:

linux@linux-desktop:~$

Шақырудан кейін sudo su командасын орындаңыз:

linux@linux-desktop:~$ sudo su

Нәтижесінде шақыру мынадай түрге ие болады:

[sudo] password for linux:

Порольды енгізіп болған сон,шақыру мынадай түрге ие болады:

root@linux-desktop:/home/linux#

Бұл жердегі «#» символы сіздің root программасымен жұмыс істеп отырғаныңызды көрсетіп тұр.

Whoami командасын енгізіңіз (бұл топ сіздің қай атпен жүйеге кіргеніңізді хабардар етңп етіп отырады). Root жүйесіндегі қолданушының жұмысын аяқтаңыз.Ол үшін командалық жолдан exit-ті тереміз.

Тапсырма 3.Жүйеге жаңа қолланушыны енгізіңіз:

Root қолданушысының жүйесіне кіріңіз.

Жүйеге Student атты қолданушыны енгіземіз(useradd және passwd командаларын қолдана отырып ).

Useradd student

Passwd student

Passwd student командасын енгізгеннен кейін,экранда хаттама пайда болады:

Enter new password:

Сіз қолданушыға пароль енгізуіңіз қажет (5 символдвн кем немесе артық емес) және <Enter> пернесін басу керек.Парольды енгізген кезде экранда көрінбейтініне назар аударыңыз.Бұдан кейін хаттама шығады.

Re-enter new password:

Сіз дәл бірінші енгізген пароліңізді student қолданушысы үшін қайталап енгізесіз. <Enter> пернесін басқаннан кейін экранда :

Password changed.

Сонымен сіз жүйеде жаңа қолданушыны енгізіп,оған пароль қойдыңыз.Енді осы қолданушыға login командасын қолдана отырып кіруге болады.

[home/dsl]# login

Box login: student

Password:

Парольды енгізгеннен кейін сіз шақыруды көресіз: student@tty0[/]$

Whoami командасын енгізгеннен кейін сіз student қолданушысына кіргеніңізге көз жеткізіңіз.

Қолданушымен жұмысты аяқтау үшін logout командасын қолданыңыз.

Тапсырма 4.Корневой каталогқа көшіп,оның құрамын көру.

• Корневой каталогқа көшіңіз:

cd /

ls немесе dir командасының құрамын көріп шығыңыз.(3-ші сурет)

Сурет 3. Ls командасының орындалуының нәтижесі

Ls командасын тағы қосымша операциямен қолдануға болады:

ls –l

Тапсырма 5. Midnight Commander файлдық менеджрмен танысыңыз:

• Bash оболочкасын жіберіңіз.Ол үшін жұмыс үстеліндегі ATerminal

белгісін шертіңіз.

• Консолдан mc командасын теріңіз.

Сурет 4 Midnight Commander программасының терезесі

Нәтижесінде Norton Commander және FAR Manager-ге ұқсас Midnight Commander программасының терезесі ашылады (4 сурет).Оболочканың басты элементтерін қарастырайық.Терезенің үлкен бөлігін оң және сол жақ панелі алып тұр.Бұл панелдердің төменгі жағында Linux командасын енгізе алатын жол орналасқан.Одан төменірек функционалдық клавишті еске түсіретін жол орналасқан.Терезенің жоғарғы жағында бас мәзір жолы орналасқан. Midnight Commander жұмыс істеген кездегі кейбір клавиатуралық командалардың тағайындалуын қарастырайық :