Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
порт.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
307.07 Кб
Скачать

Дән сапасын қадағалайтын жабдықтардың есебі

Жобаланып жатқан өндіріс құрамына жүргізілетін жұмыспен қатар орталық, визировочный, цехтық зертханаларды да қарастыру керек. Кәсіпорын дайындау көлеміне байланысты алты топқа бөлінеді. 10-кестеде [1] 1 және 2-ні топ үшін барлық зертхана түрін қарастыру керек, ал 3-6 – қабылдағыш орталық зертхана.

Қабылдағыш зертхананың автомобиль таразыларымен біріктірілуіне рұқсат етіледі. Қабылдағыш зертхана үшін механизацияландырылған сынама алғыштар және сынамалардың орташа тәуліктік құрылғыларының формированиесін 11-кесте бойынша қарастырады.

10-кесте [1] - дайындау көлеміне байланысты кәсіпорын топтары: 1 топ

11-кесте [1] - сынама алғыштар саны және сынамалардың орташа тәуліктік есебін есептейтін құрылғылар: A1-УФО немесе А1-УПП – 4, A1-УФО – 2

Орта тәуліктік сынамаға арналған бункер саны: 50x2

2.7 Қалдықтарды өңдеу және сақтау

Элеваторларда қалдықтарды өңдеуді А1-БИС-12; А1-БЛС-12; А1-БЛС-16; А1-БМС-6 сепараторларында жүргізу қарастырылған.

Сепараторларда тазаланғаннан кейін алынған қалдықтар олардың құрамындағы астықтың болуына байланысты әр түрлі категорияларғ жатуы мүмкін (жарамдық астық массасының болуына байланысты).

Астықты алдын ала тазалау кезінде бір тәулікте бөлінген қалдықтың мөлшері G1 келесі формула бойынша анықталады:

(21)

Мұндағы – алдын ала тазаланатын астықтың көлемі;

С1 – 1,5% тең өңделген астық массасынан бөлінген қалдықтың мөлшері;

Кс – тәуліктік біркелкі еместік коэффициенті.

Изорециркуляциондық кептіргіштерде бір тәулікте бөлінетін қалдықтың мөлшері G2, т/тәул. Келесі формула арқылы анықталады:

(22)

Мұндағы - дайындау периодындағы келіп түскен көлемдегі ылғал және дымқыл астық мөлшері, %;

Ас – кептіруге жіберілген астық мөлшері, m;

С2 – өңделген астық массасынан бөлінген қалдықтың мөлшері, %. С2= 0,3.

Сепараторларда тазаланған астық массасынан бөлінген қалдықтың мөлшері G3 т/тәул. Төмендегі формула бойынша анықталады:

(23)

Мұндағы - тазаланатын астық мөлшері, т/тәул.,

С – бөлінетін қоспаның бастапқы құрамы, %.

Қалдықтардан тазалауға арналған сепараторлардың өнімділігін паспорттық өнімділігінен 0,4 коэффициентпен қабылдайды. Сондықтан сепараторлардың санын Nс.қалд. келесі формула бойынша анықтайды:

(24)

Мұндағы - фракция бойынша қалдықтардың мөлшері 26 - кестеден [1] таңдалады.

26 – кесте. [1] Фракция бойынша қалдықтардың мөлшері – 35.

2.8 Астық кептіргіштерді таңдау және есептеу

Астықты сақтау және өңдеу кәсіпорындарының реконструкциясы және жаңа жобалау кезінде анағұрлым прогрессивті жоғары тиімді астық кептіргіштер қолданылады.

Астық кептірудің көлемі Ас өндіріске арналған жоспарлы тоннада жалпы келесі формула бойынша анықталады

(27)

Мұндағы Аавт – дайындау периоды кезіндегі нан тапсырушылардан келіп түсетін астық көлемі;

Кв – кептірудің физикалық тоннасын жоспарлы тоннаға ауыстыру коэффициенті. Дайындаудың жалпы көлемінде ылғал және дымқыл дәннің көлемі бойынша 18 - кестеден [1] таңдайды.

18 – кесте. [1] Физикалық тоннаны жоспарлық тоннаға көшіру коэффициенті. Кв = 1,2

Типтік жобалар үшін Кв: құрғақ астықты аудандар үшін – 0,6; орташа ылғалдылықтағы астықты аудандар үшін – 0,8; ылғал және дымқыл астықты аудандар үшін – 1,2.

Кк.ср – кептірілетін дақыл түріне байланысты кептіргіштің өнімділігінің өзгеруін ескеретін коэффициент (орташа өлшенген).

Кн – астықтың тағайындалуын анықтайтын коэффициент. Азық – түліктік және фуражды астық үшін Кн= 1; дәнді дақылдар үшін Кн= 2; сыра дайындауға арналған арпа үшін Кн= 1,7.

Типтік жобалауға арналған кептіруді қажет ететін ылғал және дымқыл партия санын 19 – кесте [1] арқылы анықтайды.

19 – кесте. [1] Кептіруді қажет ететін ылғал және дымқыл астық партияларының саны Пр= 18.

Әр түрлі дақылдардың астық партияларының көлемін 9 – кестеден [1] таңдайды.

Дайындау периоды кезіндегі кептіруді талап ететін партиялардың көлеміне байланысты астық кептіргіштердің ұсынылатын өнімділігін 20 – кесте [1] бойынша қабылдайды.

20 – кесте. [1] Астық кептіргіштердің ұсынылатын өнімділіктері, 100 т/сағ.

Кәсіпорындағы астық кептіргіштердің типті өлшемдерінің саны 3-тен жоғары болмауы тиіс. Дайындау периодында бір астық кептіргіштің кептіретін астықтың көлемі Qт келесі формула арқылы анықталады

(28)

Мұндағы – астық кептіргіштің паспорттық өнімділігі, пл.тонна.

Kпер – астық кептіргішке бағытталатын партиялардың санына байланысты оның өнімділігінің төмендеуін көрсететін коэффициент, 21 - кесте [1] бойынша таңдалады.

Kд – жұмыс кезіндегі астық кептіргіштің өнімділігінің төмендеуін көрсететін коэффициент. Элеваторлар үшін Kд 1,0-ге тең;

Пр – дайындау периоды, тәул.

21 – кесте. [1] Астық кептіргіштің өнімділігінің төмендеуін көрсететін коэффициенттің мәні Kпер= 5.

Астық кептіргіштердің қажетті санын анықтауды 22 - кесте [1] бойынша жүргізеді. Мұнда әр түрлі партияларды кептіру кезіндегі әр түрлі өнімділіктегі астық кептіргіштерді кептірілетін астықтың көлемі келтірілген.

Астық кептіргіштерді жинақтағыш және оперативті сыйымдылықтармен бірге жобалайды. Жинақтағыш сыйымдылықтың көлемін астық кептіргіштің 3 тәуліктен кем емес жұмысын қамтамасыз етуіне байланысты анықтайды. Ылғал және құрғақ дәндер үшін оперативті сыйымдылықтардың көлемі астық кептіргіштің 8 сағаттық үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

22 – кесте. [1] Астық кептіргіштерде кептірілетін астықтың көлемі, пл.т. Пр= 24,3.

Бір астық кептіргіштің ылғал және құрғақ дәнге арналған оперативті және жинақтағыш сыйымдылықтарының ұсынылатын көлемін 23 - кестеден [1] таңдайды.

23 – кесте. [1] Астық кептіргіштерге арналған сыйымдылықтардың ұсынылатын көлемі. Оперативті сыйымдылық – 800 т;

Жинақтағыш сыйымдылық – 10000 т.

Астық кептіргіш топтарының көлемдік сыйымдылығын әрбір астық кептіргішке арналған көлемдік сыйымдылықтарының қосындысы арқылы есептейді.

Период бойы астық кептіретін астық кептіргішітің үздіксіз жұмысы үшін қажетті сұйық отынның мөлшері, Ет төмендегі формула арқылы анықталады:

(29)

Мұндағы Т – бір жоспарлы кептірілген астыққа қажет шартты отын шығынының нормасы;

Ас – дайындаудың барлық периодындағы кептірілетін астықтың жалпы көлемі;

КН.Т – табиғи отынды шарттыға қайта есептегендегі коэффициент. Солярлы май үшін КН.Т = 1,15-ке тең.