Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
порт.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
307.07 Кб
Скачать

2.5 Транспорттан дәнді түсіру жабдықтарының есебі

Типтік жобаларды жасауда дәннің максималды сағаттық түсуін Ач мына формуламен анықтайды:

(11)

Кч – біртекті емес сағаттық коэффицент (3-кесте);

Т – 24 сағаттағы автомобиль транспортынан өтетін дән.

Автомобиль транспортынан дәнді қабылдауға қажетті технологиялық линияның саны – Nл мына формулаға байланысты анықталады:

(12)

Мұндағы Кк – астық культурасына байланысты транспорттық жабдықтың өнімділігінің төмендеу коэффициенті; (4-кесте) [1]

Кв.з – ылғалдылығы мен заладануына байланысты астықты орын ауыстыру кезіндегі транспорттық жабдықтың өнімділігінің төмендеу коэфициенті; (5-кесте) [1]

Qл- автотранспорттан дәнді қабылдау кезіндегі линияның өнімділігі; (13 – кестеге [1] байланысты қабылдайды).

Qл=123

Автомобиль көтергіштердің керекті саны технологиялық линиялардың саны мен өнімділігіне байланысты анықталады, ал автомобиль көтергіштердің өнімділігі мына формула бойынша анықталады:

(13)

Мұндағы – автотранспорттың орташа жүккөтергіштіктің белгілі бір маркасына байланысты автомобиль жүктеуішінің техникалықөнімділігі; 14 – кесте [1] бойынша алынады.

14- кесте. [1] Автомобиль жүктеуішінің техникалық өнімділігі.

ГУАР – 165

- тасымалдау құрылғысының линиясына 1 тәулікте түсетін партия санына автотранспорттың орташа жүк көтергіштігіне байланысты автомобиль жүктеуішінің техникалық өнімділігінің коэффиценті; 15 – кесте [1] бойынша алынады.

- автомобиль жүктеуішінің коэффицентінің төмендеуі;

Кпр=0,82

Егер автомобиль жүктеуішінің өнімділігі қабылдау линиясының өнімділігінен () төмен болса, онда екіавтомобиль жүктеуішінің бір линияға орнатылуын алдын – ала қарап шығу керек. Автомобиль жүктеуішінің астындағы қабылдау бункерінің сыйымдылығын 25 тоннадан кем етіп алмауын ескеру керек.

2.6 Астықты тазалауға арналған жабдықтарды таңдау және есептеу

Нан тапсырушылардан келіп түсетін барлық астық негізгі талапқа жауап беретін кондицияға дейін қоспалардан тазартылуы тиіс.

Нан тапсырушылардан келіп түсетін астық массасы алдын – ала дөрекі және жеңіл қалдықтардан ажыратылады.

Жобаланатын нан қабылдау кәсіпорындары мен элеваторларда орнатылатын құрғақ дәнді тазалауға арналған сепараторлардың жалпы өнімділігін төмендегі формулалар арқылы анықтайды:

а) астық тазалау жабдықтарының саны өте аз кәсіпорындардың құрылысын жобалау үшін

б) құрылыстың жаңа ауданындағы істеп тұрған кәсіпорынның территориясындағы құрылыстың типтік жобалары үшін:

(14)

Мұндағы – сепараторлардың жалпы қажетті өнімділігі;

Пр – дайындау периодының ұзақтығы;

А1, А2, Ап–дайындаудың барлық периодындағы нан тапсырушылардан келіп түсетін берілген дәнді дақылдың мөлшері;

Кк1, Кк2 Ккп – дәнді дақылға қатысты жабдық өнімділігінің өзгеру коэффициенті.

Сепараторлардың қажетті санын Nсеп1 келесі формула арқылы анықтайды:

(15)

Мұндағы – А1-БИС-100 және т.б. сепараторының паспорттық өнімділігі,т/сағ;

–20 және 21 формулаларына сәйкес таңдалады.[1]

Триерлердің қажетті санын Nт келесі формула бойынша анықтайды:

(16)

Мұндағы – дайындау уақытындағы нан тапсырушылардан жобаланатын кәсіпорынға келіп түсетін астық массасының мөлшері;

Пр – дайындау периодының ұзақтығы, тәул.;

𝜓 – триерлерге тазалануға түсетін астықтың мөлшері.

QT – триерлердің паспортты өнімділігі, т/сағ.

Темір жол және су транспорты немесе порттық элеватордан жіберілетін астықты тазалауға арналған сепараторлардың қажетті санын Nсеп2 келесі формула арқылы анықтайды

(17)

Мұндағы - бір тәуліктегі су немесе темір жол транспортымен максималды қабылданатын астық көлемі (Рс, Вр), m;

К – тәуліктік максимальды қабылдауға келіп түсетін астықтың жалпы көлемінен қандай бөлігі тазалануға жіберілетіндігін ескеретін коэффициент;

Qcn – сепаратордың паспорттық өнімділігі, т/сағ;

Кк – жабдық өнімділігінің өзгеруін көрсететін коэффициент. Әр түрлі дақылдар келіп түскенде Кк орташа өлшенген көлем ретінде анықталады. Сепараторлардың жалпы санын ,,қосындысы арқылы анықтайды.

Өндірісітік элеваторларда астықты фракциялайды. Барлық типтегі элеваторлардың астық тазалағыш машиналарының үстіндегі және астындағы бункерлерінің сыйымдылығы астық тазалағыш машиналардың екі – үш сағаттық жұмысын қамтамасыз етуі керек.

Бункерлердің саны екіден кем болмауы тиіс.