Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Келісімшарт

Келісімшарт – жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.

Келісімшарт мынадай жағдайларда жасалады:

  1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілер: тұрғын үйді сатып алу- сату, сыйға беру, ауыстыру туралы.

  2. Жер учаскелері туралы мәмілелер: жер учаскесін сатып алу- сату, сыйға беру, ауыстыру туралы.

  3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер т.б.

Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі: пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.

Негізгі сөздік

Төменде қол қоюшылар-нижеподписавшиеся

маған тиесілі-принадлежащий мне

жеке басы –личность

құқықтық іс-әрекетке қабілеті-дееспособность

тариф бойынша салық алынды-взыскано по тарифу

мәміле-сделка

жекеменшік құқығы бойынша по праву собственности

тыйым салынбаған-под арестом не состоит

құқылы-вправе

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Келісімшарт қандай құжат?

  2. Ол қандай жағдайларда жасалады?

  3. Келісімшарттар қайда куәландырылады?

  4. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

  5. Келісімшартта қандай мәліметтер беріледі?

6. Қай кезден бастап күшіне енеді?

7. Қандай жағдайларда келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылады?

2-жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып, сұрақ қойыңыз.

  1. Кез келген келісімшарт тараптардың қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

  2. Заңды тұлға екінші тарапқа 30 күн бұрын жазбаша түрде хабарлап келісімшарт мерзімін тоқтатуға құқылы.

  3. Келісімшартты орындау барысындағы туындаған даулар тараптардың өзара келісімімен шешіледі. Тараптар келісімге келмеген жағдайда, даулар қолданылып жүрген Заңдар арқылы белгіленген тәртіпте қарастырылады.

  4. Мүлік, мүдде таластары келісімшарт бойынша арнайы сот орындарында шешіледі.

  5. Тапсырысты орындаушы тарап келісімшарт жасасқан күннен бастап жабдықты уақытында жеткізуге кепілдік береді.

3-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісімшарт жасау, мәміле барысында, жүзеге асырылады, төмендегілер туралы, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес, құқықтық іс әрекетке қабілеттілігі, дау-таласта болған жоқ, жалпы пайдалы аумағы, көрсетілген пәтер маған тиесілі, менің қатысуым кезінде қол қойылды,жеке басы анықталды,пәтердің инвертарьлық құны, «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заң.

4-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Нижеподписавшиеся, составление договора, заключили настоящий договор о нижеследующем, указанная автомашина принадлежит мне, на основании технического паспорта, выданного Госавтоинспекцией, под арестом не состоит, не заложена, договор подписан сторонами в моем присутствии, дееспособность сторон проверена, личность сторон установлена, текст договора прочитан вслух, договор состален в 3 экземплярах, действующее законодательство, расходы по оформлению договора, зарегистрирован в реестре № 5, выдан МВД РК, зарегистрирован в БТИ, передаточный акт, уплата долгов, обязанности и права сторон, нарушение условий договора, споры возникающие приисполнении настоящего договора, договор утративший силу, в соответствии с требованиями соглашения, права и обязанности сторон,индивидуальное трудовое соглашение, вступает в силу. проживающий по адресу, по праву собственности, составляет, купля-продажа, до заключения настоящего договора.

5-жаттығу. Үлгімен танысыңыз. Мазмұнын ауызша айтыңыз.

Автокөлікті сату-сатып алу туралы келісімшарт

Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 11-үй, 2007 жылғы 29 мамыр.

Біз, төменде қол қоюшылар,--------------------------------------------------------

төмендегілер туралы келісімшарт жасадық:

  1. Мен, азамат Болат Мақсатұлы, «Жигули» маркалы жеңіл автокөлігімді сатамын, кузовының типі.............., шығарылған типі.........., шасси нөмірі............., двигатель нөмірі..........., мемлекеттік нөмірі ........, мен, азамат, Дәулет Омаров, көрсетілген автокөлікті сатып аламын.

  2. Көрсетілген автокөлік Мемлекет-тік автоинспекция 2006 жылғы 20 сәуірде берген №7777 техникалық паспорттың негізінде маған, Болат Мақсатұлына тиесілі.

  3. Автокөлік жеті жүз мың (700 000) теңгеге сатылады. Көрсетілген теңгені қол қою кезінде азамат Дәулет Омаров төлейді.

  4. Осы уақытқа дейін көрсетілген автокөлік ешкімге сатылған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.

  5. Осы келісімшартты ресімдеудің шығынын азамат Дәулет Омаров төлейді.

  6. Осы келісімшарт 3 дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екінші данасы азамат Болат Мақсатұлына, үшінші данасы азамат Дәулет Омаровқа берілді.

Тараптардың қолы сатушы.......... сатып алушы.........

2007 жылғы 29 мамырда осы келісімшартты мен, Әмірбек Айдана Болатқызы, Қостанай қаласындағы лицензия №55 «Әділ» нотариалдық кеңсенің нотариусы куәландырдым.

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын автокөліктің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.

Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. №337 тізбеге тіркелді. Тариф бойынша 1000 мың теңге мемлекеттік салық алынды.

Нотариус .................. (қолы)

6-жаттығу. Келісімшарттағы қажетті сөздерді қойыңыз.

1. Аталған пәтер............................. құқығы бойынша азамат Мақсат Сұлтановқа ...................... .2. Осы келісімшарт жасалғанға дейін пәтер ешкімге................... жоқ, қарыз.............., .................алынған жоқ. 3. Тараптардың .......... ............ анықталды, ................. ..................... .............. тексерілді, пәтердің сатушыға ............ екендігі тексерілді. 4. Тариф бойынша 500 теңге ............... ................ ............... .5. Келісімшарт мәтіні ................ оқылды. 6. ТИБ-тің ................... бойынша пәтердің құны 2 000 теңге. 7. Келісімшартты ............... ................... азамат Нұрбол Болатов төлейді. 8. ....... ............. .......... № 9 бабының мазмұны ............................ Еңбек келісімі-тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат.

7- жаттығу. Тақырыптық келісімшарт үлгілерін құрастырыңыз.

  1. Пәтерді сату- сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз.

  2. Автокөлікті сату- сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз.

  3. Саяжайды сату- сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз.

  4. Еңбек келісімін жасаңыз.

  5. Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілді оқыту туралы келісімшарт жасаңыз.

ЖЕКЕ ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

Жеке еңбек келісімі-қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік, немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттейді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:

  • тұрақты түрде жұмыс істейтіндер

  • уақытша жұмыс істейтіндер

  • негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер

  • қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер

Еңбек келісімі 2 дана болып жасалады. Оған жұмыс беруші мен қызметкердің қолы қойылып, мөрмен куәландырылады.

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Еңбек келісімі нені реттейді?

  2. Жұмысшылар қандай категорияларға бөлінеді?

  3. Еңбек келісімінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

  4. Келісім кімде сақталады?

  5. Тараптар бір-біріне қандай кепілдік береді?

2-жаттығу. Еңбек келісімінде қолданылатын сөз тіркестерді естеріңізде сақтаңыздар.

келісім нысаны, қоса атқарушылық, СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі), жұмыс беруші, тараптардың келісімімен, мерзімді ұзарту, келісім шарттарын өзгерту, кәсіби біліктілігін арттыру, шарттарды орындауды талап ету, адал атқару, ішкі еңбек тәртібі, мәліметтер құпиялығын сақтау, маман мүддесі, нұсқан келтірмеу, материалдық жауапкершілікке тарту, тәртіптікжауапкершілік, еңбекақы төлеу, дер кезінде хабарлау, мезгілінен бұрын тоқтату, өзара келісімі бойынша, міндеттерді орындамаған жағдайда, Тараптар арасында туындаған даулар, жазбаша енгізу, сот арқылы шешу, келісімнің ажырамас бөлігі, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды, КР-ның қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін.

3-жаттығу. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

  1. Осы шарт бойынша бұл жұмыс қызметкердің негізгі жұмыс орны болып табылады.

  2. Қызметкердің басқа қызметтерді қоса атқаруға құқығы бар және өзінің негізгі қызметінен босамай-ақ қосымша қызмет атқара алады.

  3. Қызметкер сынақ мерзімінде жүрген кезде ҚР еңбек туралы заң актілерінде және осы шартта белгіленген нормаларды пайдаланады.

  4. Қызметкер өзінің қызметін орындауға тікелей қажетті Жұмыс беруші берген мүліктердің дұрыс сақталуына толық материалдық жауапкершілікте болады.

  5. Қызметкер қызмет бабына байланысты өзіне ғана мәлім Жұмыс берушінің коммерциялық құпия мәліметтерін жарияламау жөнінде жазбаша түрде міндеттеме береді.

  6. Жұмыс беруші ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99 жылғы №493-1 Заңының 91 бабының 2-7 тармақтарында белгіленген жағдай-ларда қызметкерге келтірілген зардаптар үшін толық мөлшерде жауапты болады.

  7. ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99 жылғы №493-1 Заңының 8-бабының және ішкі қолданыс үшін шығарылған жарғылар мен актілердің талаптары шегінде Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері болады.

  8. Қызметкерге жыл сайын жалақысы сақталатын, ақылы, ұзақтығы 30 күнтізбелік күн еңбек демалысы беріледі.

  9. Іссапарға байланысты кепілдіктер мен өтемақылар ҚР қолданылып жүрген заң актілеріне байланысты төленеді. Іссапарға ҚР Үкіметінің белгілеген нормасынан артық төленетін өтемақылар оны растайтын құжат болғанда төленеді.

  10. Жұмыс беруші қызметкерді ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіпте арнайы киіммен, құралдармен, көлікпен және басқа инвентарлармен, сонымен бірге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге міндетті.

  11. Қызметкер мемлекетік сотқа жүгінсе, онда ол мемлекеттік баж салығынан және басқа да соттың төлемдерінен босатылады.

  12. Меншік иесінің немесе заңды тұлғаның ауысуы осы шартты бұзуға негіз бола алмайды.

  13. Егер осы шарттағы ережелер Қазақстанда бекітілген халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы еңбек туралы» заңдарының ережелеріне қайшы келетін болса, онда ең бірінші халықаралық шарттары, содан кейін ҚР заңдары заңды болып табылады.

  14. Егер ҚР заң актілерінде қызметкердің жағдайын жақсарту жөнінде өзгертулер енгізілсе, онда осы шарттың соған сәйкес тармақтарына да өзгертулер енгізіледі, егер керісінше болса, онда шартқа өзгеріс енгізілмейді.

  15. Коммерциялық құпияға жататын мәліметтерді жарияламау туралы міндеттеме, 1 бет, 1 дана.

Әкімшілік сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қызметкерге қажетті жағдай жасауға міндеттенеді.