Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
К І Р І С П Е Жанылсын.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
46.99 Кб
Скачать

1.1.Б)Тәрбие жұмысының ерекшелігі мен қиыншылығы.

Бірінші ерекшелігі- тәрбиенің көп қырлы, көп факторлы процесс екендігі.Тәрбие мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс талдап, тиімді пайдалану басты ерекшелігі.

Екінші ерекшелігі- тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір бойы тәрбиеленді, тәрбиеде тез табысқа жету мүмкін емес. Ол ұзақ уақытты, қажымай - талмай, шыдамдылықпен тәрбие жұмысын жүргізуді қажет ететіндігімен ерекшеленеді.

Үшінші ерекшелігі- тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы.

  • 1-сатыда: Отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Қарапайым сезімдер мен мінез- құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады.

  • 2-сатыда:Этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Әдет-құлық көрсету, қоғамда қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады.

  • 3-сатыда: Дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастардың қалыптасуы, мінез- құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға даруы, күрделі сезімдердің бұдан әрі қарай тереңдеп дамуы іске асады.

Бұл сатылар арасанда шек болмайды, бір- бірімен тығыз байланыста өрбиді.

Төртінші ерекшелігі- тәрбие жұмысы мазмұнының бір орталыққа жинақталып жас шамасында,тәрбие деңгейіне қарай бірте-бірте күрделеніп берілуі, бір қасиеттің қайталанып, толықтырылып түсіндірілуі.

Бесінші ерекшелігі- тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. Музыка пәні мұғалімінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен , ниетімен ,өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштасып, табиғи үйлестік табуы жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Олай болса, тәрбие ісінде де, музыка пәні мұғалімі де, оқушылар да белсенділік көрсетуі тиіс.

Алтыншы ерекшелігі- тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, бағалау өте қиын процесс. (Жазбаша бақылау, шығарма, мазмұндама, ауызша сұрау, есеп алу т.б.) ал қаншалықты тәрбиелі, иманды екенін анықтау қиын.

Жетінші ерекшелігі- тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет.Бүгін мен мен ертеңгі келешек өмірдің ұштасуы

Бүгінгі жақын мақсат- болашақтағы ортаңғы және алыс мақсатқа жетудің негізі. Бүгінгі оқушы- ертеңгі азамат, маман, қоғамдағы дамытушы, алға апарушы, қоғам иесі.

Тән тәрбиесі .

Жеке тұлғаны жан- жақты дамытуда тәр тәрбиесі мен жан тәрбиесі ерекше орын алады. Олай дейтін себебі, адамзат қоғамы сан ғасырлардан бері жинақталған рухани және материалдық байлықты игеру, тәні, жаны таза, дені сау азаматтың қолынан келеді. “Денің сау болса жарлымын деме”,”Басы аманның- жаны сау”, “Тәні саудың- жаны сау” дейді халық педагоикасы. Бұл қағидалар жас ұрпақты дені сау, тәні таза, дене мүсіні сұлу, ақыл- ой толық дамыған, адамгершілік қасиеттері жоғары, табанды батыл, қайратты, ел қорғауға, еңбек етуге дайын етіп қалыптастыруды көздейді.

Тән - тәрбиесінің негізгі мақсат- міндеттері - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайтуға қамқорлық жасау,өмір тіршілігіне қажетті икемді қимыл әрекетке жаттықтыру, күш қуатын молайту, мәдени- тазалық дағдыларына баулу болып табылады. Дұрыс қойылған тән тәрбиесі әдейі ұйымдастырылған оқу, тәрбие жұмысы арқылы жас ұрпақтың дұрыс дамуына қолайлы жағдай жасап, денесін шынықтырады.

Тән тәрбиесі бүкіл организмнің қызметін дамыту үшін ғана қолайлы жағдай жасап қоймайды, ақыл- ойы шалымды, денсаулығы мықты, төзімді, жүйкесі берік болып жетілуіне , дене еңбегі мен ақыл- ой еңбегіне бейім болып қалыптасуына мүмкіндік тудырады.

Халық педагогикасында денені шынықтырудың төс тоғыстыру, иық қағысу,маңдай сүзістіру,бел күшін сынау, соқыр теке, қыз қуу т.б және спорттық ойындарда бейсбол, волейбол, күрес, хоккей, шахмет, дойбы т.б. жарыстарда іске асырлады. Бұлар жастардың денесін шынықтырып, шымырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа, еңбек қабілетттілігіне баулиды.

Дене тәрбиесі өзге тәрбие бағыттарымен тығыз байланыста жүреді, бірін- бірі толықтыра отырып жүргізіледі.

Адамның адам болып қалыптасуының құралы- еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса, бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі- жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.

Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп ғана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек, мұнсыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Адамның жастық шағында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы жас шағынан ұқыптылықпен баулып, еңбекке деген ынта- ықыласын қалыптастырған дұрыс.

Қазақ халқы ежелден –ақ ұл мен қыздың тәрбиесін отбасында өзара бөлісіп атқарған. Ұлды төрт түлікті бағып- баптауға, отын шабуға, тамақ табуға, құсбегілікке, аңшылыққа, қолөнер шеберлігіне әкелері мен аталары баулыса, ал қыз балаларды үй жұмысын, қолөнерін (кесте тоқу, ою- өрнек салуға) атқаруға яғни отбасының ішкі жұмысына аналары мен әжелері үйреткен. “Ата көрген - оқ жонар, ана көрген- тон пішер “ деген мәтелдің мәні осында жатыр. Жастарды мамандыққа тәрбиелеу төрт түлік мал бағуға үйрету, үй ұстауға үйрету т.б баулып, оларды ептіліке, қырағылыққа, бейімділікке, ұстамдылыққа, сыпайылыққа машықтандырған. Өйткені, жастардың еңбексіз жеңіл өмір сүруі, біреудің арқасында күн көруі адамгершілік – имандылық қағидаларымен сыйыспайды деп дәлелдеген. Оларды ой еңбегі мен дене еңбегіне шығармашылықпен кірісетіндей етіп тәрбиелеу, еңбекті дәріптеу, еңбек адамын үлгі ету халықтың “Еңбегімен ел көгерер”, “Еңбек ер атандырар”,”Еңбектің наны тәтті”, “Еңбегі аздың - өнбегі аз” деген тұжырымдар адам өміріндегі еңбектің ролін ашып көрсетеді.

Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде қалыптасқан білім мен білік, дағды мен іскерлік адам баласының өмірге, еңбекке құштарлығын арттырып, мүмкіншілігін дамытатын сенімді құралына айналдырды. Жастарды болашақ мамандығы бойынша машықтандырып еңбекке дайындау, оларға еңбек етудің дағдыларын игерту әр пән мұғалімінің, тіпті музыка пәні мұғалімінің де басты міндеті. Білім негіздерін оқып үйренудің өзі – оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің негізгі құралы. Оқу- үлкен еңбек. Оқушының қоғам, халық, ата- ана алдындағы жауапті міндеті- жүйелі оқу еңбегіне үйрену : (кітаппен жұмыс істеу, зертханалық жұмыстарды орындау, бақылау, өздігінен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру, жұмыс орнын дайындау, таза ұстау ) . Көпшілікпен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында әр оқушыға жеке дара қабілеті мен қасиетіне сай қатынас жасау ерекше орын алады.

Бала күнделікті өмірде айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағды, білім игереді. К.Д.Ушинский айтқандай.”Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі” екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, сан- алуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан музыка пәні мұғалімі тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірімеген, баланың өзінің тікелей өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты есептерін дәл анықтауға кедергі жасайды да нәтижесінде жалған түсініктерінің тууына негіз болады. Ақыл- ой тәрбиесі тек ойдың ғанаемес, оның дамуы ойлау процесінің құбыслытарымен сипатталады. Даму- баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі,психиканың , ой- сананың өсуі.

Ақыл- ойдың дамуы дегеніміз- оқушының жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен, тәжірибе жинақтауынан оның ақыл- ой әрекетінде болатын сандық және сапалық жағынан жетілуі, психиканың, ой- сананың өсуі. Ақыл- ойды дамытудың шарты- жастардың сан қилы іс- әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым- қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі, берілетін ғылым, білім сапасы.

Ақыл- ой тәрбиесі дегеніміз- жастарға мақсатты көздей ықпал етіп, оның айналадағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін, ғылым негіздерін игеруін қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға , адамдарға дұрыс қарым- қатынасын қалыптастыру.

Жас ұрпақтың түйсік, қабылдау, ес ,қиял,ой және тіл сияқты танымдық- психикалық процестерін дамыту- ақыл- ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі.

Айналадағы дүниені түйсік пен қабылдаудың дамуы неғұрлым жоғары болса, дүниені танып білуі соғұрлым бай болады.

Жас ұрпақтың ақыл- ойының дамуы еңбек пен ғылым- білімнің ұштасуына байланысты. Қоғамдағы барлық байлық- адамның ақыл- ойымен, екі қолымен жасалатын еңбектің нәтижесі, ғылым мен техника, бүкіл өнер туындылары, еңбек пен ақыл- ой қызметінің жетістіктері.Халықтық педагогикада “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ”, ”Оқу білім бұлағы, білім- өмір шырағы”, ”Ақыл озбайды, білім тозбайды”, “Оқу түбі- тоқу”,- деп қарапайым өмір тәжірибесінен туындаған қағидаларды жас ұрпақтың ақыл-ойын тәрбиелеу үшін пайдаланылған. Халық бар дүниенің тетігі ғылымда, оны төзімді еңбекпен аласың деп, заңғар ойлы, парасатты, әділдік жолында алыса білген адамдарды үлгі - өнеге еткен.

И.П.Павлов адамның сөзі барлық нақты тітіркендіргіштің орнына жүреді де, ол ми қабығында сан алуан тежеулер мен қозу тудырады. Сөз жеке зат туралы, толып жатқан біртектес заттар туралы мәліметтер беріп, сол арқылы ойлауға, ой қорытындысын жасауға, түрлі ұғымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөз адамды тәрбиелеу, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені сақтау, білімді ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу құралы болып табылатындығын айтқан болатын.

Сөз өнерін дәріптеген халқымыз жастардың ақыл- ойын дамытуда ауыз әдебиетінің айтыс жанрын, музыкасының өнер жарысын (өлең жырмен айтысу, өнер сайыстыру, ән айту, би билеу, күй тарту,) пайдаланылған.Айтысарда ақындар қарсыласына - өнер , білім, өнер, еңбек, кәсіпкерлік туралы өлеңмен сұрақтар қойып, оған өлеңмен жауап алып, бір- бірін сынаған, сөйтіп ой- өрісін, білімін сарапқа салған. Көп оқу, білу керек екенін жастарға танытып, өнер- ғылымға бағыттап, сөз шеберлігіне тәрбиелеп отырған. Бұлар халықтың салт- дәстүріне байланысты мерекелерде ұйымдастырылатын, ойын- сауық кештерінде іске асырылып, жастардың ой- өрісін жетілдіріп, тапқырлыққа, шешендікке, өткірлікке , ой- қиялын дамытуға мүкіндік беретін. Халқымыз “Өнер алды- қызыл тіл”, “Шешеннің сөзі - мерген, шебердің көзі- мерген”, “Қаһарлы сөз- қамал бұзар”,- деп жастарға сөз құдіретін , оның мәнін түсіндіріп келген.

Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл- ой тәрбиесі, бір- бірімен өзара тығыз байланысты. Өйткені, мораль адамның еңбекке деген көзқарасы арқылы қоғамның экономикалық мәдени дамуына ықпалын тигізеді.Адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады. Адамгершілік тәрбиесі моральдік жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін , жан- жақты жетілген адам даярлау – тәрбиенің басты мақсатына айқындайды.

Мораль дегеніміз адамдардың мінез- құлқының тарихи қалыптасқан ережелерінің жиынтығы. Бұл ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық,ар- намыс, ұждан деген ұғымдардың тұрғысынан қарағанда, адамдардың мінезі мен іс- әрекетін бағалаудың өлшеуіші болып табылады.

Бұлар адамдардың бір- біріне, қоғамға, елге, отбасы мүшелеріне деген қарым- қатынастарын ретке келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды. Ал моральдік қоғамның дамуына әсер етеді, экономикалық құрылыстың өзгеруімен бірге мораль да өзгеріп отырады. Моральдің қалыптасуына қоғамдық сана, саясат, құқық, көркемөнер , дін, музыка ықпал етеді.

Барлық уақытқа бірдей, барлық халықтарға ортақ ереже болмаса да, жалпыға бірдей қарапайым қағидалар бар. Мысалы, барлық заманда табиғат апаты кезінде зардапшеккендерге көмек өкрсету моральдық борыш деп есептелінген.Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған ата – аналарды, ата- анасы алдындағы өз борышын орындамаған баланы моральдік атаулының бәрі де айыптаған,қоғамдық орындарда ең қарапайым тәртіпті сақтау, үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған. Адамдардың қарым- қатынас мәдениеті осы ережелер арқылы баянды етілген.

Адамгершілік қасиеттің негізі -имандылық пен ізеттілік. Ал, ол отбасы тәрбиесінен басталалы. Жастарды осы рухта тәрбиелеу бірінші міндет деп саналған.

Адамгершілікке тәрбиелеуде негізгі жолы- оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірмен іс- әрекетінде тиімді тәлім – тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың адамгерішілік туралы түсінігі мол болғанымен, тәжірибеде іс- әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жайлар кезігеді.

Ең негізгі - тәрбие үрдісінің ролін өктеру, ол үшін тәрбие теориясын әлеуметтік- экономика, этика, физиология, биология, экология, психология , музыка ғылымдарымен бірлікте талдау, дамыту жаңа ғылыми ұсыныстарды белсенді түрде қоғамдық тәрбие орындарының жүйесіне ендіру., педагогикалық үгіт- насихат тартуды күшейту т.б. Ол үшін халық педагогикасын негізге алып, раио, телевидение, баспасөз, кино, театр,әдебиет,көркемөнер тәрбие құралдарын кеңінен пайдаланылған жөн.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз- жас ұрпақты өмірдегі, күнделікті тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі әсемдікті, сұлулықты, асқақтықты, азаматтықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, түсініп бойына сіңіре білуге, әділ бағалауға, тіршілкте іске асырып отыруға баулу, әсемдікті тани, жасай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты- әр адамның ақыл- ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән- мен жанның қалыптасуына ықпал ету.Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің тұрмысын, мінез- құлқын, адамдармен қарым- қатынасын, ұйымдастыра білу қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын дамыту. Эстетикалық тәрбие жан- жақты дамыған, еңбек сүйгіш, достыққа берік, жаны сұлу, әдепті жастарды тәрбиелеудің басты бір саласы.

Эстетикалық тәрбие- кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді. Эстетикалық тәрбие көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің , табиғаттың әсемдігін тану кезінде, адамдармен қарым- қатынас үстінде тәрбиеленеді.

Көркемдікке көркемөнер құралдары арқылы тәрбиеленеді. Көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиенің негізгі қүрамдас бөлігі.

Эстетикалық даму дегеніміз жас ұрпақтың эстетикалық нәр алуға мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін ұштау, өмірдегі, көркемөнердегі әсемдікті түсінуіне, оны қабылдауына педагогикалық жағынан ықпал ету арқылы адамның эстетикалық сезімін дамыту.

Эстетикалық сезім- дегеніміз өмірдегі көркемөнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол – адам табиғатына ғана тән жоғары сезім.

Ғалымдар эстетикалық тәрбиені қоғамдық - мәдени өмірдің жан- жақты дамуымен байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен дәуірдің алдыңғы қатарлы дәстүрі мен тәжірибесіне сүйенеді. Әсемдік болмыста объективті түрде өмір сүреді, адам өзінің шығармашылық қызметінде өмірді және оның әсемдігіні сәулелендіреді. Адамның әсемдікті сезе, тани білу қабілеті әсемдікті жасауға қатынасы оның сезім байлығы мен эстетикалық мәденитінің даму дәрежесіне байланысты.

Эстетикалық тәрбие өмір құбылыстарын терең қабылдауға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгішітігін ( қуану, қобалжу, әрі- сәрі болу, қайғыру) тереңдетеді. Эстетикалық әсерлену әсемдікті қабылдауға ғана негізделіп қоймайды, өнер шығармасының мазмұны мен идеясын терең түсінуге де негізделеді. Бұл эстетикалық тәрбиенің ақыл- ой, адмгершілік, еңбек, тән тәрбиесімен тығыз байланыстылығын байқатады.

Көркем шығарманы, табиғат әсемдігін, адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез- құлқын көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына үлкен әсер етеді.

Әсемдікті сезіну адамның өмірін байытып, бір- біріне достық қарым- қатынасын, жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысынан бастау жан- жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеудің алғы шарты.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері :

  • 1. Жастардың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту.Осының негізінде қоғамдық өмір мен айналаны терең таныту және олардың адамгершілік бейнесін қалыптастыру.Олардың зейінін өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, адамдардың тәртібі мен іс- әркетіндігі, тал бойындағы әсемдікті көре білуге аудару, өмірдегі шын әдеміліктті жасанды әдеміліктен ажырата білуге, оны дұрыс бағалауға үйрету.

  • 2. Жастардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту. Эстетикалық жан құбылысын тудыратын қуану, қайғыру, қобалжу,әсерлену, бейжай болу, көркемдікті қабылдауда шығармада бейнеленген кейіпкердің қуанышы мен ренішіне, табысына бірге қуанып, бірге қайғырып әсерленуін, көңіл- күйінің толқуын дамыту.

  • 3. Жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеу. Оларды жақсы мен жаманды, сұлулық пен кейіпсіздікті, нәзіктік пен дөреклікті, бір түстілік пен ала- құлалықты ажырата білуге, өлең, ән, музыка, бейнлеу өнері шығармалырынң не себептен ұнамайтынын аңғара білуге үйрету.

Эстетикалық талғам- өте кең түсінік. Ол өнер шығармаларын түсініп, нәр алу ғана емес сонымен қатар табиғаттың, өмірдің, еңбектің, тұрмыстың, киімнің әсемдігін түсіну және бағалай білу.

Талғамды дамытуда оқыту ісі ерекше роль атқарады. Сабақта оқушылар көркем әдебиет, музыка, бейнелеу өнері туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезу талғамы қалыптасады, бұл адамның рухани дүниесінің баюының негізі.

  • 4.Жастардың күшіне сай өзін өнерде көрсете білу қабілетін, айналаға қажетті әдемілік жасауға талпынысын тәрбиелеу, көркемдік- шығармашылық қабілетін дамыту.

  • 5.Эстетикалық тәрбиенің тағы бір мәнді міндеті жас ұрпақты мамандығына қарамай, өмірдегі, табиғаттағы әсемдікті қорғауға, бағалауға, сақтауға , молайтуға үйрету.

  • Табиғаттағы әсемдікті өнердегі көрсеткіштер - ескерткіштер мен сәулет өнері туындыларын көзінің қарашағындай етіп аялауға баулу. Бұл адам еңбегін бағалауға, Отан, табиғат байлығын ұқыпты қарауға үйрету.

Қоршаған дүние, табиғи орта, күнделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен сауық кештері, қарым- қатынас жасап араласып жүретін адамдардың моральдік бейнесі, тәртібі, қазақ халқының салт- дәстүрі эстетикалық тәрбие құралының тиімді түрлері болып табылады.