Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабораторные работы.docx
Скачиваний:
74
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.91 Mб
Скачать

2 Мысал. Бейнеленудің құрылуы және оның Web парақта қолданылуы.

1. Paint ашыңыз. Жаңа суретгің 50x50 көлемін беріңіз.

2. Алдыңғы жоспарға қызыл түс және фонға жасыл түс беріңіз. Суретті фондық түспен қүйыңыз.

3. Қыл қалам қүралымен жасыл фонға қызыл түсті суретті салыңыз

4. pic2.gif атымен файлды сақтаңыз

5. Сурет- атрибут менюіне мөлдір түсті орнатыңыз. Жасыл түсті таңдаңыз.

6. pic2.gif атымен файлды сақтаңыз

7. 4-5 жолдан түратын текст енгізіп текстік курсорды оның басына орналастырыңыз

8. <img src= "picl.gif' align - "bottom"> тегін енгізіңіз

9. Қүжатты picture.htm атымен сақтаңыз

10. Көрушіні қосыңыз және picture.htm файлын ашыңыз.

3 мысал. htm деп сақтап алып, нәтижесін Internet Explorer прог­рам­масы арқылы көріңіздер де, келесі өзгерістер енгізіңіздер:

а) сырғымалы жолдардың биіктігін ауыстыру;

ә) бірінші сырғымалы жолдағы мәтін түрін қызылмен, екінші жолдағы мәтін түрін – көкпен бояу;

б) абзацтан кейінгі көлденең сызықтарды әр түрлі түстерге бояу, оның қалыңдығы мен ұзындығын өз қалауларыңызша өзгерту керек.

4 мысал. Алдын ала дайындалған lab3.htm файлын (төменде келтірілген) ашып келесі өзгертулерді енгізіңіз:

а) Тақырып және бөлім аттарын ортаға қойыңыз;

ә) Бірініші абзацтың түсін қызыл, екінші абзацтың түсін – көк, үшінші абзацтың түсін жасыл етіп өзгертіңіз;

б) Әр абзацтан кейін көлденең сызықтар сызып, олардың түстерін және ендерін қалауларыңызша өзгертіңіз;

в) Мәтіннің фонын сұр түске өзгертіңіз.

5 мысал. lab3.htm файлын ашып келесі өзгертулерді енгізіңіз:

а) pr4.htm, pr5.htm, pr6.htm, pr7.htm құжаттарына және Orantang.jpg, Popugay.jpg, Monky.jpg суреттеріне гиперсілтеме жасаңыз.

ЕСКЕРТУ: lab3.htm, pr4.htm, pr5.htm, pr6.htm, pr7.htm құжаттары және Orantang.jpg, Popugay.jpg, Monky.jpg суреттері алдын ала дайын­далып компьютердің ішіндегі Мои документы немесе басқа бір жұмыс бумасының ішінде орналасуы тиіс. Олардың орнына 2-1 мысал, 2-2 мысал, тағы сол сияқты дайындалған файлдарды қолдануға болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Web-парақ дегеніміз не және олар қалай жасалады?

  2. HTML тілі қандай қызмет атқарады?

  3. HTML тілінің мынадай терминдеріне түсінік беріңіздер: тэг, гипермәтін, броузер.

  4. HTML тэгтерінің қандай түрлері бар? Олардың жазылу синтаксисі қандай?

  5. Тэг атрибуттары не үшін қолданылады? Олардың жазылу ережелерінен мысалдар келтіріңіздер.

  6. Ескейп-тізбектер қандай мақсатта қолданылады, қалай жазылады?

  7. HTML құжаттары қалай дайындалады? Оларды қалай өзгертуге болады?

  8. HTML құжатын форматтау дегеніміз не?

  9. Физикалық стиль жасауға қажет тэгтер тізімін келтіріңіздер. Олардың атрибуттары бола ма?

  10. Логикалық стильдер дегеніміз не? Кең тараған логикалық стиль тэгтерін көрсетіңіздер.

  11. Жоғарғы және төменгі индекстер қандай тэгтер арқылы жазылады?

  12. Гиперсілтеме түсін қалай өзгертеміз, қарастырылған, курсор көрсетіп тұрған сілтемелер түрін басқаша ету қалай орындалады?