Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабораторные работы.docx
Скачиваний:
74
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.91 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Бірнеше ұяшықтарды қалай біріктіруге болады?

2. Ұяшықта сөзді тасымалдап жазу командасы қалай орындалады?

3. Жанама кестенің сұхбат терезесін қай команда көмегімен шығаруға болады?

4. Жанама кесте не үшін керек?

16 Зертханалық жұмыс

MS Access. Конструктор режимінде кесте құру

Жұмыстың мақсаты: Жаңа деректер қорында кесте құрудың ең қарапайым түрі конструктор режимінде кесте құрып үйрену.

Жұмыстың орындалу реті:

1 кезең. MS Access –ті жүктеу және жаңа деректер қорын құру.

1. Access–ті жүктеңіз. Ол үшін Пуск–Программы - MS Access команда-ларын орындаңыз.

2. Пайда болған терезеден “Имя файла ” жолына ат беріп Создать батырмасына басыңыз.

2 кезең. Конструктор режимінде кесте құру

1. Ашылған «Студент: деректер базасы» терезесінде объектілер орналасқан: Кестелер (Таблицы), Сұраныстар (Запросы), Қалыптар (Формы), Есептер (Отчеты), Макростар (Макросы), Модульдер (Модуль). Кесте объектісін таңдап “Режим-Конструктор” батырмасын басыңыз.

2. Пайда болған «Сохранить» терезесінде кестеге ат береміз.

3. 3 бағаннан тұратын кесте пайда болады, кестенің 2 бағанын: 1. “Өрістің аты” (Имя поля); 2 . “Өрістің түрі” (Тип данных)және әрбір жолдың қасиеттерін (Свойства) пайдалана аламыз.

19.1.-сурет. Конструктор көмегімен кесте құру терезесі.

4. Студент өзіне тиісті мәліметтерді енгізуі керек. Ол үшін төменде берілген үлгілерді қолданыңыз:

Үлгі 1.

Өрістің аты (Имя поля)

Өрістің түрі (Тип данных)

Фамилиясы

Текстовый (Мәтіндік)

Туған жылы

Дата/время (Дата/уақыт)

Үй телефоны

Числовой (Сандық)

Курс

Числовой (Сандық)


Үлгі2 Үлгі3..

5.Құрылған кестені “Х” (Жабу, Закрыть) белгісімен жауып, кестені «Студент» атымен сақтаңыз, кілт сұраған жолға “Жоқ” (Нет) батырмасын шертіңіз.

6. Құрылған кестеңіз Кестелер (Таблицы) обьектісіне орналасты, енді осы кестені “Ашу” (Открытъ) командасы арқылы ашыңыз.

7. Ашылған кестедегі бағаналарға берілген мәліметтер кестенің өріс аты болып орналасады, ал деректер түрі өрістің атына сай қабылданады.

8. Енді кестені топтастарыңыз туралы мәліметтермен толтырыңыз (10 жазылым).

10. Дайын болған кестені жабыңыз.

11. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

Ескерту: Егер кесте толтыру барысында енгізілетін мәлімет қабылданбаса, онда міндетті түрде кестені жауып, Конструктор режимінде кестенің “Деректер түрі” (Тип данных)тексеру қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Деректер қандай объектіде сақталады?

  2. Конструктор арқылы кестені қалай құруға болады?

  3. Кесте өрісі және жазылымының айырмашылықтары неде?

  4. Деректер қоры дегеніміз не?

  5. Деректер типтерін атаңыз?

17 Зертханалық жұмыс

Ms Access. Кесте режимінде кесте құру

Жұмыстың мақсаты: Студенттерге MS Access деректер қорында кесте шебері көмегімен кесте құру тәсілін үйрету. Деректер қоры терезесінде жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жұмысты орындалу реті:

1 кезең. MS Access –ті жүктеу және жаңа деректер қорын құру.

1. MS Access программасын жүктеңіз (Пуск-Программы-MS Access командаларын орындаңыз).

2. Ашылған терезеден Жаңа деректер қоры белгісін және ОК батырмасын басыңыз.

3. Файл аты (Имя файла) жолына Фирма Болашақ атын теріп, Құру (Создать) батырмасын шертіңіз.

2 кезең. Кесте шебері көмегімен кесте құру.

1. Таблица объектісіне көшіп, Құру батырмасына шертіңіз.

2. Ашылған бағдарламадан Режим–режим таблицы командасын орындаймыз.

3. Ашылған терезеде Переименовать батырмасын басып бірінші өріске Добавить поле жолына тегі (Фамилия) деп жазып Enter батырмасын басамыз. (ПОЛЕ 1) жолына орналасады.

4. Жоғарыдағыдай тәсілмен келесі өріске Лауазымы (Должность) Туған жылы (Дата рождения), Білімі (Образование), Жұмыс стажы (Стаж работы) сөздерін енгізіңіз. Кестені жауып сақтаймыз.

5. MS Access автоматты түрде кілтті белгілейді. Оны көру үшін кестені конструктор режимінде ашып кілттің тағайындалуын және қасиеттерінің дұрыстығын тексереміз.

6. Кестеге форма құрамыз. Ол үшін мәзірден Создание-другие формы-Мастер форм командасын орындаймыз. Команданың орындалу барысында Далее-Далее-Готово батырмаларына басамыз

7. Форманы толтырыңыз (20.1- кесте).

8. Өріс арасында жылжу үшін тышқанды немесе Enter пернесін пайдала-ныңыз.

9. Формаға Қызметшілер атын беріңіз.

10. Форманы жабыңыз.

11. Форма объектісінде орналасқан Қызметшілер формасын конструктор режимінде ашыңыз. Туған жылы, Жұмыс стажы өрістерінің түрлерін сәйкесінше өзгертіңіз: ол үшін Қасиеттер тақтасында орналасқан Енгізу маскасы (Маска ввода) тақтасында Краткий формат даты таңдаймыз.

12. Форманы жабыңыз.

13. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

1- кесте

Код

Фамилиясы

Лауазымы

Туған жылы

Білімі

Жұмыс стажы

1

Асанов

Инженер

11.12.71

жоғары

10

2

Алин

Есепші

25.12.55

жоғары

20

3

Аренов

Экономист

05.08.76

жоғары

8

4

Бейсенов

Инженер

26.05.76

жоғары

8

5

Жусупов

Жүргізуші

11.07.66

орташа

11

6

Ныгметов

Директор

06.08.60

жоғары

15

7

Оспанов

Техничка

08.03.57

орташа

5

8

Пазылов

Есепші

26.01.79

орташа

3

9

Сарин

Ревизор

18.11.80

Жоғары

2

10

Толегенов

Механник

31.12.69

орташа

15

Бақылау сұрақтары:

  1. Кесте шеберін пайдаланып кесте құру технологиясы?

  2. Деректер қорын құру әдісі?

  3. ДҚ терезесіне енгізілген ашу, конструктор, құру,

батырмаларының қызметі?

  1. Кестеге өріс немесе жазылым қосу әдістері?

18 зертханалық жұмыс

MS Access. Кесте режимі көмегімен екі кесте құру, оларды өзара байланыстыру және MS Excel электрондық кестесіне экспорттау

Жұмыстың мақсаты: Студенттерге кесте режимі арқылы кесте құру тәсілімен таныстыру. MS Access деректер қорында екі кесте арасында байланыс құрып үйрету. Деректер қорын MS Excel электрондық кестесіне экспорттау тәсілімен таныстыру.

Жұмыстың орындалу реті