Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
23_01_13_Akparattyk_ekonomika_O_1240_K_2012.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.37 Mб
Скачать

Дәрістер тезисі Кіріспе дәріс

Ақпараттанудың дамуы АҚШ-та 60 жж, Жапонияда 70 жж-дан соңынан Батыс Еуропада басталды. Қазіргі материалдық өндіріс және басқа да қызмет салалары ақпараттық қызмет ету мен үлкен ақпарат көлемін өңдеуді қажет етеді. Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогрестің заңдылықтарының бірі. Бұл термин осы уақытқа дейін кең қолданған «қоғамның компьютеризациясы» терминін ысыруда. Бұл екі түсінік ұқсас болғанымен олардың едәуір айырмашылығы бар. «Қоғамды ақпараттандыру» қажеттілікті қанағаттандыруға арналған ақпаратты тездетіп игеруге бағытталған және онда әлеуметтік-техникалық прогрестің мәні мен мақсаттарына көңіл аудару керек. Компьтерлер қоғамды ақпараттандыру процесінің негізгі техникалық құраушысы болып табылады. Компьтерлік және телекоммуникациялық технологияларды енгізу негізіндегі ақпараттандыру қоғамдық өндірістің ақпараттық секторында еңбек өнімділігінің артуы қажеттілігіне қоғамның іс-әрекеті болып табылады, онда жұмысқа қабілетті халықтың жартысынан астамы қамтылған. Мысалы, АҚШ-тың ақпараттық саласында жұмысқа қабілетті халықтың 60 %-ы, ал ТМД елдерінде 40 %-ға жуығы қамтылған. Ақпараттық технологияның экономикада алатын ролі маңызды. Қазақстан да осындай технологияларды қарқынды пайдалануға ұмтылуда. Бұны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та қолдап отыр. Осы жайлы өзінің «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Қазақстан халқына жолдауында былай деген: «Біз жоғары технологияларды енгізу мен инновацияларды қолдауға бағытталған бірыңғай мемлекеттік стратегия жүргізетін боламыз. Біріншіден, өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды негізге ала отырып, технологиялар трансфертін белсенді әрі байыпты жүргізуіміз керек. Сырттан жаңа технологиялар әкеліп, оларды жетілдіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізумен шұғылданатын конструкторлық бюролар мен жобалау ұйымдарының желілерін құруға жәрдемдесу қажет. Екіншіден, жоғары технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде венчурлық негізде қаржыландыруды қолдайтын құрылымдар жасақтау керек. Қазақстан ғалымдарының үздік әзірлемелерінің “сыртқа” кетуіне жол беруге болмайды. Үшіншіден, Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділігін көтермелеу шарт. Ғылыми-зерттеу және конструкторлық қызметтегі зор күш-жігер жеке меншік сектордың еншісіне тигені жөн. Төртіншіден, зерттеу жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстар жасауды бір жүйеге келтіру қажет, сонда ғана бұл жұмыстардың нәтижесіне экономиканың нақтылы секторында сұраныс туатын болады. Бесіншіден, зияткерлік меншік пен сауда белгілерінің қорғалуын нығайтып, технологиялық сектордың дамуына ықпал ету керек. Танысу мен қаржыландыру үшін ашық болатын инновациялар мен патенттер банкін құру қажет. Бұл – “Қазынаның” міндеті.» Елбасымыз әрдайым инновация мен жоғарғы технологияларды енгізуді қолдап отырады, осыдан ақпараттық технологияның Қазақстанның дамуында қаншалықты маңызды орын алып отырғанын көруге болады. Сондықтан бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға арналған. Бұл жұмысты біз екі бөлімге бөліп қарастырдық. Бірінші бөлімде ақпараттық технологияға анықтама беріп, оның қазіргі негізгі түрлеріне сипаттама беріп өтеміз. Ал екінші бөлімде ақпараттық технологиялардың елімізде қолдануын ҚР-да өндірілетін мұнайдың 65 %-ына жуығын тасымалдауды қамтамасыз ететін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мысалында атап көрсетеміз.

Республикада Алатау кентінде үндістандық Бангалорға ұқсас ақпараттық технологиялар паркі құрылуда, Бангалорда 230 көпұлтгы компаниялар орын теуіп, қала зертханаларында 25 мың инженер жүмыс істейді. Мұндай парктердің кұрылуы түсімдердің елеулі көзіне айнала алады. Үндістандык, хайтектің экспортқа шығарылатын өнімі 2005 жылға қарай 50 миллиард долларға жететінін айтудың өзі жеткілікті.Қазақстанда елді ақпараттандыру процесін жеделдету үшін құқықтық негіз жасалды. Біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптастыру туралы жарлық, ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру бағдарламалары қабылданды. 2003 жылдың мамырында "Ақпараттандыру туралы", "Электрондық құжат және электрондық қол кою туралы" зандар қабылданды. Электрондық қол қоюдың қабылдануы және заңнамалық тұрғыда қолданылуы көлемі жыл сайын өсіп бара жатқан электрондық сауда-саттықтыц жаңа көкжиектерін ашады. "Ғылым туралы", "Инновациялар туралы" қолданыстағы заңдармен қатар жаңа заңнамалық кесімдер бұл салада алға жарып шығу үшін жақсы тұғырнама жасайтынын атап өткен жөн.

Осы заманғы қазақстандық ақпараттық саясат жаңа инновациялық-технологиялық экономиканы елеулі түрде күшейтіп, жаңа индустриялык, прогресшіл құрылымы бар экономиканы құруы керек. Бұл процеске қатысушы барлық тараптардың жиі де тиімді өзара ықпалдасуы күткен нәтижені береді...»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]