Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_GRAMMATIKA.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
137.22 Кб
Скачать

9 Билет

Сабақтас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.

Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т.Абдрахманова.)

Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.

бақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:

  1. Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.

  2. Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл)

  3. Себеп бағыныңқылы сабақтас;

  • Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов)

  1. Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін,

  2. мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын,

  3. қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді.

  4. Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. 

10 Билет

Салалас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

1. Ыңғайлас салалас. да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.  2. Қарсылықты салалс. ірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, 3. Себеп – салдар салалас. себебі, сол себепті, сондықтан,  5. Талғаулы салалас. не, немесе, я, яки, не болмаса, 6. Кезектес салалас. кейде, бірде , біресе 

11 Билет

Лепті сөйлем. Адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен қолданылатын сөйлем лепті сөйлем деп аталады. Лепті сөйлемдердің мағыналары көңіл-күйіне, қуану, ренжу, таңдану, аяу, өкіну, қорқу сияқты мақсатта айтылады да, айтылу әуені, интонациясы өте асқақ, көтеріңкі болады. Мысалы: Пай-пай мына аттың жорғасын-ай! Туған күніңмен! Жолдастар! Мына үй қандай әдемі! (Как красив этот дом!) Да здравствует наша Родина! Қымбатты достар!

12 -13 Билет сойлем мушелери

Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мұшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:

  1. тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);

  2. тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).

14 Билет . Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.

Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? кімі? несі? қаншасы? т.б. деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Алмаз келді? Қыс түсті.

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, қасиетін көрсететін, сөйлемді тиянақты етіп тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш деп атайды.

Баяндауыш қайтті? не қылды? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Студент (кім?) жазды (не істеді?)

Мен (кім?) оқыдым (не істедім?)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]