Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
К І Р І С П Е Жанылсын.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
46.99 Кб
Скачать

Тәрбие әдістері мен формалары.

Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны орындаудың бірізді жүйесі жасалғанымен, музыка пәні мұғалімі тәрбиелудің негізігі әдістері мен формаларын меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса , тәрбиені іске асыра алмайды.

Әдіс - алға қойған мақсатқа жетудің жолы. Тәрбие әдістері- тәрбие міндеттеріне жету үшін жасалған музыка пәні мұғалімі мен тәрбиеленушілер ұжымының өзара байланыс әрекеттерінің жолы. Егер тәрбие әдісі дұрыс таңдалып алынса, дұрыс пайдаланылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап әрекеттері арқылы тәрбие міндеттерін шешуге ықпал етеді. Олардың санасы дамиды, сезімі баийды, мінез- құлқы, қажетті әдет- дағдылары, іскерліктері қалыптасады. Сонымен оқушыларды тәрбиелеу әдісі- оқушылар мен музыка пәні мұғалімі өзара байланысты әрекеттерінің күрделі комплексі. Әрбір әдіс оқушылардың сезіміне, санасына ықпал ететін музыка пәні мұғалімі қолындағы құрал ретінде көрінеді. Тәрбие әдістеренің бәрі бір- бірімен өзара тығыз байланысты, оларды классификациялау тек шартты түрде болмақ.

  • 1.Сендіру әдісі- оқушылардың сана-сезіміне, ерік- күшіне сөзбен әсер ету арқылы сенімін қалыптастыарды. Олар әңгіме, әңгімелесу (жаппай, топпен, жеке), лекция, пікірсайыс, түсіндіру, көзін жеткізу, нандыру,иландыру, (жаңа мәліметтер беру, адамгершілік ережелері мен нормаларыне түсіндіру.)

Сендіру –адамгершілік-имандылық қасиеттерін, дүниеге дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында пайдаланылады.

  • 2.Іс әрекетті ұйымдастыру әдістері- оқушылардың күнделікті пайдалы іс- әрекеттері (оқу- тәрбие, спорт, ойын, еңбек, көркемөнер, жарыс ұйымдастыру т.б.) тәжірибеде іскер асырылады. Олар– үйрету, жаттығу, машықтану (ситуация тудыру, жол беру, кешірім сұрау,мәдениетті қарым –қатынас, тапсырманы орындау, уәдеге тұру т.б)

Іс- әрекетті ұйымдастыру әдістері- жастардың белгілі әрекеттерді орындаудың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру мақсатында пайдаланылады. Адамгершілік нормалары мен ережелері қалай талап етсе, күнделікті өмірде дәл солай істеуге жағдай жасап мәжбұр ету, жүйелі дағдыландыру, жаттықтыру, керекті мінез- құлықты тәжірибеде қайталау, бекіту арқылы бірте-бірте әдетке айналдыру.

  • 3.Мадақтау мен жазалау әдістері- бұлар әділ болса, оқушылардың сезіміне күшті әсер етеді.Мақтау – ауызша, жазбаша (алғыс, сыйлық

кітап т.б.), мақтау грамотасы, оқудағы үздік

табыстары мен үлгілі тәртібі үшін алтын, күміс,

медальмен наградтау) т.б. болады.

Мадақтау әдісі- оқудағы тәртіптілігі, жарыстағы (спорттағы, еңбектегі, көркемөнердегі) табысы үшін қолданылады.

Жазалау әдісі- қойған талапты, берген тапсырманы орындамағаны, тәртіп бұзғаны үшін қолданылады.Олар: ескерту, сөгу,мінеп-сынау, кіналау, айыптау, жиналысқа салу,сөгіс жариялау, педагогикалық кеңеске салу немесе сабақтан соң қалдыру,сынған мүлікті жөндету, орнына келтірту т.б.

Жазалау әдісі-тән азабын шектіру емес, санаға әсер ету мақсатын көздейді.Сондықтан әділ, орынды, жеке ерекшелігі ескеріле қолданылса ғана нәтижелі болады. Жаза жеке оқушыға да, топқа да қолданылуы мүмкін, тым жеңіл, тым ауыр жаза ықпалды әсер етпейді. Жазалау- негізгі емес, қосымша, көмекші әдіс болып табылады.

  • 4.Ынталандыру әдісі—мақұлдау, мінеп –сынау, кіналау, көтермелеу, мінез- құлқына баға беру арқылы іске асырылады.

Ынталандыру мадақтау- әдісімен тығызы байланысты. Жастардың жақсы іс- әрекетін мақұлдау, кемшілігін мінеп-сынау, мінез- құлық тәртібіне қойылатын талаптарды терең меңгеруге үйретеді. Мұнда “Адамға барынша талап қою және барынша құрметтеу” сияқты педагогиканың принципіне сүйенеді.

Мақұлдау- мінеп- сынау оқушылардың жақсы іс істесем деген тілегіне туындайды да, бірте- бірте мінез- құлық тәртібіне ауысуына жалғасады.

Мақұлдау әдісінің ең қарапайым түрі оқушы іс-әрекетінің дұрыстығын қолдау. Ол жеке сипатта және ұжымдық сипатта болады. Оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің мақұлдауы, көтермелеуі, бағалауы үлкен роль атқарады. Мақұлдаудың тәрбиелік күші- тек бір оқушыға ғана емес белгілі топтағылардың барлығына әсер етіп, іс- әрекетке жұмылдырады.

Мақұлдауды қолданғанда оқушының жеке ерекшелігін ескерген жөн. Мысалы өз күшіне сенбейтіндерге мақұлдау дер кезінде айтылуы керек. Егер музыка пәні мұғалімі кешігіп қалса, мұндай оқушылардың өзіне сенімсіздігі оның күшін тежейді, тапсырманы орындағыны келмейді, оның себебі, тыңдамаушылық емес, өз күшіне сенбеушілік. Орындай алмай, ескерту алудан жасқанушылық. Мақұлдау істелген іс- әрекеттің қорытындысынан асып кетпей әділ болып, талап қоюмен , баланың жеке басының мүмкіншілігін ескерумен , құрметтеумен қарап жүріп отырғаны жөн.

Кіналау- ықпалды әдіс.Бірақ ол әділ болмаса, оқушыға қайғы- қасірет шектіреді. Бұл да мақұлдау сияқты дер кезінде қолданылса, нашар әрекеттен аулақ болуға ынталандырады.