Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП Электроэнергетика бакалавры каз.doc
Скачиваний:
97
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.98 Mб
Скачать

2 Есептегіштің техникалық сипаттамалары мен топтасуы.

Энергетикада бір фазалы және үш фазалы есептегіштер падаланылады. Бір фазалы есетегіштер, көректенуі бір фазалы тоқпен (көбінесе, тұмыстық жағдайларда) жүзеге асатын, тұтынушылармен шығындалған электр энергия шығының есепке алу үшін қолданылады. Үш фазалы тораптарда электр энергиясын есепке алу үшін үш фазалы есептегіштері қолданылады.

Үш фазалы есептегіштері келесі түрде топтасады.

а) б)

2 Суреті – Реактив энергиясы есетегішінің сүлбесі:

а) 90-градусты қозғалыспен;

б) 90-градусты қозғалыс принципін түсіндіретін векторлы диаграммасы

Реактив энергиясын есепке алу үшін нөл сымы жоқ тораптарда 60-градусты қарапайым екі элементті үш фазалы есептегіштері кеңінен қолданылады, 3б суреті.

3 сурет – Реактив энергия есептегішінің сүлбесі:

а) таралған тізбекті орамдарымен;

б) 60-градусты қозғалыспен.

Өлшенетін энергия тегі бойынша – активті және реактивті энергия есептегіштері.

Электрмен жабдықтау сүлбесіне байланысты нөл сымы жоқ тораптарды жұмыс атқаратын үш сымды есептегіштерге, және нөл сымы бар тораптарда жұмыс атқаратын төрт сымды есептегіштерге бөлінеді.

Қосылу бойынша есептегшітерді 3 топқа бөлуге болады:

Тікелей қосылғыш есептегіштер (тік қосылғыш), өлшеу трансформаторларысыз торапқа қосылады. Осындай есептегіштер тоқтары 100 А дейін 0,4/0,23 кВ тораптары үшін шығарылады 1.

Жартылай жанама қосылғыш есептегіштер, өздерінің тоқ орамдарымен тоқ трансформаторы арқылы қосылады. Кернеу орамдары торапқа тікелей қосылады. Пайдалану аймағы – 1 кВ дейнгі тораптар.

Жанама қосылғыш есептегіштер, тоқ және кернеу трансформаторы арқылы торапқа қосылады. Пайдалану аймағы – 1 кВ жоғары тораптар. Екі типті болып жасалады.

Трансформаторы есептегіштер белгілі берілген трансформация коэффициенті бар өлшеуіш трансформаторлары арқылы қосылу үшін тағайындалған. Осы есептегіштерінде ондық коэффциент болады (10n).

Трансформаторы әмбебап есептегіштері кез келген трансформация коэффциенті бар өлшеуіш трансформаторлары арқылы қосылу үшін тағайындалған. Әмбебап есептегіштері үшін коэффициенті орнатылған өлшеуіш трансформаторларының трансформация коэффциенті бойынша анықталады.

Тағайындалуына байланысты есептегіштердің шартты белгілері болады. Шартты белгілерінде есептегіштердегі әріп пен сандардың белгіленіу: С – есептегші; О – бір фазалы; А – активті энергия; Р – реактивті энергии; У – әмбебап; 3 немесе 4 үш немесе төрт сымды тораптар үшін.

Егер есептегіш кестесінде М әрпі болатын болса, онда ол есептегіш теріс (-15С) температурада жұмыс атқару үшін тағайындалған.

Есептегіштің техникалық сипаттамасы келесі негізгі параметрлерімен анықталады:

Номиналды кернеу және номиналды тоқ – үш фазалы есетпегіштерде тоқ және кернеудің номиналды мәндерімен фаза сандарының көбейтіндісі түрінде көрсетіледі,

Осылайша есептегіштің жанама немесе шала жанама қосылудың номинал тоғы тоқ трансформаторының екіншілік номиналды тоғына (5 немесе 1А) сай болу керек. Есептегіштер дұрыс есептелудің зақымдалуысыз тоқ бойынша ұзақ асқын жүктелуді рұқсат етеді: трансформаторлы және әмбебап трансформаторлы - 120%; тікелей қосылу есептегіші - 200% және одан жоғары (типіне байланысты).

Есептегіштің нақтылық класы – ол пайызда көрсетілген ең жоғары рұқсат етілген қатынасты қателігі. МЕСТ 6570-75* сай актив энергия есептегіштері 0,5; 1,0; 2,0; 2,5 нақтылық кластарымен дайындалады; реактив энергия есептегіштері - 1,5; 2,0; 3,0 нақтылық класымен дайындалады.

Есептегіштің беріліс саны – ол , өлшенетін энергияның бірлігіне сай, дискінің айналым саны. Мысалы, 1 кВтсағ дискінің 450 айналымына сай. Беріліс саны есептегіштің бетінде көрсетіледі.

Есептегіштің тұрақтылығы – дискінің 1 айналымында өлшенетін энергия мәні. Егер беріліс санында Ν «киловатт-сағатына айналым» айырымы болатын болса, онда оның тұрақтылығы С келесі мәнмен анықталады:

, Втс/айн,

мұндағы С - есептегіштің тұрақтылығы.

Есептегіштің сезімталдығы, дискінің айналымын тоқталыссыз болдыратын, номиналды кернеу және cos=1 (sin=1) кезінде тоқтың (номиналдыға пайыз түрінде берілген) ең аз мәнімен анықталады. Сол кезде есептегіш механизмнің бірқалыпты екі роликтерінде ауысу рұқсат етіледі. Сезімталдық шегі 0,5 нақтылық класты есептегіштерінде – 0,4%; 1,0, 1,5, 2 нақтылық класты есептегіштерінде – 0,5% және 2,5, 3,0 нақтылық класты есептегіштерінде 1,0%

Есептегіш механизмнің сыйымдылығы номиналды тоқ және кернеу кезіндегі есептегіш жұмысының сағаттар санымен анықталады, олардың ағымы кезінде есептегіш бастапқы мәндерді береді. МЕСТ 6570-75 сай сыйымдылығы 1500сағ болу керек.

Есептегіш орамдарымен қуаттардың (актив және толық) өзіндік тұтынуы. Мысалы, трансформаторлы және әмбебеап трансформаторлы есептегіштер үшін әр тоқ тізбегіндегі тұтынылатын қуат барлық кластар нақтылығы үшін 0,5 класын санамағанда 2,5 ВА аспау керек. 250В дейінгі есептегіштердің бір кернеу орамының тұтынылатын қуат: 0,5; 1; 1,5 кластар нақтылығ үшін – активті 3 Вт, толық 12ВА; 2,0; 2,5; 3,0 кластар нақтылығы үшін 2 Вт және 8 ВА.

Кейбір есептегіштердің бетінде «Со стопором» немесе «Обратный ход застопорен» деген жазу бар. Стопор, тілшемен көрсетілген, бағытқа қарсы дискінің айналымын бөгейді. Импортты есептегіштерде стопордың шартты-графикалық белгілісі болады.

Зертханалық стендті сипаттау

Зертханалық стендте активті және реактивті СА4У-И672Д және СР4У-И673Д үш фазалы есептегіштері орналасқан. Активті электр жүктемесі ретінде әр қайсысының қуаты 150 Вт 3 электр шамдары, ал реактивті электр жүктемесі ретінде жарықтандыру трансформаторы және бос жүріс режимінде жұмыс жасайтын асинхронды қозғалтқыш пайдаланылады. Электр жүктемесімен басқару үшін S1, S2 және А1–А3 автоматы ажыратқыштар кнопкалары пайдаланылады. Электр параметрлерін өлшеу үшін зертханалық жұмыстарды жүргізу кезінде тілшелі щитті аспаптар пайдаланылады.

Зертханалық жұмыстар орындау реті

1. Стендті қосу.

2. Тізбекте асинхронды қозғалтқышы бар А1 автоматын қосу және бес минут бұрын актив және реактив энергиясының тұтынылуын жазу керек.

3. Тізбекте трансформаторы бар А2 автоматын қосу және бес минут бұрын актив және реактив энергиясының тұтынылуын жазу керек.

4. Тізбекте қуаты 150 Вт 3 қызу шамдары бар А3 автоматын қосу және бес минут бұрын актив және реактив энергиясының тұтынылуын жазу керек.

5. А1-А3 автоматтарын қосу бес минут бұрын актив және реактив энергиясының тұтынылуын жазу керек.

6. Берілгендерін 1 кестеге енгізу.

7. Есептеулер жүргізу

8. Есептегіш қателіктерін анықтау

1 кесте

Өлшенген

Есептелген

Р,

кВт*ч

Q, кВар*ч

t, мин

U,

В

F,

Гц

Pн, кВт

I,

А

Sобщ, кВА

Iр,

А

Iа,

А

Есептеме мазмұны

Зертханалық жұмысты орындағаны туралы есептемеде келесілер мазмұндалады: жұмыс мақсатының мазмұндамасы, қысқаша теориялық мәліметтер, принциптік сүлбесі, есептеулер және тәжірибелер қорытындысы бао кестелер, жасалған жұмыс туралы қорытындылар