Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менджмент.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
451.07 Кб
Скачать

3 Туристік нарықтағы маркетингті жетілдіру жолдары

«ҚазақстанРеспубликасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық сауда жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сиымдылығына қарамастан, салынғын капиталға қайтарымы жөнінде айтылған. Қазақстанда туризмнің дамуындағы жағымды аспектілер атап өтсек: Мәдениеттің дамуы, халықтың жұмыспен қамтылуы, ел инфрақұрылымының дамуы, шет ел валютасының құйылуы.

Жалпы туризм ел экономикасына жағымды әсер ететіндігі жөнінде жоғарыда айтылған болатын:

- шет ел валютасының құйылуына және де экономиканың төлем балансы және жиынтық сұраныс сияқты көрсеткіштеріне жағымды әсер етеді;

- ұлттық валюта курсының тұрақтануына негіз болады;

- халық жұмысбастылығына әсер етеді;

- ел инфрақұрылымын және экономика салаларын дамытады;

- халық мәдениетін жоғарылатады, т.б

Қазақстан экономикасының орнықты дамуы, елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі іс – шаралар кешенін іске асыру шетелдік капиталды белсенді түрде тартуға ықпал етеді. Сондықтан да туристік индустрияны дамытуға шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту, орталық және өңірлік билік деңгейлерінің іс-қимылын нақты үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында жоғары деңгейлі туристік менеджмент қалыптастыру, жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету, саланың ақпараттық кеңістігін құру, қазақстандық турөнімнің сыртқы және ішкі нарыққа жылжуының тиімді жүйесін әзірлеу, инвестициялау және салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдау үшін барлық алғышарттар бар. Бұл әзірлену үстіндегі өңірлік шебер-жоспарлар шеңберінде іске асыру жоспарланып отырған туризмнің кластерлік дамуының негізгі бағыттары.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.

Дегенмен, Қазақстанда туризм индустриясы қазіргі таңда әлі де даму стадиясында (Сурет 3.1).

Сурет 3.1 Қазақстандағы туризм индустриясы құрылымы

Осы құрамдас салалар бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда туризмді дамытудың бірқатар проблемалары бар.

Туризм дамытудағы кедергі болып отырған басты мәселе туристік бизнестің жүйелендірілмеуі, ол дамымаған инфрақұрылымда көрінеді, атап айтар болсақ:

- мемлекеттік құрылымда ақпараттық-аналитикалық орталықтың жоқтығы;

- туризм саласында қызмет атқаратын салалардың арасында ақпараттық «вакумнің» болуы;

- туристік фирмалар қызметінің ретсіздігі;

- қонақ үй саласындағы баға саясатының әлсіздігі;

- ұлттық парктер мен туристік фирмалардың арасында байланыстың дұрыс орнықпауы және ұлттық парктер тарапынан өз қызметтерін халықаралық нарыққа дербес ұсынуға ұмтылуы;

- ұлттық көлік инфрақұрылымының, оның ішінде әуе тасымалы қызметінің тұрақсыздығы және сенімсіздігі;

- туристік нарыққа қажетті жоғары білімді және кәсіби мамандарды оқыту мен дайындаудың баяулығы, т.б.

Осы бағытта салыстырмалы өзіндік бағдарламаларды жүзеге асыруға баса назар аударуы қажет. Ең алдымен бұл – туристік индустрияны дамыту бойынша ғылыми негізделген нақты мемлекеттік бағдарлама. Оның жүзеге асырылуы туристік қызмет аясына салынған капитал салымының тиімділігін арттырып, еліміздегі туристік ресурстарды мейлінше тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс – қимылдың республикалық шебер-жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процесін жылдамдатуға көмектеседі. Қазақстанда туристік кластерлер құру мен оларды дамыту шеңберінде қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында белсенді де қатаң маркетингтік саясат жүргізу жоспарлануда.

Түрлі еуропалық және азиялық нарықтадағы ахуалды зерделеу нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады:

  • тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақстанның әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып қалып отыр;

  • “Қазақстан” сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі жоқ;

  • еуропалық та, азиялық та туристік нарықта салыстырмалы түрде Қазақстанға келуге деген үлкен қызығушылық байқалады, мұның өзі нақты болашақта шетелдік туристер ағынының ұлғаю мүмкіндігін көрсетті.

Халықаралық нарық үшін Қазақстанның негізгі туристік өнімдері “Шексіз даладан қар басқан тау шыңдарына дейін” бағдары бойынша саяхатқа шығуды көздейтін құрама турлар мен джипті пайдалана отырып, киіз үйде немесе трейлерде тұратын далалық аңшылық екені айқындалды.

Қазақстанның халықаралық туристік нарықта табысты айқындалуы үшін аталған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2007 – 2011 жылдары үш басымдықты туристік нарық айқындалды:

  1. Ресей, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай.

2. Франция, Жапония.

3. АҚШ, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері.

Сөйтіп, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразиядағы жаңа әрі тартымды туристік объект ретінде алға ілгерілету стратегиясын әзірлеу қажет.

Экономиканың өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру мен туризмді дамытуды мемлекеттік кең ауқымды қолдау жөніндегі міндеттер шеңберінде маңызды мән мынадай «белсенді» жобаларды іске асыруға беріледі:

Қазақстандағы туристік коммуникациялық тарауларындағы маркетингтік ерекшеліктер. Әлемдік туристік индустриясы жаңа нарықтарда қажет етсе, ондай жағдайда Қазақстан толығымен Орталық Азиялық аймақта келешегі бар бағытта өз орнын таба алады. Соңғы жылдарда мемлекет туристік индустрияны құруға арналған негізгі блоктар сұрақтарын шешімдерін қамсыздандырды. Осы орайда мысалға айта кететін болсақ – кластерлік бастамалар өткізілді, нәтижесінде экономика секторларының артықшылығының тараулары енгізілді. Бүгінгі күнде талқыға түсіп жүрген өзекті мәселелер туристік индустрияның әлемдік нарыққа шығуы.

Маркетинг пен турөнімді жылжытуды қамтамасыз ету үшін әлемге белгілі халықаралық туристік көрмелерге белсенді қатысу, облыстың туристік оң имиджін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру:

Облыстық ұлттық турөнім экспорты стратегиясын әзірлеу, евразиялық тарихи даму факторларын ескере отырып, туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

Облысты танымал ету және облыс аумағында жұмыс істейтін шетелдік қоғамдастықтар мен халықаралық ұйымдар өкілдерін оның қонақжайлылығымен таныстыру;

Облыстағы туризмнің мамандандырылған түрлерін дамыту жоспарын әзірлеу;

Аудандарда ауылдық және көркемпаздық туризмді дамыту жөнінде шаралармен қамтамасыз ету;

Әртүрлі туристік танымдық және көңіл көтеру объектілерін – облыс халықтарының тұрмыстық мәдениеті негізінде этнографиялық орталықтар, тақырыптық саябақтар ашу;

Туристік қызметтердің ішкі және сыртқы нарықтарында туристік өнімді жарнамалық-ақпараттық жылжытуды қамтамасыз ету.

Қазақстанның туристік тауарларының алға жылжуының бірінші орындағы тапсырмасы-имидждарын құру және саяхаттап келуші туристердің қызығушылықтарын арттыратын Қазақстан жайындағы қызықты оқиғалар немесе аңыздар (мифтар). Осыған байланысты бірнеше мысал:

- Әлемдегі ең алғашқы көшпенділер пайда болған, Қазақстан номадтардың отаны болып табылады;

- Болжаулар бойынша, Қазақстандағы Алтай таулары мистикалық Шамбалдар, буддистер жеріндегі жұмақтың отаны болып табылады;

- Қазақтан шекарасындағы сиқырлы Каспий теңізі - ол әлемдегі жалғыз ішкі теңіздердің бірі;

- Қазақстан қызғалдақтың ең алғаш өсіп шыққан жері болып табылады;

- Қазақстан - жабайы және ұшы-қиыры жоқ табиғаты мен әртүрлі кереметі бар мекен;

Келесі қадам туристік тауарларды алға жылжытудағы аспап-құралдарды айқындау. Бірінші орында ең тиімді маркетингтік стратегия ол халықаралық туроператорлар арқылы жарнамаларды пайдалану. Халықаралық операторлардың көпшілігі Қазақстанға Орта Азияның басқа елдерімен бірге қарым-қатынас жасауды ұсынады. Ал Қазақстан бір жеке туристік бағыт ретінде тек ұсақ туристік агенттіктерді ғана ұсына алады. Сондықтан да қазақстандық туристік тауарларды алға жылжытуды дайындау кезінде халықаралық ірі және орташа туроператорлармен қарым-қатынас орнату және Қазақстанды жеке бағытта орнықтыру қажет.

Туристік нарық тұтынушылары баспалар да, теледидар мен радио да (толығымен суреттеу, фотосуреттер, жазба пікірлер) қанағаттандыра алмайтын ақпараттар жағынан сұраныстары жоғары деңгейде. Туристердің көпшілігі ыңғайлы және ұтымды тәсілдер турларын таңдап алады: яғни туристік интернет порталдарда, іздеу жүйелері арқылы.

Ешқандай күдіксіз, туризмнің интернет арқылы дамуы көптеген пайдалар әкеледі. Интернет аудиторияны кеңінен қамтиды және де, онда көптеген фотосуреттер мен мәтіндерді орналастыруға болады. Бірақта, айтылып кеткен зерттеулерге сүйенер болсақ, интернетті пайдалану Қазақстандағы туристік тауарлардың алға жылжуына маркетингтік құралдарда интернет пайдалы болып табылмайды, өйткені отандық туроператорлар әлемдік нарықта әлі ерекше таныла қоймаған және де көптеген жеке туристер ондай ұсыныстарға қатты мән бере бермейді.

Алға жылжудың тағы бір түрлерінің бірі ол – тікелей туристік көрмелерге қатысып отыру. Мұндай көрмелерге қатысудан кейін, Қазақстанның туристік тауарлары тұтынушылар шеңберіне кеңінен танылғаннан соң тұтынушыларға оң әсерін тигізе алады. Бүгінгі күнде көрмелер Қазақстанда туристердің назарын аударуда көрмелердің мүмкіндіктері шектеулі болып тұр, өйткені келушілердің көпшілігі көрмеге бармай тұрып өздерінің туристік бағыттарын таңдап анықтап қойған.

Дегенмен қазақстандық көрме, Қазақстанымыздың назар аударарлық, көңіл бөлерлік жерлері мен «Гулдер» ансамблінің өз өнерлерін көрсетулері келушілердің қызығушылықтарын арттырып, туристік саладағы мамандардың да назарынан тыс қалған жоқ. Осындай көрмелердің нәтижесінде көрмелерді ұйымдастырушылары, Қазақстан көрмесі Азия, Австралия және Океания елдерінің арасында бірінші орынға ие болды. Көрмелерде туристер тек қана ұсынылған бағыттармен ғана таныспайды, сонымен қатар елді мекендермен, мәдениетімен, салт-дәстурлерімен де танысады.

Туристік тауарларды алға жылжытудың тағы бір тиімді тәсілі ол әлемге әйгілі ағымдағы және жаңа ақпараттарға қосылу, олар Pojуgjott, Lonelу және Routard.

Осы жол көрсетушілер сыналған туристердің библиясы болып табылады. Жаңа бағытты таңдауда туристер міндетті түрде осы деректерге сүйенеді. Сондықтанда ылғи да болып жатқан, алдағы уақытта болатын туристік бағыттармен және де басқа тараулар шарттарымен таныстырып, ақпараттар ағымын толықтырып, жаңартып отыру қажет. Бұл жоғарыда аталып кеткен стратегиялардан басқа көптеген туристік ағымдардың ұлғаюына әсер ететін жанама акциялар бар.

ІРК International компаниясының ұйымдастыруымен өткен, «World Travel Monitor 2006» (Пиза, Италия) форумында, «Туристік тарауларға киноиндустрияның әсер етуі» деген тақырыпта зерттеу ұсынылды. Бұл зерттеу «Peter Roth Marketinq» компаниясында жүргізілді.

Мысалға келтірілген фильмдердің бірі, Стивен Спилбергтің «Үшінші деңгейдегі қарым-қатынас» фильмі, негізінен бұл фильм толығымен «Devils Tower» (ФҚШ ұлттық ескерткіші, Вайоминг штаты) аймағында түсірілген. Өткізілген зерттеулер нәтижесі бойынша бұл ескерткішке келушілердің саны 1978 жылы (74%) және фильмді түсіріп кинотеатрлармен теледидарлардан көрсеткеннен кейін 1981 жылы (39%). «Властелин Колец» фильмін көрсеткеннен кейін Жаңа Зеландияда туризмнің дамуына әсер етті. Бұл фильм туристік ағымды 10%, ал қаражат жағынан ел үкіметінің өтінішіне сай кірісті 400 млн. долларға ұлғайтты. Фильмнің негізінде арнайы интернет-сайт ашылды, фильм түсірілген жердегі, жергілікті турлармен таныстыратын, туроператорлар жайында ақпараттар енгізілді. Соңынан айтылған қорытындылар бойынша, мұндай маркетингтік құралдар, мыс, фильмдер олар тек қана қосымша факттер ғана.

Ұлттық фестивальдар мен ойындар өткізу де қазақстанға саяхаттап келушілердің санын арттыруы мүмкін. Өйткені, Германияда өткен футбол-2006 бойынша халықаралық чемпионаты 2 млн. шетел халқының қызығушылығын арттырды. Бұл факт Германияны тек туристік бағыт ретінде ғана емес, сонымен қатар олардың ұлттық имиджін де жоғарылатты. Осыған орай немістердің орталық агенттігі (Doutsche Zentrale fur Tourismus) Германияға келуге талап етушілер саны 61% , келгісі келушілер саны 27%.

Anhojt GMI Nation Brand Indeх рейтингісіне қарағанда Германия 2006 жылы Канададан кейін үшінші орында.

2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның оңтүстік астанасында VІІ қысқы Азиялық ойындары өтеді деп күтілуде. Спорттық ойындар өтетін негізгі жерлер «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» шаңғы жолдары болып табылады. Осыдан кейін Қазақстанда осы мерекелік әрекеттердің арқасында туристердің назарына ілінуі керек. Бұл Алматыдан шығу және келу туризмін ұлғайтады және де Алматы қаласының ғана емес барша Қазақстанның имиджін жоғарылатады. Бұл үшін құрылыс жұмыстарын жөнге келтіріліп, халықаралық стандарттарға сай ету қажет. Соңынан айта кететін жай антижарнама ол бәрібір жарнама болып қала береді. «Борат» фильмін көрсету: «америка мәдениетін Қазақстан халқы үшін меңгеру», бұның барлығы Lonely абыройлы жол көрсетушілері 2007 жылы туристік бағыт саласының жоғарылауына әсерін тигізді. Осы фильмді көрсеткеннен кейін Қазақстанның қонақүйлеріне келушлер саны интернетте 300% өсті.

Қорытындыға келер болсақ туристік тауарлар тек қана бар құралдармен шектелмеуі керек, нерыққа қатысушылар әрекеттерін бағыттау қажет, таңдалған және өңделген стратегияларды құрамдастыру қажет. Бүгінгі күнде ҚР туризм және спорт министрлігі Қазақстан туризмін дамыту стратегиясын әлем нарығына шығаруды қолға алуда. Бұл стратегия туристік имиджді қалыптастыруда әртүрлі шарттарды енгізеді: ұлттық брендтермен логотиптерді дайындау, жарнамалық роликтер мен видеофильмдерді түсіру, оларды әлем телеарналарынан көрсету. Әлі де болашақта істелінетін жұмыстар өте көп, бірақ қазіргі көрсеткіштерде жаман емес.

Ұлттық турөнімнің маркетингін және дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан белгілі халықаралық туристік көрмелерге белсенді қатысып келеді және осындай іс-шаралардың республикада жыл сайын өткізілуін ұйымдастырады.

Елді әлемдік туристік нарыққа дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының тартымды туристік имиджін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды одан әрі жүзеге асыру қажет.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру және Қазақстанды туризм елі ретінде алға жылжыту шеңберінде мынадай шаралар қабылдау қажет:

- туризмнің экономикалық көрсеткіштері өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру және оны кең ауқымды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

- халықаралық маңызы бар «белсенді» туристік жобалар әзірлеу және оны іске асыру;

- көлік инфрақұрылымын және туристік қызмет көрсетулер нарығын дамыту;

- халықаралық экономикалық ұйымдар мен одақтарға қатысу арқылы елдің туризм саласындағы жаһандық экономикаға енуі;

- елдің еуразиялық тарихи даму факторын және қазақстандық қоғамның көпұлтты, көп конфессиялы және мультимәдени сипатын, оның құндылықтарын, дәстүрлерін, асханасын, өнерін, Қазақстан халықтары ассамблеясын, республиканың мәдени және ғылыми күштерін тарта отырып, белсенді пайдалану;

- дүниежүзілік туристік ұйым, ЮНЕСКО (Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы), БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы), Дүниежүзілік Банк, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі сияқты халықаралық ұйымдарды және отандық даму институттарын тарта отырып, Қазақстанды әйгілендіру және шетелдік жұртшылық өкілдерін оның әкімшілік және мәдени-тарихи орталықтарымен таныстырудың пәрменді тетігін әзірлеу;

- Қазақстан Республикасындағы туризмнің мамандандырылған түрлерін дамыту жоспарын әзірлеу;

- “Атамекен” этномемориалдық кешені секілді өңірлік деңгейде тақырыптық парктер салу мәселесін пысықтау;

- туристік қызмет көрсетулердің ішкі және сыртқы нарығында қазақстандық турөнімді тиімді жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық сауда жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөніннен тиімді салалардың бірі болып табылатындығы жөнінде айтылған.

Қорытындыға келер болсақ туристік тауарлар тек қана бар құралдармен шектелмеуі керек, нерыққа қатысушылар әрекеттерін бағыттау қажет, таңдалған және өңделген стратегияларды құрамдастыру қажет. Бүгінгі күнде ҚР туризм және спорт министрлігі Қазақстан туризмін дамыту стратегиясын әлем нарығына шығаруды қолға алуда. Бұл стратегия туристік имиджді қалыптастыруда әртүрлі шарттарды енгізеді: ұлттық брендтермен логотиптерді дайындау, жарнамалық роликтер мен видеофильмдерді түсіру, оларды әлем телеарналарынан көрсету. Әлі де болашақта істелінетін жұмыстар өте көп, бірақ қазіргі көрсеткіштерде жаман емес.

Туризм 1950 жылдан бастап тез қарқында дамыды. Бұл кезеңде, сатушылар нарығын жасау үшін, туристік қызметтерге деген сұраныс көбінесе қолжетімділік мүмкіншіліктерінен асып кету беталысын алған. Және бұл жағдай нарыққа бейімделген қатынастарға үйрену үшін және сату техникаларын жылжыту үшін қолайсыз болды.

Туризм индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен сипатталады. Олар қазіргі кезде қажетті маркетингтік құралдары, «ноу-хау», немесе тәжірибесі және жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жарнама, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнім жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында қолданады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялық маркетингтік жоспар құрды.

Тарихи тұрғыдан алып қарасақ өндірістік концепциялар бірінші пайда болды. Ол ХХ ғ. Елуінші жылдарында туристік кәсіпорындарда кеңінен қолданылды.Тура осы тұстарда туристік қызмет көрсетулерге сұраныстар өте жоғары деңгейде болды (сатушы нарығы). Сондықтан барлық іс-тәжірибелік қызмет көрсетулер нарық жеделдетілген өтімдерге ие болды, оны тұтынушылар тауып отырды, олар сұраныстарға сай болмаса да, негізінде оларда қолда бары, саны, сапасына көбінесе аз көңіл бөлініп отырды.

Туристік фирмалар негізінде бірдей заттарды ұсынып отырады, өтімі жағынан проблемалар болған емес. Нәтижесінде тұтынушы нарығындағы ұсынылған заттармен тұтынуға міндетті болды. Туристік фирмалардың барлық назары өндірудің ішкі мүмкіндіктерімен тығыз байланысты болды, өйткені олар нарықты өз қызметтерімен қанағаттандырғысы келді. Туристік маркетинг туристік қызмет көрсетуді стимуляциялау үшін пайдаланылып отырды. Алпысыншы жылдардың басында туристік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістар бірінші рет біліне бастады. Бәсекелестік күрес ұлғайып отырды. Туристік фирмалардағы ситуациялар өз қызметінің өтімінің назарларын акценттеп отырды. Бұл концепцияларды коммерциялық күштердің интенсификациялау үшін пайдаланылды, өйткені ол көп түрдегі үлкен көлемді жарнама мен әдістердің көмегімен сиимуляциялап, сатумен қамсыздандырады. 70 жылдардың ортасында туризм саласында сатушы нарығының жүйесі құрылды, ол құрылымда мүлде басқа «ойын ережелері» ұсынылды. Осы құрылған жұмыстар шарттарында мүлдем атақты емес немесе аз атақты нарықтар туристік кәсіпорындардағы өтімнің қызметіне ешқандай кепілдеме берген жоқ.

Маркетингтік зерттеулер. Туристік кәсіпорындардағы нарықтық мүмкіндіктердің анықтамаларының негіздері.

Маркетингтік зерттеулердің мазмұны мен тапсырмалары және маңыздылығы.

Маркетингтік зерттеулердің әдістемелік негіздері

Маркетингтік зерттеулердің ережелері мен тәртіптері

Маркетингтік зерттеулердің ұйымдарының формалары

Маркетингтік зерттеулердің бағыттары

Маркетинг концепцияларын тарату мақсаттары – туристік қажетті (кәсіпорындарды басқару немесе меңгеру) заттарды тұтынушыларға белгілі бір уақыт пен белгілі бір анықталған жерде, нарықтың талабы бойынша қамтамасыз ету. Бұл жерде мамандардың талдауы мен өткен тәжірибелеріне, өз болжамыңмен сезгіштігіңе сүйенбей, басқарма шешімдерінің оған дейінгі және кейінгі нақты парапар ақпараттарын алып отыру қажет. Бұл жерде мәселе қабылданған шешімге көптеген факторлар әсер етеді.

Қазіргі кезде туризм индустриясы халықаралық экономиканың жетекші саласының бірі болып табылады. Соңғы 20жылда әлемде шетел туристерінің келу санының мөлшері жылдан жылға – 5,1%-ға, валюталық түсімдер – 14%-ға өсті. Халықаралық туристік ұйым мәліметтеріне сәйкес 1995 жыл әлемде туристік келуден 5674 миллион тіркелген, ал халықаралық туризмнен түскен түсім 372 миллиард долларды құрады. Жоғары дамыған елдерде, АҚШ-та, саяхат және туризм, автомобиль, ауыл шаруашылығы немесе химиялық өнімдерді экспорттау мен салыстырғанда шетел валютасының көп бөлігін құраған. Жалпылама 1950 жылдан 1995 жыл кезеңінде туризмнен түскен валюта көлемі 144 есе өсті. Туризм сферасына әлемдік жалпы ішкі өнімнің – 6%-ын, әлемдік инвестицияның – 7%-ын, әлемдік тұтыну шығындарының -11%-ын, салық түсімдерінің - 5%-ын құраған.

Қазіргі жағдайда Қазақстанның әлемдік туристік қауымдастыққа өз орнын алудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет маркетинг шараларын өз деңгейінде жүргізу керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнімі өзінің өмір сүру шеңберінде енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде маркетинг шараларын өте белсенді түрде қолдану керек, дәлірек айтсақ туристік өніміміз жайлы әлеуетті туристерді ақпараттандыру деңгейін көтеру керек, яғни Қазақстан туризмі үшін өте қолайлы жер деген ойды тұтынушылар санасында жайғастырып, туристік өнімнің имиджін құруымыз қажет. Қазіргі таңда аталған шаралар ҚР Үкіметі тарапынан белсенді түрде жүзеге асып жатыр.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Азар В.И. Экономика и организация туризма. – Москва, 1993-367с.

  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. – Москва: Аспект – Пресс, 2001-325с.

  3. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері. – Алматы, 2004

  4. Артемова Е.Н. Молодежный сегмент туристского рынка как объект маркетинговых исследований// Маркетинг в Росии и за рубежом. -2004.- №4. с.37-49

  5. Бейжанова А.Т. Туризмдегі маркетингтің ерекшелігі//ҚазҰУ хабаршысы, Экономика сериясы. -2002.-№4.-52-54бет

  6. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. – Москва, 1996-267с.

  7. Дурович А.П. Копанев А.С. Маркетинг в туризме.- Мн: «Экономпресс» 2004-334с.

  8. Жантаева А. Особенности маркетинговых коммуникаций в туристкой отрасли Казахстана//Маркетинг товаров и услуг.-2007.-№6.-с7-8

  9. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы (2004 жыл)

  10. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы (2005 жыл)

  11. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  12. Қазақстан Республикасының туризмі: стаистикалық жинақ 2005 жыл. Алматы, 2005

  13. Қазақстан Республикасының туризмі: статистикалық жинақ 2006 жыл. Алматы, 2006

  14. Қарағанды облысы статистика басқармасы 2007 жыл. 100бет

  15. Менеджмент туризма: Туризм и отраслевые системы. – Москва: Финансы и статистика, 2001-395с.

  16. Менеджмент туризма: Экономика туризма. – Москва: Финансы и статистика, 2001-378с.

  17. О развитии туризма как доходной области экономики Республики Казахстан. Официальные материалы. Алматы, «Раритет», 2001.

  18. Папирян Г.А. Экономика туризма. – М.: Финансы и статистика, 1998-367с.

  19. Реалии и возможности туристского рынка Казахстана// Деловой мир Астана 2005 - №5

  20. Шаекина Ж.М. Нәбиев Е.Н. Базарова С.Қ. Маркетинг негіздері.-Астана: Оқу құралы. -2003. 236 б.

  21. Янкевич В.С. Маркетинг в гостиничной индустрии и туризма.-М: Финансы и статистика,-2003- 255с.