Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_arzhy_1179_yzmeti.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
119.6 Кб
Скачать

2.2. Қаржы нарығының құрамына анализ жасау

Қазақстан Республикасынның министірлігінің деректері бойынша 2012 жылдың 1 желтоқсанда республикалық бюджет 32,2 млрд. Теңге процентпен орындалды. Барлық түсімдер – 457,6 млрд теңге, соның ішінде салықтан 288,8млрд теңге ( 63 %), салықтан басқалар – 53,8 млрд теңге ( 11,7%), алынған ресми трансферттер – 84,2 млрд теңге (18,4 %). Түсімдер көлемі 2012 жылы тиісті кезкңдегі деңгейден 29,6 % асып түсті. ( 2012 жылғы 1 желтоқсанда – 353,2 млрд теңге еді), олардың 15,3 % салық түсімдері бойынша ( 2012 жылы 1 желтоқсанда – 250,4 млрд теңге). Салық емес түсімдер көлемі 97,8 % өсті ) 2012 жылғы 1 желтоқсанда – 127,2 млрд теңге). Соның ішінде кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен түскен табыс 33,5 млрд теңге 401 есе артық (2011 жылғы 1 желтоқсанда – 8,2 млрд теңге еді). Келіп түскен рәсми тромсоферрер деңгейі 49,3 % жоғары (2011 жылғы 425,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 28,5 % артты ( 2011 1 желтоқсанда – 331,4 млрд теңге), соның ішінде экономиканың өндірістік саласына шығыстар 85,4 % ( 2011 дылғы 1 желтоқсанда – 23,6 млрд теңге), адам көлікпен байланыс салалары бойынша 83 % ( 2011 жылғы 1 желтоқсанда – 10,6 млрд теңге), мемлекеттік қызметтерге – 48,1 % ( 2011 жылғы 4 желтоқсанда – 57,7 млрд теңге) артты.

2013 жылдың 1 наурызында республикасың бюджет 22,4 млрд теңге процентпен орындалды. Барлық түсім – 76,8 млрд теңге, бұл 2001 жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 30,9 % төмен ( 2013 жылғы 1 наурызда – 111,1 млрд теңге еді). Кредиттерді есепке алғандағы шығындар өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9% өсті ( 2013 жылғы 1 наурызда – 49,9 млрд теңге еді) және 2013 жылдың 1- наурызына 54,4 млрд теңге болды.

Қаржы – несие және жүйесінің тұрақтануы мен алдағы дамуы қаржы нарығы инфроқұрылымының дамуына тікелей байланысты болып келеді.

Қазіргі уақытта қазақстан банктері тұрақтанудағы оңай емес жолдарға қарамастан, тұрақты құрылымды қалыптастырып, әлемдік стандартқа сай етіп және де алдағы уақытта дамуына тура тенденция орындауда.

Екінші деңгейлі банктердің басты әрекетінің негізінде кредит мөлшерлемесін көбейту мақсатымен қаржы ресурстарын пайдалану. Осыдан мемлекеттегі сыртқы экономикалық жағдайдың жақсаруына және инверторларға кепілдік беру жүйесі қалыптастырылды.

Бүгінгі күнде Қазақстанның банктік секторлары толық төлемге капиталданылған: 89,9 млрд теңгеде орындалған банк жүйесінің өзіндік капиталы 2012 жылы

Ал қазіргі уақытта өзіндік капиталдың самасы 115,9 млрд теңге құрап отыр.

Кесте-1 Экономикалық көрсеткіштер

2010

2011

2012

2013

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ),

млн. теңге

2016456,3

2599901,6

3250593,3

3776277,3

ЖІӨ, млн. АҚШ доллары:

16854,4

18292,4

22153,6

24637,1

Ресми бағам бойынша

сатып алу қабілетінің

тепе-теңдігі

бойынша СҚТ

78036,2

87597,8

101867,5

24637,1

Нақты көлем индексі, алдындағы

жылға пайызбен

102,7

109,8

113,5

109,8

Дефлятор алдыңғы жылғы пайызбен

113,3

117,4

110,1

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, теңге

135080,6

174707,7

218830,3

254221,2

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ доллары

1129,1

1229,2

1491,4

1658,6

Ресми бағам бойынша, СҚТ бойынша

5227,6

5886,4

6857,7

7591,0

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, нақты көлем индексі, алдындағы жылға пайызбен

103,7

110,2

113,6

109,8

Доллар бағамы, теңге,

1 АҚШ долларына

119,64

142,13

146,73

153,28

ЖІӨ үшін СҚТ,

1 АҚШ долларына

25,84

29,68

31,91

33,49

Ескерту- ҚР Статистикалық Бюллетені, 2014 жыл

Қазақстан Республикасы экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша толық құқықты рыноктың құрылуы соған сәйкес инфрақұрылым қалыптасуын жүзеге асырады. Оның негізгі элементтері мыналар:

Нарықтағы бағалы қағаздар - бұл тұтынушының (инвестор) бағалы қағаздарды шығарған субъектінің (эмитенттің) капиталын құруына қатысқанының куәсі.

Оларды экономикалық тұрғыда екі жақты көзқараспен сипаттауға болады:

- бағалы қағаз - заңды және жеке тұлғаның, не акционерлік қоғамның капиталына қатынасуына куәлік, заем нысанында ссуда беру;

- бағалы қағаз - бағалы қағаздар салымшыларына эмитенттің ұзақ мерзімде дивидентті төлеуге міндетемесі.

Занды түрде бағалы қағаздар - салымшылар үшін мүліктік құқықтарды жүзеге асыратын ақшалай құжаттар.

Бағалы қағаздарға қойылатын талаптар:

а) номиналды бағасы болуы керек;

ә) оның айналу мерзімі қойылуы керек;

б) шығындар шартының фискалдық тәртібі қойылуы керек.

Бұл жағдайлар бағалы қағаздар туралы заңда көрсетілген, сондай-ақ мұнда мемлекет тарапынан шығарылатын бағалы қағаздарды бақылау туралы айтылған.

Бағалы қағаздардың нарықтық бағамы пайыз нормасына, төлем мөлшеріне, жұмыс істеу мерзіміне тәуелді.

Бағалы қағаздардың түрлері:

а) қарыздық (мысалы, облигация) - бұл бағалы қағаздардың иесі кәсіпорын емес, кредитор болып келеді. Бұл бағалы қағаздарда номиналды қарызды төлеу міндеттемесі нақты көрсетілген.

Акциялық үлестік - бұл бағалы қағаздардың иесі кәсіпорын -эмитенттін иесі немесе ортақ иесі болып келеді. Бұл бағалы қағаздарда иеленушінің тікелей үлесі көрсетіледі.

Жылдың аяғында облигация бойынша табыс төленеді. Бұл табыс облигацияда көрсетіледі және де кәсіпорынның экономикалық жағдайына теуелсіз болады. Осы бағалы қағаз түрі тәуекелділігі төмен бағалы қағаз болып келеді, себебі бұл бойынша төлемге кепілдік берілген.

Акция иемденушінің құқықтары:

  • акционерлер жиналысына қатысуға құқығы;

  • басқару шешімдерін қабылдау құқығы;

  • пайданы бөлуге қатысу құқығы (акция бойынша табыс пайдаға тәуелді, бірақ табыстың болмауы да мүмкін).

Бірақ банкротқа ұшыраған жағдайда, ең алдымен, сол ұйым кредиторларының, жұмысшылардың, содан сон, барлық акционерлердің қажеттіліктері қанағаттандырылады.

Қаржы нарығына тек қана ұйымдар емес, мемлекет те кіреді.

Мемлекеттік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

- қазынашылық вексельдер, бондар, ноталар. Бағалы қағаздар нарығы былайша белінеді:

- бастапқы бағалы қағаздар нарығы (бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру жүзеге асады).

  • екінші бағалы қағаздар нарығы.

Бастапқы бағалы қағаздар нарығына қаржы делдалы болып банктер мен инвестициялық компаниялар қатысады. Бастапқы нарықта акциялар мен облигациялар эмиссиялық бағамен орналасады (номиналдан төмен).

Екінші нарық бастапқы иесі қор биржасын облигациялар мен акцияларын өткізген жағдайда пайда болады.

Каржы нарығының институттары - қор биржасы, валюталық биржа, банк жүйесі, сауда биржасы. Қор биржасы - бұл бағалы қағаздардың сатып алу-сату ісі жүретін жер. Бірақ мұнда бағалы қағаздарды бастапқы бөлуі жүргізілуі де мүмкін.

Қор биржасы мәлімдеме сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: а) қор биржасының жабық түрі (оның саудасына биржаның мүшесі ғана қатыса алады).

ә) еркін биржа, бірақ онда мәмілелер маклерлер арасында ғана жасалады.

Мемлекеттік органдардың бақылауында болатын биржалар бар.

Қор биржасының функцияларына мыналар жатады:

а) бағалы қағаздар операцияларын жүзеге асыру;

ә) бағалы қағаздар эмитентіне қосымша қаржы ресурстарын ұсынуы;

б) ақша капиталы иесінің жинақталған ақша қаражаттарын максималды тиімділікпен қолдануға мүмкіндік беру;

в) қоғамдық өндірістің құрылымы мен үйлесімін өзгертуге мүмкіндік беретін қаржылық ресурстарды қайта бөлуді жүзеге асыру.

Бағалы қағаздар екінші нарықта құндық бағамы бойынша сатылады. Номиналдық құн - бағалы қағаздарда көрсетілген құн.

Акциялардың мынадай түрлері болады:

-жай (кәсіпорынның қызмет жетістігіне байланысты табыс береді).

- артықшылықты (облигация сияқты тіркелтен табыс, жиналысқа қатысуға құқық береді).

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.

Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.

Қаржы нарығы — құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы б-ріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.

Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаражатгарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.

Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады.

Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы — кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.

Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:

  1. Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арналуы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі;

  2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма-қол және қолма-қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;

  3. Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысы.

Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетіндегі резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.

Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:

  1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;

  2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;

  3. Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;

  4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражатгарын алып, оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс үрдісіне ықпал етуінен ғана айқындалып қоймайды. Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіңдік береді, тікелей қозғалыс барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу түріңде кәсіпорындар арасында тіке байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды объектілер мен салаларға аудару арқылы жақсартады.

Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, құнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және қамтамасыз етумен айқындалады.

Экономикалық реформа үрдісі барысында қор нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляциядан болған қиындықтарға кезігуде және әр тұрлі субъектілігіне қарамастан біртұтас байланыстарын ұйымдық-құқықтық формалардың жиынтығын көрсетеді.

Кәсіпкерлер, жалдамалы жұмысшылар, тұтынушылар арасындағы өзара қатанастар осы қатынастарды орнатып және сол арқылы аталған субъектілердің өз іскерлік қызығушылықтарын іске асыруға көмектесетін көптеген аралық формаларға байланысты. Қазіргі рыноктық экономикада осындай формалар (бизнес инфрақұрылымның элементтері) мыналар:

  • несиелік жүйе және коммерциялық банктер;

  • эмиссиялық жүйе және эмиссиялық банктер;

  • тауарлық, шикізаттық, фондтық және валюта биржаларында ұйымдық жасалған делдалдық;

  • аукциондар, жәрмеңкелер, т.б. ұйымдық-делдалдық түрлері;

  • халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу жүйесі және жұмыспен қамтамасыз етілуіне көмектесу (еңбек биржалары) орталықтары (мемлекеттік және мемлекеттік емес);

  • ақпараттық технологиялар және іскерлік коммуникация құралдары;

  • салық жүйесі және салық инспекциясы;

  • коммерциялық, шаруашылық тәуекелділігін сақтандыру жүйесі және сақтандыру компаниялары (мемлекеттік және мемлекеттік емес);

  • арнайы жарнамалық агенттері, ақпаратық агенттіктер және бұқаралық ақпарат құралдары;

  • сауда палаталары;

  • кедендік жүйе;

  • жалданып жұмыс істейтіндердің кәсіподақтары;

  • коммерциялық көтерме кешендері;

  • орта және жоғары экономикалық білім жүйесі;

  • консультациялық (консалтинттік) компаниялар;

  • аудиторлық компаниялар;

  • еркін кәсіпкерліктің арнайы зоналары (аймақтары).

Осы аталған инфрақұрылым элементтері арқасында, бизнес адам арасындағы қатынастық мәдениет түрі болып табылады. Ерекше маңызы бар нәрсе, ол инфрақұрылым әрекеттерінің бизнесмендерге сырттан байланысты болмауының, олар іскерлік қатынастардан шыққан нәтиже.

Инфрақұрылым бірқатар маңызды функцияларды атқарады:

  • іскерлік қатынастардың ұйымдық құжатталуы;

  • іскерлік қатынастардың қатысушыларына өз мақсаттарының іске асырылуына жеңілдік жасау;

-әр түрлі экономикалық субъектілердің мамандануы, олардың жұмысының жылдамдығын және тиімділігін жоғарлату;

-бақылаудың заңдық және экономикалық түрлерін жеңілдету.

Жалпы рынокта көтерме саудаға арналған тауар биржалары ол арқылы мемлекет не алдыңғы орынды алады немесе өз қажеттілігінің негізгі бөлігін жабады. «Тауарлық биржалар туралы» заң (Қазақстан Республикасы 13 маусымда, 1991 жылы) қабылданып, кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің бұған қатысты жаңа Жарлығы жарияланды. Ол жарлықта былай жазылған: Тауарлық биржа - сауда жүргізу ережелері мен орынның тұрақтылық жағдайында, еркін баға тауарларымен көтерме саудаға жағдай жасайтын коммерциялық кәсіпорын.

Бұған қоса оған мынадай жаңа анықтама берілген: Тауарлық биржа дегеніміз - кез келген жекеменшік түріне негізделген және биржалық тауарлармен көтерме сауда бойынша ұйымдастыру және реттеу қызметін атқаратын заңды тұлғалық құқығы бар өзіндік ұйым. Оның негізгі міндеттері: шаруашылық субъектілер арасында биржалық саудаға жағдай жасау; биржалық саудаларды өткізу; делдалдықты қажет ететін тауарлардың сұранысы мен ұсынысын анықтау; баға белгілеу (тауарлардың котировкасы - биржалық келісімнің нақтылы бағасы немесе сатушының және сатып алушының ұсыныс бағасы); тауарға баға ашық (электрлік таблода) тіркелінеді (белгіленеді); биржалық келісімдердің тіркелуі; биржалық операциялар бойынша тартыстардың шешілуі.

Тауарлық биржа рыноктық инфрақұрылымда ең маңызды буындардың бірі ол бір тұтыну рыногының тауарларымен қанықтыру процесінің өзгеше бейнесі болып табылады. Оның табысты жұмыс істеуі тауарлар көлеміне байланысты, оның қайнар көзі жеке өндіріс және импорт болып табылады. Тауарлық биржалардың динамизмі оның негізгі функцияларының және қызметінің мазмұнын анықтау қажеттілігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Тауарлық биржалар туралы» заң күші бар жаңа Жарлығы қабылданған.

Осы Жарлықта рыноктық инфрақұрылымды басқаруда принципті маңызы бар белгілі өзгерістер енгізілген. Ол төрт бөлімнен тұрады: жалпы жағдайлары; тауарлық биржа қызметінің пайда болуы және аяқталуы; биржалық сауданың ұйымдастырылуы; тауарлық биржалар қызметінің мемлекеттік реттелуінен.

Заңда негізгі жағдайлары жазылған. Тауарлық биржа болып кез келген жекеменшік түрлеріне негізделген, белгілі бір уақытта биржалық сауданың орнатылған ережелері бойынша және белгілі бір жерде жиі қоғамдық сауда жүргізу жолымен, биржалық тауарлармен көтерме сауда бойынша ұйымдастыру және реттеу қызметін атқаратын заңды тұлға болып табылады.

Биржа - бұл субъект, оның қызметінен түскен табысы ақпараттық-техникалық, биржаның әлеуметтік дамуына және биржалық инфрақұрылымы шығындарын өтеуге пайдаланылады.

Биржалық келісім - биржамен тіркелген биржалық сауда қатынасындағы келісім шарт, биржалық тауар қатынасындағы биржалық сауда қатысушыларымен бекітілген.

Биржалар еркін бастауларда және басқа да бірлестіктер заңды тұлға құқығы бар өз қызметін бағыттау үшін, жалпы мүдделерін қорғау және біріккен бағдарламалардың орындалуына біріккен сауда ұйымдары бойынша сол салада және өз ұйымдастырушыларының келісімімен Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес биржалық ассоциациялар құра алады.

Тауарлық биржалардың мемлекеттік реттеу қызметін республикалық комиссия орындайды. Осы комиссия туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінде бекітілген.

Республикалық комиссиясының функциялары мыналар:

  • биржалық берілуі;

  • тауарлық биржалардың тізімін жүргізу;

  • биржалар туралы заң жүргізілуін бақылау;

  • биржалар қызметін және биржалық сауданың дамуын зерттеу;

  • биржалық құжаттар дайындау бойынша әдістемелек мінездемелер жасау;

  • биржалық сауданың типтік ережелерін бекіту;

  • биржалардың қызметіне қазіргі қарастырылған заңдардан бөлек басқару және мемлекеттік билік органдарының араласуына жол берілмейді;

  • республикалық инфрақұрылымның басқа элементті құнды қағаздармен (облигациялар, сертификаттар, лотореялар, т.б.) сауда жасауға қабілетті қор биржалары;

  • сауда бойынша кәсіпорындардың өндіріс құралы ретіндегі көтерме коммерциялық жүйесі, сондай-ақ ауыл шаруашьшық өнімдері мен тұтыну тауарлары;

  • ұқсас функцияларды атқаратын жаңа сауда-саттық кооперативтері және басқа кәсіпорындар;

  • коммерциялық несиелерге қызмет көрсететін коммерциялық банктер. Олар кәсіпорын-ұйымдастырушы пай жарнасы арқылы пайда болады немесе акционерлік негізде;

  • коммерциялық ақпараттар орталықтары, рыноқ конъюнктурасын және сұранысын зерттеу маркетинг орталықтары;

  • мәдени тұрмысқа белгіленген тауарларды жобалау бойынша технологиялық бюролар;

  • бағаны және өнім сапасын бақылау инспекциясы, салық инспекциясы, т.б.;

  • рынок инфрақұрылымының элементтеріне: қоймалық, тоңазытқыштық, транспорттық және қаптардың шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнімдер қоймалары жатады.

Инфрақұрылым жергілікті органдармен, мемлекеттік келісім жүйелерінің қатысуымен рыноктың әр түрлі субъектілерінен құрылады.

Республикадағы рыноктық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуында төменгі бағыттар қарастырылады:

  • сауда үйлері, лизингті (жалға беру) және факторингті (қаржылық-коммерциялық қызмет көрсету түрі, кәсіпорын қарыздарын алу), аудиторлық және маркетингтік қызметтерді дамыту;

  • аудиторлық фирмалардың және банктердің жұмысшыларының, брокерлік корпустық, биржалық мамандарын дайындау орталықтарының пайда болуы;

  • рыноктық инфрақұрылымның негізгі бағыттары бойынша ұйымдық-эксперттік кеңес құру;

  • ақпаратты жіберу және байланыс жүйелерін дайындауда және толық жетілдіруіне қатысу.

Қазақстан Республикасының қаржы рыногы ел экономикасының аса табысты салаларына, мемлекеттiк бағдарламаларға кажетгi каржы ресурстарын шоғырландыру арқылы орасан зор септiгiн тигiзедi. Қазақстанның каржы рыногы валюталық рыноктан; ұлттық ақша қаражаттары рыногынан алтын және қымбат бағалы металдар рыногынан; сақтандыру рыногынан; кор рыногынан тұрады.

Қазақстан Республикасының қаржы рыногындағы ұзак мерзiмдi және сенiмдi инвестициялар бүгiнде қаржы рыногының жоғарыда аталған құрамдас бөлiктерiнiң,соның iшінде қор рыногының айтарлықтай дамуына негiз болатын экономикалық-қаржыллық жағдайларды кұрып отыр деп санаймыз. Қандай болмасын елдiң дамыған қаржы рыногының негiзгi белгiлерiне көрсетiлетiн каржылық қызмет аясындағы жетiлдiрiлген және өркениеттi мемлекеттiк реттеу және қадағалау механизмдерi, ұтымды қалыптасқан нормативтiк құқытық базасының тұрақтылығы, жоғары технологиялық инфрақұрылымы, рынок қатысушылары мен олар жүргiзетiн операциялардың ақпараттық айқындылығы және т.б. жатады.

Қазақстан Республикасының эконономикасында қаржы нарығы инфроқұрылымының негізі қысқа мерзімде қалыптастырылды. өндірістік өнімдірді тұтынуда шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған, және де жоғарлата қажетті функционалдық және каммерциялық тәуекелдерді төмендетуге арналған қаржы нарығы инфроқұрылымының құрамына: банктер жүйесі, инвестициялық, биржалық, аудиторлық кәсіпорындар және тағы да басқа объектілер кіреді.

Қаржы рыногы ауқымындағы айрықша уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының агенттiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мемлекеттiк реттеу және қадағалау жөнiндегi негiзгi функцияларды, соның iшiнде шоғырландырылған негiзде, заң актiлерiнде көзделген жағдайларда банктiк қызметтi, сақтандыру қызметiн, жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық қорлардың қызметiн, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк ретгеу мен қадағалау жөнiмдегi негiзгi функцияларды орындайды. Қазақстан нарығында қаржы құралдарын қалыптастыруда ұйымдардың рейтингін бақылау ең басты әрекет болып табылады.

2010 жылдың 1 наурызында республика бюджеті 22,4 млрд теңге. Барлық түсім – 76,8 млрд теңге, бұл 2007 жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 30,9 % төмен ( 2007 жылғы 1 наурызда – 111,1 млрд теңге еді). Кредиттерді есепке алғандағы шығындар өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9% өсті (2010 жылғы 1 наурызда – 49,9 млрд теңге еді) және 2011 жылдың 1- наурызына 54,4 млрд теңге болды.

Қаржы – несие және жүйесінің тұрақтануы мен алдағы дамуы қаржы нарығы инфроқұрылымының дамуына тікелей байланысты болып келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан банктері тұрақтанудағы оңай емес жолдарға қарамастан, тұрақты құрылымды қалыптастырып, әлемдік стандартқа сай етіп және де алдағы уақытта дамуына тура тенденция орындауда.

Екінші деңгейлі банктердің басты әрекетінің негізінде кредит мөлшерлемесін көбейту мақсатымен қаржы ресурстарын пайдалану. Осыдан мемлекеттегі сыртқы экономикалық жағдайдың жақсаруына және инвесторларға кепілдік беру жүйесі қалыптастырылады.

Бүгінгі күнде Қазақстанның банктік секторлары толық төлемге капиталданылған.

Ал қазіргі уақытта өзіндік капиталдың сомасы 115,9 млрд теңгені құрап отыр.

Кесте 2- Экономикалық көрсеткіштер

1. Ақша және қаржы нарығының көрсеткіш динамикасы (соңғы кезеңнің белгілері)

Кезең

Өзгеріс %

2012 ж

2013 ж

1. Биржалық курс теңге АҚШ долларына

143,33

130,00

9,3

2. Ақша базасы, млрд. теңге

316,90

577,90

82,3

3. Айналымы қолма-қол ақша, млрд. теңге

238,50

379,30

59,0

4. Ақша массасы, млрд. теңге

971,70

1634,70

68,2

5. Айналымдағы қаржы министрлігінің МОБ,

млрд. теңге

162,70

230,50

41,7

2- кестенің жалғасы

6. Айналымдағы ХБ ноталары

198,60

396,10

99,4

7. Банк жүйесіндегі депозиттер, млрд. теңге

731,20

1255,40

71,2

8. Экономикадағы банк кредиттері, млрд. теңге

978,10

1484,30

51,7

9. Банк жүйесінің активтері, млрд. теңге

1677,90

2689,70

60,5

Ескерту- ҚР Статистикалық Бюллетені, 2014 жыл

Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредит қатынастаында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.

Банктердің ресурстары қайта бөлу стадиясында қалыптасатыны белгілі, яғни кредит бұрын бөлінген құнды бөледі. Кредит қаржы ресурстарын толықтырады және ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне мүмкіндік туғызады. Кредиттің көмегімен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың арасында қайта бөлінеді. Қаржы және кредит күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады.