Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aty.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.88 Mб
Скачать

Теодолиттік түсірілім Далалық жүмыс Триангуляция әдісі:

Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар мен кейбір базис кабырғаларының ұзындығы,өлшенеді . Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі. 1 класс триангуляциясының тұгас жүйесін орасан зор территорияда құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етеді. Сондықтан I класты геодезиялык жүйені, мүмкіндігінше меридиан және параллель бағытында бірінен-бірі 200 км-ге дейінгі алые кашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар катары түрінде құрады. I кластық триангуляция қатарының параметрі 800 км-ге дейінгі тұйық полигонды құрастырады. 2 класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және 1 класты пункттерімен сенімді байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды. 3 және 4 класты триангуляциялар мемлекеттік геодезиялык жүйелердің одан арғы жиілендіруі болып табылады. I және II, III класты мемлекеттік геодезиялык жүйе 50-60 км²-қа бір пункт тығыздықпен жасалынады. Пункптердің осындай тығыздығы 1:25000 және 1:10000 масштабтағы топографиялық түсірулерді қамтамасыз етеді.

  1. Нұсқау

25 мамыр 2015 жыл. Геодезия пәнінен өтетін практика бойынша, осы жұмысқа жауапты мұғалімдер топқа, университет аймағында нұсқаулық өткізді. Нұсқаулықта топ студенттері геодезиялық аспаптарды дұрыс қолдануды, сонымен қатар далалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы мәлімет алды. Топта барлығы 25 студент бар. Оларды далалық жұмыстарды жүргізу үшін 5 бригадаға бөлді. І бригада құрамында: Есенов А., Байбосынова Е., Амирханова А., Макрашев А., Алпысбай Ж., болды. Осы бригада бригадирі болып Есенов Е., тағайындалды. Сонымен, топ жетекшісі Кадылбеков М. нұсқауымен І бригадаға қажетті құрал-жабдықтарды алуға рұқсат берілді.

  1. Практика өтетін орын

26 мамыр 2015 жыл. І бригада тапсырылған құралдарды алып жұмысқа кірісті. Бригадада бірінші күнгі жұмыс теодолиттік түсіріс Ол үшін бригада студенттерінде: Теодолит, штатитв, 2 рейка, рулетка және штырь керек. Практика өтетін орны:

Техникалық теодолиттің негізгі тексеруі мен жөндеулері:

1.Горизонталь дөңгелектегі цилиндрлік деңгейдің осі - VV' теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы тиіс. Осыны бекітіп, цилиндрлік деңгейдің осін (VV') трегердің (1) екі көтергіш винттеріне параллель бағытта орнатады. Содан кейін сол екі қарама-қарсы бағытта бұрап, деңгейдің үлбіреулігін ортасына келтіреміз.

2. Дүрбінің визирлік осі (VV) оның айналу осіне (ТТ) прпендикуляр болуға тиіс.

Бұл шарттың орындалмауы коллимациялық қатеге (с) әкеліп соғады. Коллимациялық қатені табу үшін теодолиттің айналу осін тік бағытқа келтіреміз де, дүрбіні алыс бір нүктеге көздейміз.

Алдымен дүрбіні вертикаль дөңгелек оң жақта тұрған жағдайда (КП) көздейміз де, микроскоптан есеп (а1) аламыз. Сонан кейін дүрбіні зенит арқылы айналдырып (яғни вертикаль дөңгелек дүрбінің сол жағында болады - КП), қайтадан сол нүктеге көзделеді де, есеп (а2) алынады.

22-суретте көрсетілгендей, вертикаль дөңгелек оң жақта (КП) тұрғандағы есеп, адұрыс есеп а-дан С-шамасынан кіші, ал КЛ-дағы есеп а2-нақты есептен а+180°-тан С-шамасына артық, демек

а= а1-­С; а+180°= а2+С.

 

Екі теңдіктен коллимациялық қате (С) мен есептеу дұрыс мәні а-ны анықтаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]