Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабораторные работы.docx
Скачиваний:
75
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.91 Mб
Скачать

Тізімдер тэгтері.

Нөмірленген тізім: Бұл жағдайда тізімнің әрбір элементтің алды автоматты түрде нөмірленіп шығады. Нөмерленген тізім <OL> тэгінен басталып, </OL> тэгімен аяқталады. Мысалы:

<OL> <LI> Бір <LI> Екі <LI> үш <LI> Төрт <LI> Бес </OL>

  1. Бір

  2. Екі

  3. үш

  4. төрт

  5. Бес

<OL> тегінің мынадай параметрлері болуы мүмкін:

TYPE - санау түрі: A - үлкен латын әріптері a - кіші латын әріптері I - үлкен рим цифрлары i - кіші рим цифрлары 1 – араб цифрлары

Келесі мысалда тізім үлкен рим санының сегізінші цифрінен басталып нөмерленген:

<OL TYPE="I" START="8"> <LI> Сегіз <LI> Тоғыз <LI> Он <LI> Он бір <LI> Он екі </OL>

  1. Сегіз

  2. Тоғыз

  3. Он

  4. Он бір

  5. Он екі

Номерленбеген тізім: Номерленбеген тізім үшін әдетте тізімдегі элементті белгілеуге маркерді қолданады. Ал маркердің түрін, заң бойынша, қолданушы таңдайды.

Номерленбеген тізім <UL> тэгімен ашылып, </UL>тэгімен жабылады. Тізімдегі әрбір элемент <LI> тэгімен басталады. Мысалы:

<UL> <LI> Бір <LI> Екі <LI> үш <LI> Төрт <LI> Бес </UL>

  • Бір

  • Екі

  • үш

  • Төрт

  • Бес

<UL> тэгі өзіне TYPE параметрін қоса алады. Оның disc, circle, square деген белгілері бар.

<UL TYPE=disc><LI> disc </UL>

  • Disc

<UL TYPE=circle><LI> circle </UL>

  • circle

<UL TYPE=square><LI> square </UL>

  • square

Тапсырмалар

1 тапсырма. Қарапайым HTML файлын жасау

1. Өз жұмыс бумаларыңыздың ішінен жаңадан жасалған Web-құжаттарды сақтайтын STUDENT бумасын ашыңыздар.

2. Блокнот редакторы терезесінде төменде көрсетілген қарапайым HTML файлының мәтінін теру керек:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

Сәрсенбі күнгі сабақ кестесі

</BODY>

</HTML>

3. Файлды RASP.HTM атымен STUDENT бумасында сақтап қой­ы­­­ңыздар да, Блокнот терезесін жауып тастаңыздар.

4. Жасалған Web-құжатты көру үшін сол RASP.HTM файлы бел­гішесін екі рет шертіңіздер, сонда Microsoft Internet Explorer броузері жазылған мәліметті 21 суреттегідей түрде көрсетіп тұрады.

1 Сурет

5. Енді ТүрHTML түрінде (Вид – В виде) командасын орын­дау арқылы құжаттың алғашқы терілген HTML файлы мәтінін Блокнот терезесінде көруге болады. Осы мәтіннің екінші жолы соңына:

<H2> Менің алғашқы парағым </H2>

деген қосымша мәтін енгізейік.

6. Осылай түзетілген мәтінді Файл – Сохранить командасы арқылы қайта дискіге жазып қояйық та, Блокнот терезесін төменге жасырып, қайтадан Тапсырмалар тақтасында белгішесі көрініп тұрған Алғашқы HTML файлы атын шертіп, Microsoft Internet Explorer броузері терезесін ашайық.

7. Броузердің Вид – Обновить командасын орындап (немесе батырмасын шертіп) терезедегі мәліметтің өзгергеніне көз жеткізіңіздер.Алғашқы HTML файлы және RASP.HTM файлдарын жабыңыздар.

2 тапсырма. Экрандағы мәтін орналасу түрін өзгерту.

Келесі жолға көшу ісін атқаратын <BR> тэгін қолданайық.

1. Бірінші тапсырманың 5 – 6 нөмірлі пункттерін орындау керек.

2. RASP.HTM файлын ашып, оның алғашқы мәтінін ТүрHTML түрінде (Вид – В виде HTML) командасы арқылы Блокнот терезесінде көрсету қажет.

3. HTML файлы мәтініндегі “Сәрсенбі күнгі”, “сабақ”, “кестесі” сөздерін жеке-жеке жолдарға жазайық:

<HTML>

<HEAD> <H2> Менің алғашқы парағым </H2>

TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>

</HEAD>

<BODY> Сәрсенбі күнгі

сабақ

кестесі

</BODY>

</HTML>

4. Өзгертілген осы мәтінді дискіге қайта сақтап, Блокнот прог­рам­масын жасырып, Microsoft Internet Explorer терезесін ашыңыздар.

5. Microsoft Internet Explorer-де мәтін өзгерістерін бейнелеу үшін F5 пернесін басу керек немесе Вид – Обновить (Refresh) командасын орындау қажет. Экрандағы бейне өзгерді ме? Жоқ.

Ескерту. Бұдан былай Web-құжатқа өзгеріс енгізген сайын екінші тапсырманың 4 – 5 пункттері орындалуы тиіс.

6. Енді HTML файлы мәтінінің негізгі бөлімінің керекті орындарына төмендегідей түрде <BR> тэгін енгізу керек:

...<BODY> Сәрсенбі күнгі <BR> сабақ <BR> кестесі </BODY>...

7. Мәтінді дискіде қайта сақтап, web-құжатты жаңартыңыздар, терезедегі мәлімет орналасуы 22 суреттегідей болып өзгереді. Енді HTML құжаты мен RASP.HTM файлын жауып тастаңыздар.

3 тапсырма. Форматтаудың арнайы командалары

Жаңа абзац ашатын арнайы <Р> тэгі бос жол енгізіп, жаңа абзацты алдыңғы мәтін жолдарынан бөліп тұрады.