Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
порт.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
307.07 Кб
Скачать

2.9 Конвейерлер

Элеваторларда астықты тасымалдау үшін конвейерлердің келесі типтері ұсынылады: таспалық, шынжырлы, винттік.

Қабылдау түсіру конвейерлерінің өнімділігі орындалатын операцияның көлеміне байланысты онымен байланысқан нориялардың қуатын ескере отырып анықталады.

Силос үсті және силос асты конвейерлердің өнімділігі де сондай принцип бойынша анықталады. Қабылдау және жіберуге арналған конвейерлердің санын қажетті линиялардың санына байланысты анықтайды.

Силос үсті және силос асты конвейерлердің санын көлемдік – жоспарлық шешім бойынша анықталады, алайда оның саны бір мезгілде орындалатын операциялардың ағындарының санынан кем болмауы керек.

Таспалық конвейерлердің иілгіш бөлігінің көтеру бұрышы 14° жоғары болуына жол берілмейді. Конвейердің көтеру қисығының радиуысы 85 м-ге тең болады. Конвейер таспаларының жылдамдығын 2,8 м/с жоғары болмайтындай етіп қабылдайды.

    1. Астықты су жағалауынан қабылдау және жөнелту

Қондырғылардың тәулік ішінде қабылдау және жөнелту қабілеті Рс

(30)

Кеменің жалпы жағалауда тұру уақыты

(31)

Тиеу жұмыстарына кететін уақыт

(32)

Қондырғылардың жалпы өнімділігі

ғ (33)

Тәулік ішіндегі өткізу қабілеті

(34)

3. Бас жоспар

3.1 Құрылыс алаңын таңдау

Астықты сақтау қоймаларында, элеваторларда капиталды шығындар мен бір жерден екінші жерге орын ауыстырудағы шығындардың көп болуы көп жағдайда құрылыс алаңының дұрыс таңдалмай, дұрыс жоспарланбағандығына байланысты болып келеді. Сол себепті құрылыс алаңына көп көңіл бөледі. Астық сақтау қоймаларының құрылыс алаңы тек қана шығынды азайтып қоймай, сонымен қатар оның техникалық мүмкіндіктерін де қарастыруы тиіс.

Алаңды таңдаған кезде ең алдымен алаң көлемінің сыйымдылығын ескереді. Көлемін анықтағаннан кейін осы құрылыс алаңының келер болашақтағы сыйымдылығын (5…15жыл) немесе одан да арырақ болашақты ескерген жөн. Сонымен қатар ондағы жабдықтар мен қондырғыларды жылжыту немесе басқа да кәсіп орындарға шығару жолдарын қарастыру қажет.

Құрылыс алаңына қойылатын талаптар

Ғимарат салынайын деп жатқан алаңға үлкен талаптар қойылады. Таңдалынған алаңның жері тегіс болуы тиіс. Өйткені алаңды жоспарлауда жер жұмысының көп көлемімен жұмыс істемеу керек, яғни жерді дұрыстап, өңдеп, тегістеуге көп шығын кетпеуі керек.

Тағайындалған алаңның көлбеуі 0,003…0,03 аралығында болатындай етіп қабылданады. Олардың орналасуы жақын болса да болады, себебі олар арнайы темір жол станциялары нормаларымен тағайындалған. Ал егер ғимарат алаңы көл немесе өзен жағалауында орналасатын болса, онда батып кетпейтін жағалау және сол жердің құмы төмен түспейтіндей тығыз болуы керек. Осы жерде ескере кететін жайт, егер қатты жаңбыр немесе көл, өзен суы өз арнасынан көтерілген кезде ғимаратқа су жетпейтіндей болуы керектігін айту керек.

Ғимарат алаңының жер топырағы элеваторлар мен қоймалардың құрылысына сай келуі керек. Элеваторлар топырақ үстіне салынатан, іргетас астында өте үлкен салмаққа (3…4)10³ ие инженерлік құрылыстардың бірі. Сол себепті алаңның топырағына және оның қабілетіне көп көңіл бөлген жөн. Осы мақсатта жердің геологиялық құрылымын кең көлемде инженер– гоелогтық қарау жұмыстары арқылы жүргізеді.

Салынып жатқан өндірісті халық тығыз орналасқан жерге орнастырған жөн, тек дәл соның ішіне емес, сыртқа қарай. Осы арқылы болашақта жұмысшылар мен қызметкерлерді кәсіпорынға алу оңай болады. Халыққа қолайлы жағдайлар туындайды (балаларға мектеп, ауруханалар, дүкендер және т.б). Халық орналасқан жерлердің аумағынан қарастырған кезде желдің бағытын да ескере білу керек (роза ветров). Бұл жиналған дәндердің шаңын ғимарат төңірегіндегі мекен-жайға қарай емес, керісінше басқа жаққа қарай ұшып кетуіне байланысты қамтамасыз етеді. Ең бастысы ғимарат алаңында бұрын соңды ешқандай құрылыстың, үйлердің болмау тиіс, себебі егер болған жағдайда оларды бұзу керек болады. Ал осының өзі шығын.

Таңдалынған алаңға су жүйесін таңдау

Таңдалынған алаңға сапаға сай су жүйесі жақын болғанын да қарастыру керек. Өйткені элеваторда немесе жалпы қандай да бір кәсіпорынға су бірінші кезекте керек. Ал осы суды жақын маңайдағы ауылдардан немесе қаладан, темір жол станцияларынан тартып жүргізу мүмкіндігі бар. Бұндай жағдайлар болмаған мезетте артезиан скважинасын қолданады, яғни өздері су артезианын табады. Су жүйесі судың жеткілікті болуын және аяқ асты өрт жағдайлары болғанда өртке қарсы қолданатын су қорларымен қамтамасыз етілуі міндетті түрде қажет.

Ғимарат алаңына жарық жүйесін орнату

Элеваторлардың құрылысына алаң таңдағанда жарық жүйесін көршілес жарық станцияларынан немесе жоғары вольтты линиялардан алатындай етіп қарастырады. Жоқ болған жағдайда трансформатор орнатады. Сонымен қатар темір автомобильдер, авто жолдардың орналасуын, қажет болған жағдайда жағажайлардың болуын қамтамасыз етеді. Ғимарат таңдағанда техника-экономикалық бағалауларды басқа да тиімді болатын нұсқалармен салыстыру қажет.