Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_arzhy_1179_yzmeti.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
119.6 Кб
Скачать

1.2. Қаржының мәні мен қажеттілігінің теориялық аспектілері

Қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үрдісіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы натуралды шаруашылықтан тауар-ақша айырбасына өтумен және мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарды кажететуімен тығыз байланыста қалыптасты.

Қаржының маңызды нышаны болып ақша қаражаттарының нақты қозғалысындағы қаржы қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады.

Ұдайы өндіріс үрдерісі бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну тәрізді кезеңдері аркылы жүзеге асады. Қаржы ғылымының теориядарының бірінде қаржының пайда болуын ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңімен байланыстырады, осы кезеңде қоғамдық өнімнің құнын мақсатты және субъектілерге өндірілілген өнімнен өз үлесін бөлу арқылы жузеге асады. Сондықтан, экономикалық категория ретінде қаржының маңызды нышаны болып қаржылық қатынастардың бөлгіштік сипаты танылады.

Ақша қаражаттарының нақты қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші кезендерінде, яғни бөлу және айырбас процесінде басталады.

Екінші кезеңде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы тауар қозғалысынан жекеленген түрде болады және бір иеленушіден екіншіге ауысуымен сипатталады. Үшінші кезеңде бөлінген құн ақшалай нысанда тауар түріне айырбасталады.

Сонымен, ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңіңде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы - бір жақты, ал үшінші кезеңінде екі жақты қозғалыста болады, олардың біреуі ақшалай түрінде, ал екіншісі тауар түрінде болады.

Ұдайы өндіріс үдерісінің үшінші кезеңінде негізінен айырбас операциялары болғандықтан, олар тек бағалы құралдарды кажетсінеді және мұнда баға тәрізді экономикалық категорияның механизмі қызмет жасайды.

Қаржы қатынастары қатынасатын бастапқы сала болып жиынтық қоғамдық өнім құнының алғашқы бөлу үдерісі саналады, ол келесідей элементтерден түрады:

С - өндіріс құрал-жабдықтарының шығындалған құны;

V - еңбек ақы; М - қосымша өнім.

Мүнда ақшалай табыстар мен жинақтардың әр түрлі нысандарының құрылуы байқалады. Құн одан әрі қаржы негізі түрінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлініп оны мақсатты пайдалану жүзеге асырылады.

Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе мынадай анықтама беруте болады: қаржы - бұл мемлекет пен шаруашылык, жүргізуші субъектілерде ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға, оларды қогамның әлеуметтік және басқа да қажеттіктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісіне пайдалануеа байланысты жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық, байлықтың бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша катынастары. Қаржының кызмет етуінің шарты болып акшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі болып мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қамтамасыз ететін ресурстарға деген қажеттік болып танылады.

1.3. Қаржы қоғамдық дамуға әсер ететін механизм ретінде

Қаржының қоғамдағы атқаратын рөлі өте үлкен және маңызды болып табылады. Олардың көмегімен өсудің қарқындылығы, салалардағы технологияның жетістігі, ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы және ұлттық шаруашылықтың басқа салаларындағы жетістіктер қамтамасыз етіледі. Олар өндірістің негізгі күші – жұмысшыларды қалыптастыруға және сапалы өзгертуге қатысады.

Қаржы өндіргіш күштердің қарқынды дамуына әсерін тигізеді, қоғамдық өндірістің құрылымын өзгертуге, оны күшейтуге және капиталды орталықтандыруды күшейтуге көмектеседі. Жұмыс күші жаңа сипатқа, жағдайға ие болады: оның квалификациясы өзгереді, құрылымы және қажетіліктері өзгереді.

Өндіріс сферасындағы және оның кадрлық құрамындағы өзгерістер қаржының үлкен рөлі туралы айтып отыр. Яғни, қаржылар адам өмірінің экономикалық және әлеуметтік құрылымының жаңа қоғамдық формасына өту кезіндегі қажетті өндіргіш күштердің деңгейімен қамтамасыз ете алады. Мұндайда қаржылар басқа қоғамға өтуге материалды мүмкіндіктер береді. [5]

Қаржының мәні мен рөлі қоғамдық дамудың түрлі сатыларында өзгеріске ұшырап отырды.

Қазіргі уақыттағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қаржының рөлі келесі бағыттардан көрінеді:

  • Отандық капиталды жинақтау саясатын белсендендіру;

  • Экономиканы дамыту және күшейту мақсатындағы бюджеттік және салық саясаттарының қолданылуы;

  • Мемлекеттің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің дамуын мен сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламаларды мемлекеттік қолдау;

  • Өндірістік инвестициялау мақсатында қаржы нарығының мүмкіндіктерін пайдалану;

  • Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік бағытын күшейту;

  • Қоғамдағы әр түрлі топтарға байланысты әлеуметтік әділеттілікке жету. [6]

Мемлекет қаржыны шаруашылықтың қоғамдық нысандарын қолдау үшін пайдаланады: мемлекеттің экономикалық секторын дамыту үшін; білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамыту үшін; көптеген әлеуметтік, экономикалық бағдарламалады жүзеге асыру үшін.

Қаржысыз кеңейтілген негізде өндірістік капиталдардың жеке және қоғамдық толық айналымын қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аумақтық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді тезірек енгізуді ынталандыру, басқа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес.

Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен өңірлерге ерекше көңіл аударылып, оларға қаржылық ресурстарды қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресурстар орталықтың, өңірлердің, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.

Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржылық қатынастар елеулі дәрежеде «қоғамдық тауарлар» деп аталынатындарды – мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың,қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау жатады.

Қаржы   мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды  береді.

Кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыра отырып қаржы құнның санаттарын(ақшалай және тауарлы түрдегі) ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді.  Тек тауарлардың қозғалысының құндылықты санаты(категориясы) ғана ақша айналымы мен бөлістірушілік сипаттағы экономикалық қатынастарды туындатады.

Қаржы қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады.

Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып, жүзеге асырады. Қаржының көмегімен қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. [7]

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қаржы  бұл ақша қатынастарының құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың атқаратын ролі экономикалық қатынастар жағдайындағы ақша қатынастарының орнына байланысты болып табылады. Бірақ барлық ақша қатынастары қаржылық қатынастарды сипаттамайды.  Қаржылардың ақшадан айырмашылығы олардың мазмұнында емес, атқаратын функциялары бойынша ерекшеленеді. [2]

Қаржылар негізінен ақшалай кірістер мен қорларды қалыптастыра отырып, мемлекет пен кәсіпорындарды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаржы ұлттық табысты қалыптастыру мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Олар өндіріске, бөлістіруге және тұтынуға тікелей әсер етеді. Өндірісті дамытумен байланысты қажеттіліктерді, жұмысшы мен оның жанұясының қажеттіліктерін, үй шаруашылығы мен кәсіпорынның қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қаржы құнның нысанын алмастыру үрдісін (тауарлы, ақшалай) қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің қаржысы қоғамдық қажеттіліктерді (қорғаныс, білім, басқару, мәдениет және т.б.) және халықтың жеке топтарын әлеуметтік қорғауды (жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, жүктілігі бойынша  жәрдем және т.б.) қамтамасыз ете отырып, меншік нысанының алмасу үрдісін жалпы мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етеді.  Мемлекеттің дәстүрлі функцияларынан басқа мемлекеттің шаруашылық үрдістерді реттеу функциясын атқарады яғни республикалық бюджет арқылы жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайызы және ІЖӨ 20 пайыздан астамы бөлістіріледі.

Бұл өз кезегінде ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісін жоспарлауға және экономиканың басым бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар субъективті жеке шешім қабылдаған жағдайда қаржыландыру тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржының атқаратын ролінің арта түскенін айта кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларға байланысты орын алды:

Біріншіден, дәстүрлі кәсіпорын топтарымен қатар шаруашылық субъектлер қалыптасқан жағдайда қаржылық қатынастардың жаңа топтары қалыптасады.  Осы уақытта олардың арасындағы байланыс шиеленісе түседі.

Екіншіден, қаржылар ақша қатынастарының жеке аясы болып табылады. Қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып ақшалар қаржының материалдық негізі болып, айналыс құралы функциясын атқарады яғни   капиталға айналады.

Үшіншіден, микро деңгейде қаржылардың ролі төмендеп, макродеңгейде олардың мәні артады.

Еліміздің жаңа экономикалық қатынастарға көшуі өндірісті едәуір төмендетіп, жұмыссыздықтың қалыптасуына жол беріп, әлеуметтік және экономикалық тұрақсыздықтың және инфляцияның қалыптасуын туындатты.  Осы кезеңде мемлекеттің қаржы саясаты тұрақсыз болып, жиі өзгереді. Сонымен қатар  сәйкес келесі жағдайлар орын алады:

- Қаржылық ресурстар тек мемлекеттік бюджетте ғана емес, басқада қорларда- зейнетақы, еңбекпен қамту және медициналық сақтандыру қорларында  шоғырланады;

-  Бюджет, негізінен салықтық түсімдер арқылы толықтырылады. Салықты көбейтуге бағытталу өндірістің құлдырауына әкеледі. Сол себептен салық жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындайды;

- Экономикаға мемлекетттің араласпауының нәтижесінде халық шаруашылығын бюджеттен қаржыландыру көлемі –60% -12%-ға дейін төмендейтіндігі. Осылайша қаржының нарықтық экономика жағдайындағы рөлі мен маңызы одан сайын арта түседі.