Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

3. Айналадағы ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқару жүйесі

Табиғат қорғау қызметі мен табиғат пайдалануды басқару жүйесі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізгі ережелері ескеріле отырып әзірленген нормативтік құқықтық актілерімен айқындалуға тиіс.

Басқару жүйесінің негізге алынатын принципі заңдарда бекітілген мемлекеттік және шаруашылық басқару функцияларын бөлу болып табылады. Ол республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісінің негізгі құрылым жасамдық бірлігінің -облыстық шеңберінде оның физикалық-географиялық аудандарына экологиялық баға беру негізінде, ал су ресурстарына қатысты бөлігінде- өзендер мен су айдындарының негізінде жұмыс істеуге тиіс.

3.1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің институттары мен тетіктері

Республикалық, облыстық және өзге де деңгейлерде бірыңғай экологиялық саясатты жүргізу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табиғат қорғау органдары жүйесін жетілдіруді талап етеді.

Экологичлық қауіпсіздік тұжырымдасының іске асырылуы үшін жауапкершілік айналадағы ортаны қорғау саласында арнайы өкілетті мемлекеттік органға (Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі) жүктеледі, ол бұл қызметті облыстардың атқарушы органдарымен тығыз байланыста жүзеге асырады.

Айналадағы ортаға тигізілетін әсерді бағалаудың (АОӘБ) тәуелсіз жүргізілуін қамтамасыз ету үшін табиғат қорғау органдарының жергілікті атқарушы органдарға қандай да болмасын бағыныстылығына немес оларға тәуелділігіне жол бермегені жөн.

Табиғат қорғау органдарының стратегиялық және жедел әлеуеті олардың инфрақұрылымына ғана емес, басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне тәуелді болуға тиіс. Келешекте әртүрлі мемлекеттік органдардың табиғат қорғау шараларын нақты қызметіне өздерінің енгізуіне қол жеткізу қажет. Сол сияқты тиісті атқарушы органдармен, шаруашылық жүргізуші субьектілер мен қоғамдық бірлестіктермен тиімді ынтымақтастық пен үйлестіруді нығайтқан жөн.

Әрбір құрылым-жасамдық бірлік үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамсыз ету тетігі ретінде мыналар әзірленуге тиіс:

экологиялық паспортта көрсетілген айналадағы ортаның нақты жай-күйінің сипаттамалары;

табиғат пайдалануды төрт бағыт бойынша шектейтін нормативтік сипаттамалар;

а/ айналадағы ортаның ластануын шектеу;

б/ табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық тұрғыда рұқсат етілген шегін анықтау;

с/ экономикалық шектеулер- өндіріс салаларының тиімді және экологиялық қауіпсіздік құрылымын белгілеу;

д/ аумақтық жіктеулер- шаруашылық қызмет жүргізудің әртүрлі дәрежесі қамтылатын учаскелерді бөлуден оған толық тыйым салғанға дейін (қорықтар).

Әрбір облыс үшін әкім бекітетін айналадағы ортаны қорғаудың аумақтық кешенді схемасы (АОҚАКС) әзірленеді. Осы схемада айналадағы ортаға тигізілетін әсерді төмендету, тұрақты табиғат пайдалану және күзетілетін аумақтар жүйесін құру жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары пысықталады.

АОҚАКС негізінде мынадай экологиялық бағдарламалар әзірленеді;

h ұзақ мерзімді –республиканың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 21 ғасырға арналған Қазақстандық күн тәртібі;

h шұғыл- айналадағы ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі іс –қимылдың ұлттық жоспары (АОҚ және ТДІҚҰЖ).

Айналадағы ортаны қорғау саласындағы басым зерттеу бағдарламаларын қолдау мақсатында тиісті зерттеулер мен талдамаларды нысаналы қаржыландыруды жүзеге асыру және жеке сектордың, халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржы ресурстарын тарту қажет.

Табиғат қорғау қызметін тиімді басқару көбінесе экология саласында кадрларды даярлаудың сапасына да байланысты. Бұл орайда экологиялық заңдар, табиғат пайдалану экономикасы саласында дағдылар мен білімге ие болып, оларды жетілдіруге, айналадағы ортаға тигізілетін әсерді және тәуекелді бағалауға, экологиялық тексеріске, сондай-ақ жанжалды ахуалдарды реттеу әдістеріне ерекше назар аудару қажет. Бұған қоса басшы кадрларды даярлау бағдарламсына экологиялық саясатты әзірлеу әдістері мен оған баға беруді зерделеу кіруге тиіс.

Сол сияқты Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының тиісті бағыттарын іске асыратын басқа да мемлекеттік органдарының басшы қызметкерлері үшін айналадағы ортаны қорғау және тұрақты даму жөнінде арнаулы оқу бағдарламаларын көздеген жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]