Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсач.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
2.81 Mб
Скачать

Сурет 2. Қарағанды облысы, Шет ауданының кеден істерін жүргізу органы құрылымы

Аудандық кеден органының бастығы аймақтық кеден істерінің органдарының төрағасымен қызметке алынады және қызметтен босатылады.

Орган бастығының орынбасары, бас бухгалтер және кедендік төлем бөлімінің бастығы аймақтық кеден істерінің органдарының төрағасымен қызметке бекітіледі және қызметтен босатылады.

Кеден бастығы: кеден қызметінің бірегей қағидаларымен басқарады; кедендік органға қойылатын тапсырмалар мен қызметтердің орындалуына жауапкершілік алады; өзінің орынбасарларының арасында қызметтерді таратады және олардың жауаптылық деңгейлерін бекітеді; кеденнің құрылымын және штаттық кестесін бекітеді.

Қарағанды облысы, Шет ауданы бойынша кедендік бақылау органы қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі кадр саясатын жетілдіру болып табылады. Кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Кадрлармен жұмыстың басымды бағыттары айқындалған, оларға біліктілік талаптар белгіленген, ар-ождан кодексі, Кеден органдарының декларациясы және басқалар бекітілді.

2. ТАЛДАУ БӨЛІМІ

2.1. Пәндік аймақты сипаттау 

Ақпараттық қамтамасыздандыру. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қамтамасыздандыруы – кедендік құжаттарамалр мен файлдық деректердің біріктірілген жүйелерінде жүйелердің көрсеткіштері, классификациялар мен кодтау жүйелері. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары федералды меншікте болады.

Кеден органдарының ақпараттық жүйесін құрайтын құжаттар, ақпаратты құжаттау талаптарын, сонымен қатар ҚР заңнамасымен орнатылған басқа да талаптарды ескере отырып, ақпарат алмасудың электронды әдісі арқылы ұсынылады.

Қарағанды облысы, Шет ауданы кедендік органы жас ұйым болғандықтан машинадан тыс ақпараттық база қолданыста. Машинадан тыс ақпараттық қамтамасыздандырылуына келесілер жатады:

  • құжаттардың бірегейлендірілу жүйесі;

  • шығыс және кіріс құжаттары;

  • кедендік өңдеуден өткен келіп түскен және шыққан тауарлар тізімі.

Кедендік құжаттар арнайы журналдарда тіркеліп отырады. Кедендік бақылаудан өтетін таурлар қоймада сақталады. Олардың тіркелуі қоймада жүзеге асырылады. Тауарлардың қоймада сақталуы, сонымен қатар тауарлардың шығарылуы кедендік органға тауарларды тіркеу құжаттарының көрстілуімен жүзеге асырылады. Тауарларды қоймаға сақтау барысында тауар тасымалдаушы қысқаша декларация, өнімге деген спецификацияны, шотты көрсетеді.

Қоймада орналастырылған тауарлар міндетті есептеулерге жатады. Қойма иелері есеп жүргізеді және кедендік органдарға қоймаға кіргізілетін, сақталатын және шығарылатын тауарлар туралы есеп беруі қажет. Тіркеу жүйесін төмендегілер жатады:

  • тіркеу кітапшасы;

  • тіркеудің кедендік құжаты.

Кітапқа жазбалар келесідей ретте ендірілуі қажет:

  • орналастырылатын тауарлар туралы;

  • шығарылатын тауарлар туралы.

Кедендік құжат ретінде қысқаша декларацияны қолданады.

Тауарларды тіркеу үшін бухгалтерлік есептеулер және есеп берулерді жүргізу үшін қолданылатын құжаттар қолданылады, бұл құжаттарда міндетті түрде төмендегілер болуы қажет:

  • тауар атауы;

  • бірегейлендірілген тауар белгілері;

  • транспорттық құралдары;

  • кез-келген болуы мүмкін өзгерістер.

Тауарларды қоймаға орналастыру барысында қойма иесімен тіркеу құжаттарында тіркелуі қажет, бұл құжатта келесі мәліметтер болуы керек:

  • тауарларды орналастыру күні;

  • тауар атауы;

  • орын саны және нетто салмағы;

  • тауардың құжаттарының нөмірі;

  • шығарылған күні және оның сақталу мерзімі.

Кіріс құжаты тауар атауынан, мөлшерінен, салмағынан, нөмірінен тұруы қажет.

Кеден органдарының ақпараттық қорлары келесі ақпараттық үрдістерді жүзеге асыру кезінде қалыптастырылады және пайдаланылады:

  • кеден заңнамасымен алдын ала ескерілген ақпараттың енгізілуі, алынуы;

  • ақпараттың жинақталуы, өңделуі, жиналуы, сақталуы, ізделуі, талдануы және берілуі;

  • ішкі экономикалық келісім жасаған тұлғамен немесе ҚР кедендік шекарасында тауарларды пайдалану және ие болу құқығы бар тұлғалармен ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорттық құралдарды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу;

  • кеден органдарының құжаттамалық қамтамасыздануы.

  • кеден органдарының атқарушы өкіметтің өзге федералды органдарымен ақпараттық әрекеттестігі, оның ішінде заң сақтаушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, басқа да РФ (Ресей Федерациясы) заңнамасымен орнатылған жағдай және тәртіпке сәйкес ведомсталармен, ақпараттық әрекеттестік туралы келісім негізінде РФ-ның Президенті мен Басқармасының құқықтық актілерімен.

Бағдарламалық қамтамасыздандыру. Қарағанды облысы, Шет ауданы кедендік органында базалы бағдарламалық қамтамасыздандыру ретінде Microsoft фирмасының өнімдері қызмет етеді. Жұмыс станцияларының амалдық жүйесі Windows XP. Microsoft Office барлық құралдары қолданылады Excel, Word. Электронды почтамен жұмыс істеу үшін Outluook Express ҚБП қолданылады. Қолданбалы бағдарламалар пакеті қазіргі заманғы құралдарды қолданумен жүзеге асырылады.

Microsoft Office пакетінің осы ұйымда қолданылатын негізгі бағдарламаларының қатарына келесілер кіреді:

  • Microsoft Word;

  • Microsoft Excel;

  • Outluook Express.

Windows Office XP Proffessional амалдық жүйесінің мүмкіндіктері:

  • қосымшаларды орнату барысында көшіруден негізгі файлдарды қорғау;

  • драйверлердің сертификациясы;

  • қолданудың қарапайымдылығы.

Word мәтіндік редакторы құжаттарды, хаттарды құру үшін қолданылады. Excel кестелік редакторы түрлі графиктарды, диаграммаларды, реестрларды құру үшін қолданылады.

Microsoft пайдаланылған технологиялардың негізінде әзірленді. Ол үйдегі және кеңседегі компьютерде жұмыс істеуге қолайлы әрі оны пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Windows XP жүйелік ресурстарға қоятын талабы жоғары (оперативті есте сақтау 128 Мб-тан және қатқыл дискідегі кеңістік 2 ГБ-тан кем болмауы керек) [5, б.85].

Кәзірде Windows XP екі конфигурация бойынша шығарылады: Home Edition - үй шаруашылығына арналған дербес компьютерлер және Professional Edition - офистік ДК-ге арналған. Windows XP Home Edition комплектісіне көптеген бағдарламалар, мысалы бос уақытта пайдалануға арналған, хобби, демалыс және ойын-сауыққа арналған, арнайы мультимедиалық қосымшалар, графикалық және видео редакторлар, сонымен бірге интернетте жұмыс істеуге арналған утилиттер. Windows XP Professional көптеген бизнес-қосымшаларын камтиды, үлкен жергілікті желі жұмысын және қорпоративті рынок секторында пайдалану үшін, және оқып – үйрену, зерттеу тәжірибесіне арналған [6, б.23].

Windows XP жаңа қолдану интерфейсі мәселелі - ориентацияланған архитектурасымен құрылған. Бұл дегеніміз, кез келген жағдайда қолданушы көптеген жәрдемші дыбыстар көмегімен жедел түрде интерактивті жүйеге ене алады және файлдар құрылымдарына түрлі шаралар орындай алады. Егер сіз қандайда бір файл объектісін таңдасаңыз, мысалы, файл немесе бума, онда Windows-тың арнайы механизмі, Webwiew деген атауымен, автоматты түрде осы объектіге қолданатын түрлі іс-шаралар тізімін сізге ұсынады, және де оның қасиеттерінің сипатамасын бере алады.

Microsoft Windows XP ортасында жетілдіріп - жақсартылған іздеу әдістері арнайы утилит түрде берілген, оның атауы Search Companion. Объектілерді іздеуді жеңілдету үшін логикалық топқа біріктірілген, мысалы, "графикалық файлдар, өлен және видео" (Pictures, music and video), " Word құжаттары, Windows Excel және басқа бағдарламалар" (Documents Word, Excel, etc.), "барлық файл түрлері" (All file types). Жергілікті желідегі іздеу және Windows-тың анықтама жүйесіндегі іздеу жеке топқа біріктірілген немесе деректер қорының интеграцияланған көмекші орталығын пайдалануға болады.

Windows XP құрамына Fast User Switching деген арнайы механизм орнатылған, оны пайдалану мен жылдам, тіркеусіз операциялық жүйеге қосып, жаңа қоланушыны және қолданушылар тобын енгізуге болады. Мұнда әр қолданушы өздігінен өңдеуді өзгертуге және файлдар мен құжаттармен жұмыс істеуге, басқа қолданушыларға тәуелсіз құжат құруға, өзгертуге және сақтауға мүмкіндігі бар. Әр жаңа жұмыс сеансына ОЖ жоғаргы жад бөлімінде 2 Мбайт көлемінде арнайы орын беріледі, бұл көлем қолданбалы бағдарламалар санына әсер етпейді.

Кейінгі өзгерістер бойынша тәжирібесі аз қолданушы, оқыстан пайда болған мәселені шешу үшін, ешкімге телефонмен хабарласып түсіндіріп сұрап жатпастан, шешім қабылдауыңызға болады. Ол үшін, Windows XP ортасының Remote Assistance утилитасын қоладуыңызға болады, оның көмегімен жаңа қолданушының компьютерін бақылап тексеру арқылы мәселесін шешіп, оны қалай жөндеу немесе емдеу керектігін айта аласыз.

ОЖ жаңа сыртқы құрылғыларды қосуға және өңдеуге мүмкіндік беретін технология - Plug&Play саналады, ол өте жылдам орындалынады. Бірақ Microsoft Windows XP архитектурасына одан басқа да кеңейтілген стандартты Universal Plug&Play технологиясы қосымша орнатылған. Universal Plug&Play сіздің компьютеріңізге қашықтықта орналасқан сыртқы құрылғына жалғастыруға, және онымен өз компьютеріңіздегідей пайдалануыңызға мүмкіндік береді. Windows XP өздігінен қажет құрылғыны қосып, өңдеп бере алады. Барлық мәліметтер арасындағы алмасу "механикасы" желідегі қашықта орналасқан құрылғылармен компьютер қолданушысына көрінбейді – ол желінің қалай істейтінің ойланбастан, жәй ғәне өзінің жүйесін пайдалана береді. Windows XP әр компьютерге динамикалық өзіндік IP-адрес меншіктейді, соның арқасында әр түрлі сыртқы құралдар деректерді дербес алмасып тұрады [7, б.18].

Техникалық қамтамасыздандыру. Аудандық кеден органында бір модельде. Бұл компьютерлер көп жағдайда электронды хаттарды жіберуде, құжаттарды өңдеуде, хаттар жазуда қолданылады.

Техникалық құрылымы жағынан орташа және Pentium 4 типті компьютерлерден тұрады, оларды жиілігі 300 МГц – тен 2400 МГц-ке дейін, жедел жады 256-дан 1 Гб-қа дейін, дискілік жады 60-тан 200 Гб-қа дейін, мониторлары 17, 18 дюймдік.

Желілік бағдарламалық қамтамасыздандыруы - Windows XP Professional.

Мекемеде қарапайым «Шина» желісі қолданылады. Шина тoпoлoгиясын көбінесе "сызықтық шина" (linearbus) деп атайды. Берілген топология ең қарапайым және көп тараған топологиясына жатады. Онда магистраль не сегмент деп аталатын бір кабелді қолданады, оған желінің барлық компьютерлері қосылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]