Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менджмент.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
451.07 Кб
Скачать

2.3 Аймақтағы туристік нарықты маркетингтік зерттеу

Қазақстан Республикасы 2005 жылы Қарағанды облысында 122 кәсіпорын тіркелген. 2006 жылы туристік қызметтерге арналған лицензиялар 35 кәсіпорынға берілген, сонда жалпы кәсіпорын саны 157-ге жетті.

Бірнеше турфирмалар қызметтерінің бағыттарын алып қарасақ:

  • Консультациялық қызметтер;

  • Транспорттың барлық түрлеріне билеттермен қамсыздандыру;

  • Шоп-турлармен туризмдерге бару ұйымдары;

  • Ішкі туризм орталықтары мен азаматтар демалыстарының бағыттарын ұйымдастыру.

Республикадағы туристік кәсіпорындар арқылы 2006 жылы 194033 туристер мен экскурсанттар өздерінің демалыстарын ұйымдастырды. Оның ішінде туристік фирма – 15032, туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер – 2879, орналастыру объектілері бойынша – 107080 және келермендерді орналастыру мен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер – 69042 адамды құрайды.

Қарағанды аймағы бойынша туристік қызметтің 2000-2005 жылдар аралығында жүйелік кезеңі келесі көрсеткіштермен сипатталады: қызмет көрсетілген туристердің орташа жылдық көрсеткіші 24,75%-ға өскен, соңғы жылдары бұл көрсеткіштің жоғарылай түсуі байқалады. Сонымен қатар туристік қызметтен түсетін табыс мөлшері өсуде. Жыл сайын сатылған жолдамалардың орташа жылдық мөлшері 33%-ды құрайды.

Туристер шығатын сапарларының ыңғайына қарай турист-резиденттер (ішкі туризм): тынығу, жер көру мақсатында келгендер - 22%; туыстар мен таныстарға келушілер - 47%; іскерлік және кәсіби мақсатпен келушілер - 4%; коммерциялық мақсатпен (шоп турлар) - 25%; тағы басқа мақсатпен келушілер - 2%; Турист-резидент еместер (сыртқы сапар туризмі): тынығу, жер көру мақсатында келгендер – 57,6%; туыстар мен таныстарға келушілер – 1,8%; іскерлік және кәсіби мақсатпен келушілер - 18%; коммерциялық мақсатпен (шоп турлар) - 18%; тағы басқа мақсатпен келушілер – 4,6% болып негізгі екі топқа бөлінеді. Қарағанды облысы өңіріндегі туристік сапарлар дамуының жалпы сипаты мына көрсеткіштерді аңғартады: 1) Турист-резиденттер бойынша тынығу, жер көру мақсатымен келген туристердің саны жылына орта есеппен 2 есе өсуде, таныстар мен туыстарға келу жылына 3 есе, коммерциялық мақсатта келушілер 2 есе өсуде сауығу мақсатында келушілер 30% өскен; 2) Турист-резидент еместер туралы тек іскерлік мақсатпен келушілердің санының жылдық орташа көрсеткішінің 23,5%-ға өскендігімен сипатталады.

Қарағанды облысында туристік фирмаларда сатылған жолдамалар құны 2006 жылы 668661 мың теңгені құрады. Сондықтанда осындай көрсеткіштерімен біздің облысымыз Алматы және Астана қалаларынан кейін үшінші орында тұр.

Қарағанды облысындағы туристік шаруашылық келесі орындарда орналасқан:

  • жеке меншік кәсіпорындар;

  • қонақүйлер, шетелдіктермен біріккен кәсіпорындардағы жеке меншіктер;

  • Орналасу орындары, Мемелекетпен біріккен жеке меншік кәсіпорындар.

Көптеген кірістер жеке меншік кәсіпорындарға кіріп отырады

- біріккен кәсіпорындар

- мемлекетпен біріккен жеке меншік кәсіпорындар – 23,7%.

Туризмнің дамуы туристік инфрақұрылымның, оның ішінде қонақ үйлердің, көліктің, ойын-сауық орталықтарының, мейрамхана, кафе секілді демалыс орындарының қызмет көрсету сапасының жоғары болуын талап етеді. Облыс бойынша мейрамханалар мен қонақ үйлерде қызмет көрсетілген туристердің саны жыл сайын өсуде. Оның орташа жылдық көрсеткіші 14%-ды құрайды. Облыс бойынша қонақ үйлердегі қонақ қабылдайтын нөмірлер саны да көбеюде. Сондай-ақ олардың қонақты бір мезетте қабылдай алу мүмкіндігінің өскендігі де байқалады, оның жылдық орташа көрсеткіші – 17%, ал тәуіліктік қонақ қабылдау деңгейі де жыл сайын артуда, оның көрсеткіші – 19%.

Қарағанды облысында 2006 жылы 58 қонақ үй тіркелген, соның ішінде Қарағанды қаласында 16 қонақ үй жұмыс істейді. Қалған қонақ үйлер Қарағанды облысының қалалары мен аудандарына тиесілі.

Туризм адамдардың ел ішінде және оның сыртында бір жерден екінші жерге баруына, сапар шегуіне жағдай жасайды. Туризмдегі негізгі мәселенің бірі – көлік қатынасының дамуы. Жолға шығу кезінде турист көлігінің қауіпсіздігі, жылдамдығы, жайлылығы ескеріледі. Қарағанды облысында келген туристердің 82,7%-ы әуе көлігін; 2,1%-ы темір жолды және 15,2%-ы автокөліктерді пайдаланатыны мәлім болып отыр. әуе көлігінің жолаушы тасымалдау қабілетін анықтайтынсапалық параметрге жолаушы-километр өлшемі қолданылады, осы көрсеткіш бойынша жылдық орташа өсу 13%-ды құрайды.

Облыс қалаларында туристер мен қала қонақтарына арналған қазіргі заманға сай демалыс орындары ашылуда: аквапарктер, мәдени ойын-сауық орталықтары, боулинг орталықтары, казинолар, компьютер клубтары, спорт кешендері және т.б.

Балқаш жағалауы мен басқа көлдер, суқоймалары тек белгілі бір уақытта ғана демалуға белгіленген, мысалы жаз айларында. Аңға шығу – балық аулау туризмнің осы түрін ұнатушыларға өз қызметтерін ұсынады. Соңғы жылдарда демалу орындары қызмет саласы агро дем алу орындарыда дамып келеді. Саяжайда демалу, қалаға жақын жерлерде, көбінесе суқоймаларына жақын жерлерде.

Демалуға тілек білдірушілер облыстағы демалу орындарында демалушылар санын ұлғайтады. Туристік қызмет көрсетулерді кеңейту үшін қысқа мерзімге демалуға келушілерге арналған демалыс орындарын көбейту қажет (қымбат емес мотельдер, кемпингтер, турбазалар, кішкен көлемдегі қонақүйлер, демалыс күндерінің базалары, аңға шығу үйлері т.б.)

Облыстағы өндірістік кәсіпорындардың туристік базалары қалпына келтірілуде: «Қарқаралылық», «Сары-Арқа», «Барс» бұлар Қарқаралыда орналасқан, «Сары-Арқаның» филиалы Балқаш қаласына жақын Бектауатаға жақын орналасқан. Облысымызда мемлекеттік мұражайлар жұмыс істейді: Қарағанды облысы мен Теміртаудың тарихи-өлкетанушылық, Жезқазғанның тарихи-археологиялық (филиалы Жезді мен Қарсақбайда), облыстық мұражай филиалы – А.Құнанбаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы Абай қаласы мен Осакаров ауданында тарихи-өлкетанушылық мұражай. Шахталарда, заводтарда, оқу орындарында 50 ден аса мұражайлар жұмыс істейді. Олардың ішінде ең ірілерінің бірі И.А.Костенко мен К.О.Горбачев атындағы Қарағанды шахталарында орналасқан, «Қазақмыс» корпорациясының мұражай-көрмелік кешені Жезқазған қаласында орналасқан. Археология және этнография мұражайы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орналасқан. Туристерге өз экспонаттарымен Қарқаралы табиғат мұражайы ұнайды.

Туристік шаруашылық материалдары негізінде , туристер қозғалысы картасы құрылды «Қарағанды облысы туризмінің аймақтық ұйымы». Бұл жерде туристік шаруашылықтар обьектілерінен басқа инфрақұрылымдар және туристік бағыттар бейнеленген.

Ұлытау тарихи өңірінде жылқы туризмі ұйымын ашу ұсынылып отыр, онда жылқы шаруашылығының дамуының бастамасы болмақ. Қарағанды облысында демалу мен туризм үшін мүмкіндіктер өте үлкен. Бірақ әртүрлі табиғи және антропогендік демалыс орындары толығымен пайдаланылмайды. Бүгінгі күнде турфирма қызметі жол жүру арқылы саяхаттау туризіміне бағытталған және елді мекендердің сұраныстарына ие. Туризм саласындағы кәсіпорындардың қаржылық жағдайы тұрақты жол жүруге бағыттарын дайындап және шетел туристерінің демалыс орындарын ұйымдастыра алмайды. Қарағанды облысының туристік қозғалысы мен туристік шаруашылығының қазіргі жағдайын талдаум кезінде мынандай бірқатар проблемалық сұрақтар туындап отыр.

Облыста туризмнің даму бағдарламасы қаржылық шығындар жағынан бекітіліп дайындалмаған;

- Тиімді экономикалық механизм құрылмаған, ол ішкі және сыртқы туризмнің дамуына ықпалын тигізеді және туризм саласындағы инвестициялары да өзіне тартып, туристік ағымның ұлғаюын қалыптастыруға көмек көрсетеді.

- Туристік қызметтің мемелекеттік статистикалық жүйесі, толық емес, туристік ағымдар мен негізгі экономикалық көрсеткіштердегі туризмнің дамуы экономикалық тараулары сияқты және оған қосылған үлес пен Қарағанды облысының экономикалық дамуы толық емес;

- Туризмге ақпаратты-жарнамалық құралдар қолдау көрсетпейді;

- Облыс аймағы демалыс аймағын пайдалануды апатты деп, эпизодтық тұрғыдан көреді, туристік экскурсиялық бағыттарды дайындау қазіргі замандық әдістемелік талаптар мен стандарттардан тыс дайындалады;

- Әрекеттегі туризмнің материалдық базалары көп жағдайда тиімді пайдаланылмайды;

2008 жылға берілген болжам бойынша турұйымдарында келушілерге қызмет көрсету саны аймақта көшпелі туризм бойынша 2007 жылмен салыстырғанда 26 адамнан 40 адамға дейін немесе 53 пайызға жоғарлаған.

Қазақстан Республикасынан тыс желерге шыққан азаматтар саны және 2007 жылмен салыстырғанда туристік қызметтермен қолданғандар 2008 жылы 13,5 мың адамнан 14,2 мың адамға (5,2 пайызға) дейін жоғарлайды.

2008 жылы ішкі туризм бойынша туристік ұйымдарында қызмет көрсету азаматтар саны 4,9 мың адамнан 5,2 адамға дейін немесе 2007 жылмен салыстырғанда 5,1 пайыз өсуі жоспарлануда..

Туристік салаларды талдауды дамыту облыста 2010 жылға дейін көрсеткіш болжамының өсуін істеуге ықпал етті.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан азаматтар саны және туризм сферасында жеке кәсіпкерлермен және туристік ұйым қызметтерімен қолданғандар 2007 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 13,5 мың адамнан 15,3 мың адамға дейін (13,3 пайызға) өседі.

Көшпелі туризм бойынша туристік ұйымдарда қызмет көрсетілгендер саны 2007 жылы 26 адамнан 100 адамға дейін жоғарлайды 2010 жылы немесе 3,8 рет жоғарлайды.

Ішкі туризм бойынша жеке кәсіпкерлермен және туристік ұйымдармен қызмет көрсетілген азаматтар саны 2010 жылы 4,95 адамнан (2007 жыл) 6,0 мың адам немесе 21,2 пайызға көп жоспарлануда