Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс кешені Пробл.КПРК.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
279.55 Кб
Скачать

Тақырып 4 Қазақстан нарықтық қатынастарды қалыптастыру және нығайту кезеңінде

Мақсаты:

Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі позитивтік құқықтың қалыптасуы мен қолданылуы түсіндіре отырып, заңдық терминологияны нығайту үшін жаттықтыру

Жоспары:

  1. Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі позитивтік құқықтың қалыптасуы мен қолданылуы

  2. Қазақстанның құқықтық ғылымында, құқықты қолдану практикасында, құқықшығармашылығында «заңды позитивизм» идеясының қалыптасуы мен нығаюы

1 Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі позитивтік құқықтың қалыптасуы мен қолданылуы. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының қабылдануымен Қазақстанның құқықтық жүйесі қазіргі буржуазиялық мемлекетке тән жаңа сапалы құқықтық жүйеге келтіріле бастады.

Ең алдымен, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде үлкен рольді нормативтік құқықтық актілерге берген болатын. Оларға: кодекстер, заңдар, жарлықтар, қаулылар, нұсқаулықтар, және т.б. (олардың мазмұнына қарамастан). Қабылданатын нормативтік актілер кез келген қоғамдық қатынастарды, адамның кез келген тәртібін реттеуге бағытталған. Бұған куә ретінде Ежелгі Римдегі постулаттың бірін алуға болады: DURA LEX, SED LEX – заң қатаң, бірақ ол заң.

Сондықтан, ҚР Конституциясының 4 бабының 1-ші пункті «Қолданыстағы құқық» деген ұғымды бекіткен болатын, өзгеше айтқанда позитивтік құқық.

ҚР Конституциясының 4 бабының 1-ші пунктіне сәйкес, Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. 

Заң шығарушымен жасалатын позитивтік құқық кейде адамның табиғатына берілген, міндетті ешкімнің бұзбайтын, мәңгі, барлық адамдар үшін жалпы ортақ – шынайы құқыққа қарсы қойылды да. Осы жерде заң шығарушы заң шығарар алдында адамның шынайы құқықтарына қарсы келетін нормаларды да ескермеуі мүмкін. Бұның барлығы заң шығарушының - мемлекеттің, оның органдарының және лауазымды адамдарының субъективтік еркіне тәуелді болып келеді.

2 Қазақстанның құқықтық ғылымында, құқықты қолдану практикасында, құқықшығармашылығында «заңды позитивизм» идеясының қалыптасуы мен нығаюы. Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган - Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілерде осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады.

Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топтастырып жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп отыратын. Әділет министрлігі қоғамның диалектикалық даму барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түседі. Бұрын қабылданған кейбір заңдар күшін жояды немесе оларды жаңа жағдайға бейімдеп толықтыру талабы қойылады. Осыған байланысты мезгіл-мезгіл сол құқықтык нормаларды қайта қарау, реттеу, бір жүйеге келтіру қажет. Нормативтік актілерді реттеудің негізгі екі жолы бар. Олар - инкорпорация және кодификация деп атайды. Инкорпорация - қолданып келген құқықтық нормаларды мазмұны жағынан өзгертпей, сыртқы белгілері мен көріністері бойынша ғана бір жүйеге келтіру, сөйтіп, оларды пайдалануды жеңілдету. Ал кодификация - құқықтық нормаларды салаларына сәйкес талдап жинау, қайта қарау арқылы жаңа жағдайларға сай етіп жаңа заң шығару, яғни заңды мейлінше жетілдіру.

Құқық шығармашылығының негізгі қағидалары:

1. Демократизм мен жариялық - шығармашылық процесіне қалың-бұқара, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, ақпарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, өздерінің пікірлерін айтып, ұсыныстарын береді. Өте күрделі мәселе бойынша жалпы халықтық референдум жүргізіледі.

2. Заңды кәсіпқойлық - мемлекеттің заң шығармашылық органдарының кэсіпқойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестің сапасын көтеру үшін: біріншіден - қысқа және ұзақ мерзімді заң шығару жоспары болу керек; екіншіден - заң және заңға тәуелді нормаларды шығарудың көп жылғы тексерістен, тәжірибеден өткен ережелері болу қажет; үшіншіден - заңның жобасын тәуелсіз ғылыми экспертизадан өткізіп барып, парламентте талқылау керек; төртіншіден - парламенттегі депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.

3. Құқық шығармашылықтағы заңдылық - жаңа қабылданғанмен нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Егерде мемлекеттің ең жоғарғы өкілетті органдары Конституцияға нұқсан келтірсе, ол мемлекеттен жақсылық күтуге болмайды.

4. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру

- бұл үшін қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйелерін жан-жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алу керек.

Сонымен, құқық шығармашылық мемлекеттің жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілік түрі. Норма шығармашылық қоғамдағы қарым-қатынастарға тікелей ықпал ететін негізгі жол, құқыққа мемлекеттік күш беретін құрал. Құқық шығармашылық тек мемлекеттің жұмысы, мемлекеттің, қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын, орындайтын бірден-бір айқындалған жол. Басында норма туралы ой-пікір табиғи жолмен қалыптасып жаңа қатынастарды реттеуге, басқаруға үлес қоса бастайды. Бірте-бірте ой-пікір норманың жобасына айналады. Сөйтіп, мемлекеттік органның қарауына, талқылануына түседі. Құқық шығармашылықтың үш түрі бар:

1 Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі, шығаруы:

2. Өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормалап қабылдап, бекіту.

3. Нормаларды референдум арқылы бекіту. Норма шығармашылықтың өзіне тән қағидалары: әділеттік, демократизм, заңдылық, теңдік, бостандық. Міне, осы қағидалар дұрыс дамыса мемлекеттің жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.

Норма шығармашылықтың кезеңдері:

1. Норманың жобасы туралы тиісті органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субъектілер әр мемлекеттің конституциясында көрсетіледі

2. Тиісті ресми мемлекеттік орган қаулы қабылдап жоба жасауға тапсырма береді.

3. Жобаны талқылау. Оған мамандарды, заңгерлерді қатыстыру.

4. Жобаны парламентте талқылау (1-3 рет).

5. Нормативтік актіні қабылдау, бекіту.

6. Норманы жариялау.

Жаңа норманың сапалы болып шығуына, мазмұнды, ықшамды болуына өте қатаң көңіл бөлу, терминдерге түсінік беру; көп жүйелерді біріктіріп халықтың түсінуін ауырлатуға жол бермеу. Оның орнына бірнеше жеке норма шығарған дұрыс. Норманың мазмұнын үш түрде беруге болады:

- тікелей сол норманың өз ішінде толық мазмұнның болуы (гипотеза, диспозиция, санкция);

- сілтеме түрде беру - норманың бір бөлімі, элементі жетіспесе сол заңның басқа баптарына сілтеме жасау;

- бланкеттік түрде беру - норманың жетіспейтін жері туралы басқа заңдарға сілтеме жасау.

Мемлекет және құқық қоғамдағы халық үшін, олардың мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін, орындау үшін өмірге келеді. Олар қалың-бұқара атынан жұмыс жасайды. Кеңестік тоталитарлық жүйе кезінде бұл мәселе керісінше айтылып, керісінше жұмыс жасалды. Онда адамдар мемлекет үшін жұмыс жасайды деп келдік. Бұл пиғыл, пікір бізде қазір толығымен жойылды. Мемлекет және құқық халық үшін жұмыс атқарып, солардың мүдде-мақсаттарын іске асыратын болды.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

Н: 1, 3 Қ: 20, 22, 24, 25, 26.

Бақылау сұрақтары:

1 «Позитивтік құқық» дефинициясы нені білдіреді?

2 1995 жылғы Конституция бойынша қандай құқықтық актілер «қолданыстағы құқық» ұғымына сай келеді?