Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Жарнама

Жарнама – хабарландырудың бдір түрі . жарнаманың мазмұны мен тақырыбы кең әрі әр алуан. Жарнаманың мақсаты -қызығушылық тудыру.

Жарнаманың құрылымы:

  • Құжат аты;

  • Мәтін;

  • Мекен-жайы;

  • Байланыс телефондары.

Жарнама

3 және 2 бөлмелі пәтер сатылады. Орталықта , 3-қабат. Қасында балабақша, мектеп, машина тұрағы бар. Т. 25-21-25, Әлия.

1-жаттығу.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Жарнама қандай құжат?

2.Оның қандай құрылымдары бар?

3.Ол қандай жағдайларда жасалады?

2- жаттығу.Төмендегі тапсырмалар бойынша жарнама үлгілерін құрастырыңыз.

1. Үш бөлмелі пәтерді сату туралы жарнама жазыңыз.

2. Автокөлікті сату туралы жарнама жазыңыз.

3. Бос жұмыс орны туралы жарнама жазыңыз.

4.Жаңа сауда үйінің ашылуы туралы жарнама жазыңыз.

5.Жоғары оқу орнына оқуға шақыру туралы жарнама жазыңыз.

6.Азық-түлік дүкенінің тауарларын жарнамалаңыз.

7.Өз кәсіпорыныңыздың өнімін жарнамалаңыз.

8.Сәнді киім үлгіллеріне жарнама жазыңыз.

9.Ұлттық үлгідегі бұйымдарды жарнамалаңыз.

10.Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарнама жазыңыз.

11.Отандық шырын өнімдерін жарнамалаңыз.

12.Өзіңіздің елді мекеніңізде шығарылатын өнім түрлерін жарнамалаңыз.

13.Жұмыс берушіні қызықтыратындай өзіңіз туралы жарнама құрастырыңыз.

14.Тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын фирманы жарнамалаңыз.

3- жаттығу.Берілген құжат үлгісінің құрылымын түсіндіріңіз.

Жарнама

Абылай хан даңғылында жаңа сауда үйі ашылды!!!

Халыққа қызмет көрсететін көптеген жеңілдіктер ескерілген.

Мекен –жайы: Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы, 1-үй. Т. 42-42-42,42-42-41

Қызметтік хаттар үлгілері

Сенімхат үлгісі

Қостанай қаласы

Мен, азамат Бақытов Қайрат, мекен-жайым: –Қостанай қаласы, Абай даңғылы,10-үй,55-пәтер,Қазақстан Республикасының ІІМ 2000 жылғы 20 мамырда берген жеке куәлігімнің нөмірі №136548974, Қостанай қаласы, Таран көшесі,77-үй, 7-пәтерде тұратын азамат Сатаров Аман Мақсатұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 12 маусымда берген жеке куәлігінің нөмірі №169874532 барлық мекемелерде менің істерімді жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Сатаров Аман Мақсатұлын менің атымнан қол қоюға; банктегі есептерімді пайдалануға; тиісті құжаттарды ресімдеуге;келісімшарттар жасауға өкілетті етемін.

Сенімхат 15 күнге дейін өз күшінде.

2008 жылғы 20 сәуір қолы----------

Осы сенімхатты 2008 жылғы 20 сәуірде мен, Исабекова Алтынай, лицензия №12365 «Әділ» нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Бақытов Қайрат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №5 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды:300 теңге.

Нотариус қолы-----

Кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін құжат. Мақсаты-басшының белгілі бір шешім қабылдауына ықпал ету. Кәсіпорын қызметінің негізгі қызметі бойынша баяндау хаттар 5 жыл сақталады.

Баяндау хат үлгісі

Өндірістік-техникалық бөлім