Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_GRAMMATIKA.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
137.22 Кб
Скачать

21 Билет

3. Сұраулы сөйлем.

Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем 2 жолмен жасалады:

1. Сұраулық шылаулар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? Жанат үйде ме? Жұмысқа барасың ба?

2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?

Кейде сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Сен немене тоңып қалғанбысың? Бұл қайсың, Мұратпысың?

22 Билет

2. Бұйрықты сөйлем

Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.

1. Бұйрықты сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда соңына нүкте қойылады.

2. Ал кейбір бұйрықты сөйлемдер бұйыру, талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! Жүр жарысайық!

Бұйрықты сөйлем әртүрлі дауыс ырғағымен айтылады да, ІІ жақта тұрады. Мысалы: Маған кел! Жоғал! Кет әрі! Сөзді доғарыңыздар! Сыпыр еденді! Сабағыңды дайында! Шық үйден!

23 Билет

\ Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мұшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:

  1. тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);

  2. тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).

24 Билет Сөздің тура және ауыспалы мағыналары

Сөздің лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері бар:

  1. Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы.

  2. Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауыстырылып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы. Сөздің ауыс мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады.

Мысалы: Тура мағына Ауыспалы мағына

Терең көл терең ой

Ашық терезе ашық мінез

Домбыра шерту сыр шерту

25 Билет

Антонимдер – мағыналары бір, біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер.

Мысалы:аласа – биік, ұзын – қысқа, жақын – алыс т.б.

26 Билет

Синонимдер айтылуы әртүрлі, мағыналары бір – біріне жақын сөздер.

Мысалы:

  1. Адам, кісі - человек

  2. Ат, есім, ныспы - имя

  3. Әлем, дүние, жер жаһан - мир

27 Билет

Тұрлаусыз мүше дегеніміз - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасына топтасып, семантикалық жағынан толықтырып тұратын сөлем мүшелері. Тұрлаусыз мүшелерге анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш жатады.

  • Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді.

  • Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар.

  • Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]