Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Хабарлама үлгісі

ЖАЗБАША ХАБАРЛАМА

00.00.00

Қостанай қаласы №

Бас маман Б.А. Оспановқа

«Луч» ЖШС 01.07.2008 жылдан бастап Сіздің лауазымыңыз бойынша жұмыс жағдайының өзгеретінін ескертеді.

10.05.2006 жылғы №____ ЖЕШ-ның 5-бабына және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 10.12.99. № 493-1 заңның 19-бабы негізінде Сізді өзгерістермен таныстырып, 00.00.00-ға дейін шешім қабылдауыңызды өтінеміз.

Директор аты-жөні

Мөр

Шешім:

  • Сіздердің ұсыныстарыңызды қабыл аламын және 10.05.2006 ж. №____ ЖЕШ-ын қайта қараған кезде «Луч» ЖШС-дегі бас маман қызметіне байланысты енгізген өзгерістерге келісімімді беремін.

_______________________ аты-жөні

(қолы, қызметі)

  • Жаңа еңбек тәртібімен ұсынылған «Луч» ЖШС-нің бас маманы қызметін одан әрі істеуден бас тартамын және ҚР 10.12.99. №493-1 заңының 26-бабына сәйкес 10.05.2006 ж. № ___ЖЕШ-ын бұзуға дайынмын.

______________________________________________________

(аты-жөні, қолы, қызметі)

Форма уведомления

УВЕДОМЛЕНИЕ

    1. г. №

г. Костанай Главному специалисту

Оспанову Б.А.

ТОО «Луч» доводит до Вашего сведения, что с 01.07.2008 г. изменяются условия работы по Вашей должности.

На основании ст. 5 ИТД от 10.05.2006 г. № 7 и ст. 19 Закона РК «О труде» от 10.12.99 г. № 493-1 прошу Вас ознакомиться с изменениями и принять решение в срок до 00.00.00 г.

Директор Ф.И.О.

Печать

Решение:

- Принимаю от Вашего предложение и даю согласие на изменение условий труда по должности главного специалиста ТОО «Луч» при условии пересмотра индивидуального трудового договора от 10.05.2006 г. № 7.

______________________Ф.И.О.

(подпись, должность)

- Отказываюсь от Вашего предложения продолжать работу в должности главного специалиста ТОО «Луч» с новыми условиями труда и готов к расторжению ИТД от 10.05.2006 г. № 7 согласно ст. 26 п. 7 Закона РК от 10.12.99 г. № 493-1.

_______________________Ф.И.О.

(подпись, должность)

_____________________

(дата)

3-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз.

Хабарламақұжат ақпараттық-құқықтық. Хабарлама басталғандығы туралы екінші тарапқа ескертеді қандай да бір оқиғаның. Хабарламада алдын-ала ескертілетін айқындалады оқиға бастапқы құжатта. Еңбек шарттарының қызметкерге алдын-ала хабарлайды өзгерістері туралы жұмыс беруші. Мемлекеттік органдар хабарламалардың бекітілген үлгілері пайдаланатын болады. «Сіздің назарыңызға жеткіземіз», болуы тиіс деген сөздер «Хабарлаймыз» хабарламада.

4-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, жазбаша хабарлама құрастырыңыз.

ЖАЗБАША ХАБАРЛАМА

26.05.2006.

Қостанай қаласы

Бас маман Қ. Ж. Жүнісұлына

«Болашақ» ЖШС 01.07.2006 жылдан бастап Сізідің лауазымыңыз бойынша жұмыс жағдайының өзгеретінін ескертеді.

10.05.2005 жылғы № 256 ЖЕШ-ның 5-бабына және ҚР-ның «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99. № 493-1 Заңының 19-бабы негізінде Сізді өзгерістермен таныстырып, 01.06.2006-ға дейін шешім қабылдауыңызды өтінеміз.

Директор Аты-жөні

Қолы

Шешім:

- Сіздердің ұсыныстарыңызды қабыл аламын және 10.05.2005 ж. № 256 жеке еңбек шартын қайта қарап шыққан жағдайда «Болашақ» ЖШС-дегі бас маманның қызметіне байланысты енгізген өзгерістерге келісімімді беремін.

Қ.Ж. Жүнісұлы қолы

- Жаңа еңбек тәртібімен ұсынылған «Болашақ» ЖШС-нің бас маманы қызметін одан әрі істеуден бас тартамын және ҚР 10.12.99. № 493-1 Заңының 26-бабына сәйкес 10.05.2005 ж. № 256 ЖЕШ-ын бұзуға дайынмын.

Бас маман Қ.Ж. Жүнісұлы қолы

5-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Мемлекеттік органдар пайдаланатын хабарламалардың бекітілген үлгілері болады. Ал қызметкерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы қатынастарда хабарламалардың және келісімдердің мұндай үлгілері әлі әзірленген жоқ. Хабарлама фирмалық бланкілерде басылады және қызметкерге қол қоюға қолма-қол беріледі немесе тапсырыс хат түрінде почтамен жіберіледі. Еңбек дауларында бұл құжат елеулі рөл атқарады.

Әдетте, хабарламада «Сіздің назарыңызға жеткіземіз», «Хабарлаймыз» деген сөздер болуы тиіс. Осы парақта қызметкердің жауабын (келісімі немесе келіспейтіні туралы) беру ұсынылады.

6-жаттығу.Тақырыптық хабарлама үлгілерін құрастырыңыз.

  1. Жазғы сессия қорытындылары туралы хабарлама жазыңыз.

  2. Сабақ кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлама жазыңыз.

  3. Ішкі тәртіпке өзгерістер енгізілуі туралы хабарлама жазыңыз.

  4. Шикізатты жеткізу туралы хабарлама жазыңыз.

  5. Келісімшартты бұзу туралы хабарлама жазыңыз.

  6. Электр энергиясының құнының көтерілгендігі туралы хабарлама жазыңыз.

  7. Мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курсының басталу мерзімі туралы хабарлама хат жазыңыз.

  8. Түлектердің БҰТ өткендігі туралы хабарлама жазыңыз.

  9. Жиһазды жеткізуді белгіленген уақыттан кешіктіру туралы хабарлама жазыңыз.